Сейсенбі, 21 Қыркүйек 2021
Деп жатыр 2488 0 пікір 13 Қаңтар, 2017 сағат 09:40

ҚАЗАҚ БАЛАСЫ ГОЛЛИВУДТТЫ БАҒЫНДЫРУДА

Лос анджелестегі Нью Йорк киноакадемиясында тәлім алып жатқан  Хайрулла-Сұлтан Хисами есімді қандасымыз Голивудты бағындыруда. Үшінші курстың студенті бола тұра,  Ақтау қаласының  тумасы Хайрулланың кинотуындысы Калифорнияның  ең үздік  Official selection DMOFF және Finalist IndustryBoost Competition on IndieWise  фестифальдеріне енген деп хабарлайды Today.kz.


The Last Sin ("Соңғы күнә") деп аталған туындының  желісі  жас қыздың өмірінің тас талқанын шығарған шіркеу қызметшісінің іс-әрекетіне намысы оянған  гангстердің өш алуы жайлы баяндалады. 

Киноның түсірілімі  Калифорнияның Мохаве шөлінде өтті. Режиссердің айтуынша  күннің қайнап тұрған шағында сапалы дүние шығаруды мақсат еткен түсіру тобы ешбір құрал- жабдықты қолданбай  табиғи күн сәулесін пайдаланған екен.

Жас та болса болашағынан көп үміт күттіретін қандасымыз мұнымен тоқтап қалмай, басқа да кинофестивальдерге қатысуды көздеп отыр. Ал АҚШ-ғы оқуы аяқталысымен туған еліне оралуды жоспарлауда.

Өзінің сұхбатында; «Бүгінгі қоғамда  лауазымын пайдаланып, қылмыс жасайтын адамдар көп. Істеген істері үшін жауапқа  тартылу былай тұрсын  жазасыз құтылып жатқандары да аз емес. Осы мәселені көп ойланып, кино түсіруді ұйғардым . Сонымен қатар, Қазақстан киноиндустриясын дамытқым келеді, өз мемлекетімізді, мәдениетімізді кино арқылы танытқым келеді» деген екен Хайрулла-Cұлтан.

Дайындаған Бибігүл Жандарбекқызы

Abai.kz

0 пікір