Сейсенбі, 8 Қазан 2024
Елім-ай 6586 0 пікір 25 Қаңтар, 2017 сағат 12:42

ТІЛ ОТАР БОЛСА, ХАЛЫҚ ТА ОТАР

Орыс тілінен сақтаныңыз! 
Өзіңізді, балаларыңызды қорғаңыз! Тіл үйренейік, бірақ оның түбімізге түсіп кетуінен сақтанайық! 
Қараңыз, Халел Досмұхамедов осыдан 94 жыл бұрын қазіргі тіл мәселесін білгендей жазып, айтып кеткен. 
"Аурупа сөздері бізге орыс арқылы жалғасады… Сондықтан, орыс сөздерін қолданғанда сақтық керек. (…)
Мектепте ана тілін жақсылап оқыған балаға орыс сөздерін көпке дейін дұрыстап сөйлеу мүмкін емес. Біздің айтайын дегеніміз мынау. Орысша жақсы сөйлеймін деп мақтану керек емес, ойлаңқырау керек.
Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең бұл сүйініш, ана тілін білмей тұрып, орысша жақсы сөйлесең бұл күйініш".
Бұны Халел мырза 1923 жылы жазған екен. Содан бері ғасырға жуық уақыт өтсе де тілді орыс отаршылдығынан құтқара алмай отырмыз. Тіл отар болса, халық та отар деген сөз.
Мәселен, tengrinews.kz екі жаңалық жариялапты. Тақырыбын қараңыз: "В чем секрет "Казахского Витаса", покорившего сердца миллионов китайцев", "Российские эксперты дали оценку переговорам в Астане". Сырт қарағанда алып бара жатқан ешнәрсе жоқ. Бірақ, Димаш Құдайбергенді орыс әншісі Витаспен салыстырып, "Қазақтың Витасы" демеуге болар еді. "Қазақтың Витасы" деудің ар жағында ұлы орысшылдық сана, отарланған тіл, қамыт киген сана тұр.
Екінші жаңалықтың тақыбырын қараңыз. "Ресей сарапшысы Астанадағы Сирия келіссөздеріне баға берді" дейді. Неге орыс сарапшысы баға беруі керек? Біздің елде де мықты сарапшылар бар, дүниенің басқа тарабынан келген сарапшылар жетеді. Бірақ, ұлы орысшыл сана өз дегенін істетіп отыр. Ал, мұндай жаңалықтарды күніне миллиондаған адамдар оқып, әлгі тақырыптардың білінбес зарбадын сіңіріп жатыр.

Өміржан Әбдіхалықұлы

abai.kz

0 пікір