Жексенбі, 13 Қазан 2024
Жаңалықтар 5326 0 пікір 27 Қаңтар, 2017 сағат 08:18

Елбасының үндеуі - жаңарудың жаңа қадамы

Бүгін облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-де Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Қазақстан  Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.

ОҚО Қазақстан халқы  Ассамблеясы төрағасының орынбасары М. Қалмұратов  жүргізіп отырған жиында облысымыздағы  этномәдени бірлестіктердің төрағалары  мен белсенді  мүшелері Елбасы  қабылдаған шешімнің маңызын талқыға салды.

Басқосуда сөз алған  облыстық татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрайымы Ася Мухамедова, облыстық иран этномәдени бірлестігінің төрағасы Нұрысбек Капар-Пур, облыстық «Ынтымақ» этносаралық  бірлестігінің төрайымы Гаухар Төлепова, «Қазақстанның орыс, славян және қазақ ұйымдары ассоциясы» ОҚО филиалының төрағасы Ю.Кирюхин  халықтың талқылауына  салынған Конституциялық реформаны Президенттің баршаға белгілі саяси қолтаңбасының жарқын көрінісі деп бағалады.

- Біз тарихи сәтке куә болып отырмыз. Елбасының Конституциялық реформалары туралы үндеуі елді жаңғыртауға бағытталған маңызды қадам болып саналады. Билік тармақтарының өкілеттіктерінің ауысуы мемлекеттік басқару жүйесінің жақсаруына оң әсер етеді.

Облысымыздағы  этномәдени бірлестіктер Президентіміздің үндеуін белсенді түрде халық арасында кең ауқымда насихаттауға атсалысады, -деді  өз сөзінде облыстық иран этномәдени бірлестігінің төрағасы Нұрысбек Капар-Пур.

0 пікір