Досқалиевті қамауда ұстау мерзімі 2 айға ұзартылды; қаржы полициясы пара алды деген айып тақты; ол тергеу оқшаулағышына ауыстырылады
Астана. 12 қазан. ҚазТАГ – Айнагүл Бекеева. Астананың №2 Сарыарқа аудандық сотының судьясы Галина Былкилова экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевті қамауда ұстау мерзімін 2 айға ұзарту туралы өтінішін қанағаттандырды. Бұл туралы қаржы полициясының ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті.
«Үстіміздегі жылдың 11 қазанында қаржы полициясының органдары Досқалиевке билікті асыра пайдаланды және аса ірі көлемде пара алды деген айып тақты. 12 қазанда айыпталушыға қатысты қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтініш енгізілді, оны прокуратура органдары толықтай қолдады. Осы күні Астананың Сарыарқа аудандық соты Досқалиевті қамауға алуға санкция берді. Айыпталушы Астананың тергеу оқшаулағышына ауыстырылады», - деп мәлім етті ол сейсенбі күні ҚазТАГ агенттігіне.

Бұрын хабарланғандай, қаржы полициясы бұрынғы денсаулық сақтау министрін 21 қырқүйекте ұстап, сол күні оған қатысты қызмет бабын асыра пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ведомствоның мәліметінше, 25 қырқүйекте Ж. Досқалиев күдікті ретінде Астана ІІД-нің уақытша оқшаулағышына қамалды, ол жерде оның қан қысымы көтеріліп, 26 қазанда инсульт алды деп ұлттық ғылыми-медициналық орталығына жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалады. Осыған байланысты 27 қырқүйекте Сарыарқа сотының судьясы қаржы полициясының Ж. Досқалиевті қамауға алу туралы өтінішін қанағаттандырған жоқ.
Кейін қаржы полициясы күдікті жауапкершіліктен құтылу мақсатында өтірік ауырған болып жатқаны туралы мәлімдеме жасады.
Экс-министрдің палатасына орнатылған жасырын бейнекамерамен жасалған бейнетаспаның негізінде аудандық соттың судьясы оны 10 тәулікке қамауға алуға санкция берді.
Ж.Досқалиев 2005-2006 жылдары қазақ медициналық академиясының ректоры болғанда жол берген бұзушылықтары үшін айыпталып отыр.
Тергеу мәліметіне сәйкес, Ж. Досқалиев жеке мүдделерін көздеп, академияның жер телімдерінде тұрғын үй кешендерін салу туралы келісімшартқа отырған. Құрылысты аяқтаған компания Ж. Досқалиевтің бас сенімхаты бойынша пәтерлерді академияға қатысы жоқ адамдарға нарықтық бағамен сатқан. Ж. Досқалиевтің өзі екі пәтер мен коттеджге ие болған. Аталған жер телімдері академияның оқытушыларына арналған.
Мұның алдында қаржы полициясы министрдің тағы бір заңсыз әрекетін жариялады. 2009 жылдың қарашасында Ж. Досқалиев сыйымдылығы 240 орын, құны Т8,5 млрд болатын жедел жәрдем ғылыми-зерттеу институтын іске қосуға бұйрық берген. Нысанның құрылысы сапасыз орындалып, жабдықтары мен жиһаздары жетіспеген. Осыған қарамастан ол халықаралық стандарттарға жауап береді деп іске қосылған.
Сондай-ақ, қаржы полициясы Ж. Досқалиевке қатысты аса ірі көлемде пара алу фактісі бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғады. Ол пара ретінде 6 пәтер алып, біреуін жақын туысының атына рәсімдеп, бесеуін сатып жіберген.