Сенбі, 23 Қараша 2024
Өз сөзі 5514 0 пікір 18 Ақпан, 2015 сағат 16:40

АЛМАС НҰРАЗХАННЫҢ БӨТЕН ОЙЫ БОЛМАПТЫ...

Қазақ хандығының 550 жылдығының басты ен-таңбасына қатысты жұрт арасында қызу пікірталас туғанын әлгінде ғана «ЕН-ТАҢБА ЕЛГЕ ЖАҚПАЙ ҚАЛДЫ...» деп жазған ек, (қараңыз: http://abai.kz/post/view?id=2922) айтып ауыз жиғанша логотип авторы «Қазнет» қолданушылардың ашу-ызасын тудырған жайтқа түсініктеме беріпті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлады.

Алмас Нұразханның (суретте) айтуынша, Қазақ хандығының 550 жылдығының басты ен-таңбасына қатысты жарияланған байқауға кәсіби маман ретінде бірнеше нұсқа жолдаған. Ол тіпті өз жұмыстарының сайыста жеңіп шығатынына сенімді де болмаған екен. Байқау қортындысында, автордың сынға ұшыраған ен-таңба нұсқасы комиссия тарапынан таңдалған. «Менің басқаша ойым болған жоқ, бұл байқауды өткізушілердің таңдауы. Олардың шешіміне ықпал ете алмаймын ғой...» депті Алмас мырза ағынан жарылып. Айтпақшы, байқауды жариялап, ен-таңбаны таңдаған Қазақстанның рухани даму қоры болатын. Ең қызығы... Алмас Нұразхан ҚР Ұлттық музейі директорының бірінші орынбасары қызметіне келгенге дейін аталған қоғамдық қорда басшылық еткен екен. «Маған байланып қалған ештеңе жоқ, егер ен-таңбаның үздік нұсқасын жасап шыққан адам болса, мен алған сыйақыны соған беруге әзірмін...» дейді жеңімпаз.

Абай.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383