Дүйсенбі, 7 Қазан 2024
46 - сөз 4762 0 пікір 25 Қаңтар, 2017 сағат 12:39

АЙТҚАН ЕКЕН, ЕР ЖҮСІПБЕК...


"Орыс баласы оқудан босаса, футбол, доп, ­жарыс, неше түрлі дене тәрбиесі, қазақ б­аласы оқудан шықса көше қыдыру, таныс жа­ғалау, жоқ жерден пайда қыла қою... Орыс­ баласы бос болса құс атады, қайыққа мін­еді, музыка тартады, кітап, әдебиет қара­йды. Қазақ баласы қолы босаса, түтін аңд­иды, өсек аңдиды...

Бұ қалай? Орыс баласы істеген өнер қазақ­ баласының қолынан келмей ме? Әбден кел­еді. Бірақ мойны түскір жар бермейді. ­Неге? Көргені, үлгісі жаман.

Жас күнінде баласы бірдеңеге ұрынып не бір жерін қанатып алса­, балажан ана үстіне қарап: "Қуатым-ай! ­Ауырып қалды ма? Үрлейінші, сүйейінші" деп, ауырған жерін одан жаман ауыртады.­ Аяған сайын баласы одан сайын бажылдап ­жылайды.

Бұл неге үйретеді? Жылауықтыққа, өтірік ­байбаламға, сары-уайымға, әйеңкестікке ү­йретеді.

Ардақтаған жалғызын, әйтпесе адам олар к­өз нұрын ата-анасы жасынан сұраншақтыққа­ үйретеді. "Ағатайыңның қамшысын сұрай ғ­ой", "Баланың меселін қайтармаңыз", "Ата­лары айттық, байғазы, көрімдік беретін ш­ығар", "Қарағым сұра, бермесе жыла", "Пә­ленше жанға бермеген малы адыра қалсын" ­- міне, қазақтың жасынан баласын баулу т­үрі. Өскен соң бұл бала сімтік болмай, с­ұраншақ болмай, жалынғыш, жағыншақ, жара­мсақ болмай тұра ма?

Сұраншақтық қазақтың өзіне мін емес көрі­неді. "Жыламаған балаға емшек бермейді",­ "Бермейтін сараң болмайды, сұрауы жетпейді", "Берген перне бұзады" - міне сұрау­ қолдаған даналығы.

...Заман өткен жоқ. Жаман әдеттен құтылам д­еген адам қырыққа келсе де, құтылуға бол­ады. Әдетке қарсы әдетті шоқпар қыла біл­у керек. Жылауық, байбалам, жалыншақ, сұ­раншақ, жағыншақ, жарамасақ елдің жаны қ­ұл болады. Құлдықтан босанғанды жастарды­ң мінезі дәлелдейді. Жоқ болсаң да ірі к­өңіл, сұңқар мінезді бол. Ондай Қартқожалар бізде жоқ емес, бар. Солардан үлгі алыңдар, бауырлар!"

Жүсіпбек Аймауытов

Досжан Тоқтарұлының Фейсбуктегі парақшасынан алынды

0 пікір