Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3091 1 пікір 3 Қазан, 2010 сағат 17:30

Юрий Захаров. Қазақтар орыстарсыз Мемлекет бола алмайды

Өткен аптада көрші ел «Шетелдегі отандастарға қатысты Ресейдің мемлекеттік саясаты туралы» заңға өзгерістер енгізді. Аталған заң әсіресе Ресейден тысқары жерде өмір сүріп жатқан орыстардың арасында үлкен пікірталас туғызды. Бұған Қазақстандағы жағдайларына үнемі көңілі толмай жүретін орыс-казак ұйымдарының басшылары да үн қосқан. Мәселен, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Юрий Захаров өз сөзінде Ресейдің сыртқы істер министрлігінің жұмысын сынға алыпты. Оның айтуынша, Мәскеу Ресей үшін аса маңызды стратегиялық өңір болып табылатын Қазақстандағы ықпалын сақтап қалу үшін ештеңе істемей отырған көрінеді. Төменде біз Юрий Захаровтың ИА REGNUM ақпараттық агенттігіне берген сұхбатын ықшамдап бердік.

ИА REGNUM: Сіздің ойыңызша, Ресей сырттағы отандастарына қатысты қандай саясат ұстануы керек?

Ресей өзінен тысқары жерде өмір сүріп жатқан орыс халқын қолдауы керек. Бізге орыс мәдени орталығын құру қажет. Бұл Ресейдің ТМД кеңістігіндегі, Азиядағы ықпалын күшейту үшін жасаған алғашқы қадамы болары еді. Өйткені бұл өңірлерден орыс тілі шештетілсе, Орыс ықпалы да азаятын болады. Бұған Өзбекстан, Қырғызстан мен Түркіменстандағы жағдай мысал. Жұртты орыс мәдениетіне тарту қажет. Орыс мәдениетін насихаттау керек бізге. Бұл үшін қаржылай қолдау қажет. Осындай орталықтар құрылуы тиіс. Орталықтардың біреуін емес, бірнешеуін құруымыз керек. Мен өз ақшама Герасим Колпаковскийге арналған ескерткіш тұрғыздым. Бірақ әлдебір вандалдар оны қиратып кетіпті. Оны қайта жөндеу үшін Орыс елшілігінен қаржы сұрап едім, олардың беретін түрі жоқ.

ИА REGNUM: Неге Қазақстандағы орыс ұйымдары орыс тілінің мәртебесін көтеруге атсалысайды? Бұны Ресейдің міндеті емес қой.

Барлығы уақыты келгенде болады. Біз ұлттық доктринаны жаңа ғана талқылап біттік. Ол қоғамда үлкен жағымсыз пікірталас туғызды. Біздің қоғам түбегейлі бетбұрыстарға әлі дайын емес, оны уақытыда келген жоқ. Бұл мәселе келесі президент сайлауында көтерілетін болады. Оған 2 жыл ғана қалды. Осы 2 жылдың ішінде Ресей Қазақстандағы орыстарды барлық жағынан қолдап үлгеруі қажет. Бізге мәдени орталықтар салып беріп, бизнеспен айналысуға ақша бөлуі тиіс. Мен талай рет осындай ұсыныс жасадым.

ИА REGNUM: Қазақстандағы орыс диаспорасы қандай саясат ұстануы тиіс деп есептейсіз?

Біз 20 жылдың ішінде талай жағдайды бастан өткердік. Тіпті тәуелсіздіктің алғашқы жылдары әсіре ұлтшылдықты да көрдік. Қателікке де бой алдырып, Дауласып та жүріп, біз ақырында барлығымыз біз кемеде жүргенімізді түсіндік. Қазақтардың орыстарсыз мемлекет құра алмайтынына көз жетті.  Өз күшімен мемлекет құру үшін олар әлі 18 миллионға көбеюі керек. Президент, орыстардың жүздердің арасындағы татулықты сақтауға қағылған сына екенін жақсы түсінеді. Өйткені орыстар Қазақтардың өзара қырықпышақ болуына жол бермейді. Біз осындай ұстаныммен алға жылжып келеміз. Бізге үнемі қолдау көрсететін жиырмаға жуық шенеунік бар. Олар орыстардың жақсы өмір сүруіне ең алдымен Қазақтардың өзі мүдделі болуы керектігін жақсы біледі. Ал ресей елшілігі бізді түсінгісі келмейді. Олар бірнәрсені білуі тиіс. Қазақтар ешқашан өз жерінде Ресейдің мемлекеттілігін құрмайды. Әйтпесе егемендігі жоғалады. Бірақ Қазақстан халқының 35 пайызын құрап отырған орыстарға билік органдарына жол ашылуы тиіс. Заңды осы мәселе қаралуы керек. Егер орыстардың саны 30 пайыз болса, олардың биліктегі үлесі де сондай болуы қажет.

Дайындаған Жолымбет Мәкішев.

Сілтеме: http://www.regnum.ru/news/polit/1306147.html#ixzz10oCUfhd9

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347