Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 15478 0 пікір 18 Маусым, 2015 сағат 15:46

ИСЛАМ ТАРИХЫНДА ОРАЗА ТҰТУ ҚАЙ ЖЫЛЫ ПАРЫЗ БОЛЫП БЕКІДІ?

Мұсылман қауымына Рамазан айында ораза тұту көш реформасының екінші жылы «Ей, иман еткендер! Ораза тұту сіздерден бұрынғыларға парыз болғаны секілді, сіздерге де парыз етілді» (Бақара/183) деген үкімнің нәзіл болуымен парыз болып бекіді.

Имам Ахмад ибн Ханбалдың айтуына қарағанда, көш реформасынан кейін мұсылмандардың ораза тұтуында мынадай үш өзгеріс болған:

Біріншіден, мұсылмандар ораза тұту туралы жоғарыдағы аят түскенге дейін де әрбір айдың ортасында ай толған шақта үш күн және ашура күндері ораза ұстайтын. Ал, Мәдина дәуірінде тұтас Рамазан айында ауыз бекіту парыз болып бекіді.

Екіншіден, науқас және сапарда жүргендер мен қарттар, сондай-ақ, омырауында сәбиі бар аналар, өзге ауыз бекіткен мұсылманның ас-ауқатын берген болса, ораза тұтудың орнын толтырған болып есептелді.

Үшіншіден, мұсылмандарға ауыз ашып болғаннан кейін жұбайларына жақындауға рұқсат берілді. Яғни, көш реформасынан кейінгі екінші жылдан (624 ж) бастап Алланың разылығы үшін Рамазан айында ауыз бекіту мұсылман қауымына үрдіс болып қалыптасты.

Алла-Тағаланың разылығы үшін ораза тұту арғы атамыз Атам (с.а.у.)-нан қалған құлшылық болып саналады. Одан бертінде өмір сүрген бүкіл пайғамбарлар және олардың соңынан еріп, хақ жолын ұстанған жамағаттар да ауыз бекітіп, Ұлы Жаратушының разылығы үшін жан-тәнімен құлшылық қылған. Күллі адамзат баласына ортақ саналатын ораза тұту үрдісі осылайша бүгінгі күнге жетіп отыр.

Мұхан Исахан

Дерек көзі: http://e-islam.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5409