Қазақ саясаттанушылары: Қырғызстанда өткен сайлау қазақ билігін ойландыруы қажет
Нұрлан Ерімбетов
Кеше түске таман қақтығыс басталып кете ме деген ой болды. Бірақ, жаңалықтардан қарап отырсам, барлығы ойдағыдай өтіпті. Сондықтан, бұл біз үшін емес, қырғыз ағайындар үшін үлкен алға басушылық деп есептеймін. Қақтығыссызда мәселе шешуге болады екен.
Қырғызстан бұл күнге қиын жағдайды бастан кешіре отырып жетті. Бұл бізге үлгі болатындай жағдай. Бірақ тек нәтижесі. Ал, оған баратын жолды мен қабылдамаймын. Ұрыссыз, қақтығыссыз осындай дәрежеге жетсек, ол Қазақстан үшін үлкен жетістік деп есептеймін. Алайда, Қырғызстанның осы бес жылда адам өлімі, драма арқылы өткен жолын мен қабылдамаймын. Сондықтан, біздің билік үшін бұл үлкен сабақ болуы керек сияқты. Осыдан біз дұрыс нәтиже шығаруымыз керек секілді. Себебі, осындай жағдайға бейбіт жолмен жетуге болады.
Расул Жұмалы

Бір ғана күн өтті ғой. Менің білуімше, екі-үш партия алға шыққан сияқты. Сайлаушылардың белсенділігі тұрғысынан кешегі өткен Қырғызстандағы сайлау өркениетті түрде өтті деп санаймын. Сайлау науқанының өзі бірталай қиыншылықтарға тап болады деген жорамалдар Құдайға шүкір, дәлелденбеді. Ал енді парламентті қандай партиялар жасақтайды дегенге келсек, меніңше, көрші елдегі саяси элиталардың ауыз бірлігі маңызды. Сондықтан, елдің тағдырын ұйымдаса отырып шешсе, құба-құп. Бірақ, меніңше, жағдайдың бірден реттеліп, бірауыздылықтың болатынына жүз пайыз алғышарт әлі де орнамай отыр. Парламенттік жүйеге өту үшін де белгілі бір тәжірбие керек. Ал, Қырғызстан оны жинап үлгерген жоқ. Қырғызстандағы соңғы кезде қалыптасқан мәселелерді шешу үшін жаңа жүйе белгілі бір дәрежеде кедергі келтіруі мүмкін. Бұл бір жағынан. Екінші жағынан, орталықтандырылған билік жүйесін әлсіретуі де мүмкін. Бұрын бір президент болса, енді парламентте 110 депутат болса, соншалықты мини президенттер пайда болады дегенде жорамалдар айтылуда.
Көрші елдің әлеуметтік-экономикалық, ішкі саяси жағдайы шиеленісе түссе, бұл әлбетте, Қырғызстанның шекарасымен шектеліп қалмайды. Аймақтағы тұрақсыздықтың әлсіреуіне өзінің кері әсерін тигізеді. Қазақ -қырғыз шекарасы арқылы өтетін тауар айналымы да шектелді. Бұлда өз кезегінде белгілі салаларға кері әсерін тигізеді. Қырғызстанның су ресурстары да біздің оңтүстік аймақтарға келіп тұрады. Жалпы, аймақтағы кез келген мәселені алып қарайтын болсақ, оны бес мемлекеттің ауыз бірлігінсіз, одағынсыз шешілмейтіні анық.
«Абай-ақпарат»