Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Билік 5165 8 пікір 12 Сәуір, 2017 сағат 15:17

Зиялылар Елбасының мақаласында айтылған жайларды талқылады

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада осы ведмствоға қарасты қоғамдық кеңес төрағасы Мырзатай Жолдасбековтің төрағалығымен алқалы бас қосу өтті, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Бұл жиын «Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі санында жарияланған Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласын талдауға арналды.

Жиынға қатысқан академик Ғарифолла Есім, профессорлар Қажығали Мұхамбетқали, Намазалы Омашевтар өз ойларын ортаға салып, Елбасының мақаласын үлкен ықыласпен оқып шыққаннан кейін едәуір ой түйгендерін әңгіменің арқауына айналдырды.

Әсіресе Елбасы айтқан «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» деген даналық сөзі қай-қайсымызды болса да рухтандырары сөзсіз.

Елбасының мақаласындағы тағы бір дана сөзіне, яғни «Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күй­лері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана» деген ойына тоқталған «Астана-Опера» театрының бас директоры Ғалым Ахмедияров пен «Қазақ әуендері» АҚ-ның басшысы Асхат Маямеровтер қазақ мәдениетін тірілтуге қатысты өз ойларын ортаға салды.

Ал, Тілдерді дамыту және қоғамдық саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Мелдешов латын әлібиіне көшудің қажеттілігі туындағанын тілге тиек етіп, Елбасының бұл ұсыныстарын барынша қолдайтынын жеткізді.

Шыңғыс Бердіқожа

Aбай-ақпарат

8 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2065
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4931
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4129