Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
6464 0 пікір 20 Ақпан, 2017 сағат 11:44

ТЕГІ - АЛМАН. ӨЗІ - ҚАЗАҚ. БҰЛ КІМ?

Екі-үш күннен бері "You Tube" желісінде өзін "қазақстандық неміспін" деп таныстырған азаматтың қазаққа қатысты айтқандары қызу талқылануда.  

Ресей мен Украинаға шоғырланған немістерден гөрі Қазақстандағы немістердің тұрмысы көші ілгері екенін дәледі деректермен көрсете отырып сөйлеген алман азаматы "жер бетіндегі ең дархан, ең жомарт, ең қайырымды ел - қазақтар" дегенді айтады. Рас қой. Кесір жүйе кезінде теперіш көрген немістерге, тек немістер емес, Сәбет одағы саяси қоқыс ретінде қазақ даласына вогондап төккен көп ұлтқа құшағын ашқан қазақтың кеңдігі дәріптеліп айтылса, айтылуға тиісті ғой. Бірақ, соноу қиын-қыстау заманда құшағын жоқ-жітікке айқара ашқан қазақты бүгін мазақ қылып жүргендер аз ба? Сондай оспадарсыздыққа жаны күйген мына жігіт "қазақ үшін кімнің де болса маңдайын қасқитуға бармын" дегенді айтады. 

Бейнебаяндағы азамат Қазақстанда туып өсіпті. Ол өзін "қазақпын" дейді.

«Қазақтар біздің жер аударылып келген ата-бабаларымызға қамқор болды, нанын бөліп берді. Анау чешендерден, татарлардан, Балтық елдерінің өкілдерінен сұрап көріңіз. Кезінде Қазақстанға депортацияланған өзге ұлттардың 90 пайызы аман қалған. Кеңес одағының сарбаздары оларды азап лагерьлеріне жіберді. Ал қазақтар солардың балаларын бағып-қақты. Біз осының арқасында аман қалдық. Бірақ қазақтар ешқашан "біз міне, осындай ұлы халықпыз" деп кеудесін соққан жоқ. Олар ресейліктер сияқты емес. Қазақстанда туып-өскен бір досым Ресейге көшіп барған ғой. Сөйтсе, оған жергілікті тұрғындар күн көрсетпей қойыпты. Балаларына тиісіп, ақыр аяғында үйін өртеп тынған. Сөйте тұра ондағылар өздерін ұлы халық санайды, ал қазақтарға мұрын шүйіре қарайды. Жоқ. Меніңше, нағыз ұлы халық – қазақтар» дейді неміс ұлтының өкілі.

Біз әлеуметтік желіде жұлдызы жанған осы бір алман азаматына іздеу салдық. Бұл азамат Қазақстанның қай өңірінде туған? Қазақстаннан қашан кеткен, я не себеппен кеткен? Бұл кім? Ол туралы алдағы уақытта "Abai.kz" ақпараттық порталынан оқи жатарсыздар.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2047