Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 5252 0 пікір 5 Сәуір, 2017 сағат 13:38

Қожамжаров мырза Қонай Масипханның хатымен танысып шықты

Бүгін Алматы облысы, Іле аудандық сотында кәсіпкер Қонай Масипхан мен Бақытбек Тұтубаев арасындағы соттың кезекті отырысы өтті.

Бұл жолы сот процессіне жәбірленуші тарап өкілдері қатыспады. Арызданушы Бақытбек Тұтубаевтың қорғаушылары мен прокурор және айыпталушы Қонай Масипхан мен оның қорғаушылары қатысқан сот отырысы деректердің жеткіліксіздігінен кейінге шегерілді.

(Асқар Тұтубаев)

Қонай Масипханның бізге жолдаған Ашық хатында бұл даулы іске Алматы облысындағы лауазымды қызметкер Асқар Тұтубаевтың қатысы бар делінген. Бұл жолы Сот төрағасы айыптаушы тараптан (прокурордан) Асқар Тұтубаевты Сотқа шақыртуды талап етті.

Ал бұған дейін БАҚ-та жарық көрген Қонай Масипханның жанайқай хатына қатысты жәбірленуші әм арыз беруші Бақытбек Тұтубаев пен Асқар Тұтубаевтан пікір білмек болған әрекетіміз сәтсіз болған.

Бүгінгі сот отырысынан кейін арызданушы Бақытбек Тұтубаевтың қорғаушысы болған жайды баяндап беру үшін Бақытбек  Тұтубаевтан бізге сұхбат беруін сұрайтынын айтты.

Айта кетейік, кәсіпкер Қонай Масипханның БАҚ-қа жариялаған ашық хатымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров мырзаның танысқаны мәлім болды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3219
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5273