Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5685 0 пікір 5 Наурыз, 2015 сағат 17:07

Тоқтар ЖАҚАШ. Қалаулымыз нені қаламайды?

Жақында парламент депутаттары жалақысын қысқартпау үшін бір ауыздан дауыс беріп, қоғамда біраз дау тудырды. Меніңше, осы тақырыпты телеарнадағы әріптестеріміз таразыға салмай, жеңіл өтіп кеткен сияқты. Ал, кез-келген депутаттың әлеуметтік мәселесі - сол елдің экономикалық әлеуетін, күш-қуатын білдіруі тиіс. Сондықтан, алдымен "басқа мемлекеттер депутат корпусын қалай ұстайды? Шығындары қанша?" деген сұраққа жауап іздеп көрелік. 
1. АҚШ конгрессмендері мен сенаторларының айына алатын жалақысы 14,5 және 16,1 мың доллар. Мұны дөңгелекетесек - АҚШ бойынша орташа жалақыдан 5 есе жоғары екен. Сенаторлар мен конгрессмендердің заңгер, экономист, күзетші сияқты көмекшілерінің еңбекақысы заң бойынша жылына 50 мың доллардан аспауы тиіс. 
2. Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының депутаттары айына 420 мың рубль алады. Салыстырмалы түрде алсақ - бұл жалақы - Ресейдегі орташа айлық табыстан 14 есеге көп. Сондай-ақ, Мемлекеттік Дума депутаттарына арналған тегін емделу, ұшақтармен ұшу, арнайы санаторийлер сияқты көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Көмекшілерінің өзі сан жетпес тұтастай армия дерсің!
3. Украина Жоғарғы Радасының депутаттары қазіргі қиын жағдайда бюджет шығынын 1 миллиард гривенге қысқартты. Сөйтіп, қазір қолдарына 6,1 мың гривен жалақы алады. Елдегі орташа айлық-жалақымен салыстырғанда бұл 6-7 есеге көп. Ал депутаттардың көмекшілеріне айына 20 мың гривен ғана бөлінген. Сондықтан, қанша көмекші ұстайтынын әр депутаттың өзі шешеді. 
4. Қазақстан Мәжілісінің депутаттары ай сайын қолдарына 497 мың теңге алады. Бұл елдегі орташа айлық-жалақыдан 3,5-4 есе көп. Қос палатадағы халық қалаулыларына жыл сайын жұмсалатын шығын 15 млрд теңгенің көлемінде. Депутаттарымыздың көмекшілері ресейлік әріптестеріне қарағанда 5 есе аз. 
Яғни, салыстырмалы түрде алсақ - біздің депутаттарымыздың жағдайы экономикалық жағынан әлсіздеу, соғысып жатқан Украина депутаттарымен шамалас. Меніңше, халық қалаулыларының жалақысын емес, аппаратын, көмекшілерін, тіпті қажет болса Сенатты қысқартқан дұрыс сияқты.

(Жазба автордың facebookтегі парақшасынан алынды)

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377