Сенбі, 23 Қараша 2024
Өзіңе сен 3873 0 пікір 22 Ақпан, 2017 сағат 11:09

ЭКСПО-2017. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ МАҢЫЗДЫ ЖИНАЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушылардың III жиналысы өз жұмысын бастады. Бұл іс-шара халықаралық көрменің орталық және соңғы мәресі болып отыр. Халықаралық жиналыс - ЭКСПО-ны ұйымдастырудағы маңызды жиын. Жиналыс жыл сайын өтіп, халықаралық көрмеге қатысушылар мен қызығушылық білдірген тараптарға ақпарат алмасуға арналған үлкен мүмкіндік. Жиналыс 2 күн бойы (22-23 ақпан аралығында) өтеді.

2012 жылғы 22 қарашада Халықаралық көрме бюросының (ХКБ) 152-ші Бас Ассамблеясы кезінде Халықаралық көрме бюросына 161 мүше-мемлекет өкілдерінің құпия дауыс беруі барысында Астана ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу орны болып таңдалды. Астана өтінімін 103 мемлекет қолдады.

2014 жылғы 11 маусымда Парижде (Франция) Халықаралық көрме бюросы (ХКБ) Бас Ассамблеясының 155-ші сессиясы  өтті, оның барысында  «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі ресми мойындалып, Қазақстанға ХКБ-ның туы табыс етілді. Осы кезден бастап Қазақстан шетелдік қатысушыларды тарту, корпоративтік қатысушылармен келіссөздер жүргізу, Көрмені имидждік ілгерілетумен айналысу құқығына ие болды.

Астана қ. EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі 2017 жылғы  10 маусымда басталып, 10 қыркүйекте аяқталады.

ЭКСПО-2017 көрмесіне 100 мемлекеттің өкілдері қатысады деп жоспарлаймыз. Жалпы, 2 миллионнан артық келушілер күтіледі, олардың әрқайсысы шамамен 2 рет және одан артық көрмеге келеді. Осылайша, жалпы келушілердің саны 5 миллионды құрады. Жалпы келушілер санының 85%-ы қазақстандықтар болатыны күтіледі, ал 15%-ы – шетелдік мемлекеттердің азаматтары, олардың көпшілігі ТМД және Қытай мемлекеттерінен келеді. Сондай-ақ Еуропадан, Түркия мен АҚШ-тан туристер күтіледі.

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі басты тақырыбы – «Болашақ энергиясы». Бұл халықаралық қауымдастықтың жер шарына зор әсерін тигізетін энергияны тұтыну мәселесіне алаңдаушылығын көрсетеді. Көрменің негізгі мақсаты: жауапкершілікке шақыру, пікірталастарға ынталандыру және адамдардың жер шарында энергияны тұтынуын жоспарлау және бақылау қабілетін қалыптастыру, табиғатқа тигізер залалды барынша азайту. Осы міндеттерді жүзеге асыру «Адамзаттың орасан зор мәселелерін шешу» атты Көрме тақырыбының тақырыпшасы арқылы көрініс тапқан.

Көрменің басты тақырыбы тақырыпшалар арқылы ашылады:

• CО2 шығарындыларын қысқарту;

• Энергия тиімді өмір салты;

Барлығы үшін энергия.

Астана қ. ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу - Қазақстанның негізгі ұлттық жобаларының бірі. Біздің мемлекетіміздің елордасында осындай ауқымды іс-шараны ұйымдастыруға бастама көтерген ҚР Президенті Нұрсұтан Назарбаев болды.

Елбасының халықаралық беделі және жан-жақты қолдауы Астананың ЭКСПО-ны өткізу құқығына дауыс беруде маңызды жеңіс факторына айналды.

Қазақстан Президентінің көрмені өткізу жобасын өзінің жеке бақылауына алуына байланысты аталмыш жоба жылдам әрі сәтті дамуда. Астананы ЭКСПО-2017 қожайыны ретінде мойындағаннан кейінгі екі жыл ішінде ауқымды жұмыс жасалды: «Астана ЭКСПО- 2017» ұлттық компаниясы құрылды, Тіркеу құжаттамасы бекітілді, көрме кешенінің үздік жобасы бойынша халықаралық сәулет конкурсының жеңімпазы анықталды, ЭКСПО ұйымдастыру және өткізу туралы заң қабылданды.

Болашақ көрме мемлекеттің барлық өңірлерінің басын қосқан ұлттық жобаға айналды.  

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасап, Астана қ.  ЭКСПО-2017 өткізу туралы шешімнің тарихи оқиға болып табылатынын атап өтті.

- ЭКСПО көрмелерінде әлемнің барлық мемлекеттері өздерінің үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетеді. Олар жаһандық дамудың жаңа күн тәртібін қалыптастырады. Мұндай іс-шараларға барлық құрлықтағы ондаған мемлекеттің миллиондаған халқы қатысады. Аса бәсекелі күресте Астананың жеңімпаз атануы кездейсоқ құбылыс емес. Біріншіден, бұл біздің елорданы әлемдік дәрежедегі оқиғаны қабылдауға лайықты орталық ретінде мойындауы. Екіншіден, Қазақстанның пайдасына таңдау жасау мемлекет жетістіктерінің жоғары бағалануын куәландырып, оның, жалпы Еуразиялық аймақтың даму келешегін атап көрсетеді. Үшіншіден, біздің ұсынған «Болашақ энергиясы» тақырыбының өзектілігі де жеңіске оң әсерін тигізді. Ақырында, ең бастысы –Астанаға таңдау жасау бүкіл қазақстандық халықтың ортақ күшінің жемісі болды, - деп белгіледі Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл қазақстандықтарды жеңіспен құттықтап, оларға ЭКСПО-2017 лайықты деңгейде өткізу міндетін жүктеді. Қазақстан Президенті біздің мемлекеттің осындай аса жоғары міндетті орындап шығатынына сенім білдірді.

- Көрме мемлекет үшін үлкен сынақ болып қана қоймай, біздің жасампаз әлеуетімізді ашуға мүмкіндік береді. Астана қ. ЭКСПО республиканың инновациялық дамуына түрткі болады, – деп атап көрсетті Елбасы.

ҚР Үкіметінің қаулысымен 2013 жылдың қаңтарында барлық мемлекеттік және жеке құрылымдардың, демеушілердің, облыстардың, министрліктер мен мекемелердің қызметін үйлестіру үшін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы құрылды. 

Көрме кешенінің үздік жобасын анықтау мақсатында арнайы конкурс өткізілді, оған әлемнің түрлі мемлекеттерінен 50-ден артық  сәулетшілер қатысты. Конкурста «Adrian Smith+Gordon Gill Architecture LLP» америкалық компаниясы жеңіске жетті. Мұнда аталмыш компанияның тек құрылыста ғана емес, ал "жасыл энергетика" саласында да тәжірибесінің болуы ескерілді.

 ЭКСПО-ның бас ғимараты – бұл озық технологияларды пайдалану арқылы сфера түрінде салынатын Қазақстанның Ұлттық павильоны. Оның құрылысына ғимаратты сыртқы температура мен дыбыстан оқушаулайтын екі қабатты жоғары технологиялық берік шынылар қолданылады. Бұл павильон «жасыл технологияларды» пайдалануға негізделген үлгілік жобаға айналады.

Сфераның ішінде жоғары технологиялар мұражайымен қатар Қазақстан мемлекетінен, халқының тарихынан сыр шертетін мұражай орналасады.

Елбасы 2014 жылғы 24 сәуірде көрме кешенінің капсуласын қалау шарасына қатысып, ЭКСПО-қалашығының құрылысына жол ашты.

«Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенінің жалпы ауданы 174 гектарды құрайды, оның 25 га ЭКСПО-ның нысандары - Қазақстанның Ұлттық павильоны, халықаралық, тақырыптық және корпоративтік павильондар, сауда-ойын-сауық орналасады. Құрылыс жұмыстары кесте бойынша жүргізілуде. Барлық нысандарды 2016 жылдың қыркүйегінде пайдалануға беру жоспарланады. Бұл Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Ұлттық компания алдына қойған міндеті болды.

Сондай-ақ Ұлттық компанияға көрмеден кейін оның нысандарын пайдалану бойынша міндет жүктелді. Көрме аяқталғаннан кейін салынған павильондар мен басқа да нысандар жандана түседі деп жоспарланады. «ЭКСПО-2017» жоғары технологиялық инфрақұрылым базасында ерекше мәртебеге ие «Астана»  қаржы орталығы құрылады», - деп айтты мемлекет Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазіргі таңда ЭКСПО-2017 шетелде ілгерілету бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Мемлекет Президентінің атынан 139 мемлекетке және 12 халықаралық ұйымға ресми шақыру қағазы жолданды. Нәтижесінде, бүгінгі күні 112 мемлекет (Ресей, Германия, Жапония, Түркия, Израиль, Франция, Үндістан, Вьетнам, Армения, Пәкістан, Әзербайджан, Ангола, Беларусь, Сенегал, Грузия, Куба, Түркменстан, Сент-Китс және Невис, Либерия, Тәжікстан, ҚХДР, Румыния, Монако) және 18 халықаралық ұйым (ЭСКАТО, ОЭСР, ЮНИДО, ЮНЕСКО, МАГАТЭ, Дүниежүзілік банкі, ПРООН, ШЫҰ және тағы басқалар) өздерінің көрмеге қатысатындарын ресми түрде растады. 

Аbai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5343