Мырзағали Айсарин. Баяғы Олжас, сол Олжас...
Кеше ғана Кобзоны талған, қонағы толған Астанадағы Әлемдік рухани мәдениет форумының отырысында планетарлық ой мен ойынның аса белсенді қайраткері Олжас Сүлейменов тағы да көзге түсті. Оның ойынша, жаңа заман тарихы туралы жазылған оқулықтардың барлығын да қайта қарап, қайтадан жазып шығу керек екен...
Париждік жерлесіміздің пікірінше, оқулықтарды саяси, тарихи ақтаңдақтардан тазарту мақсатында емес, оларды «басқа халықтарға деген ыза мен өшпенділіктен арылту» үшін қайта қарауымыз қажет. Себеб,і оқулықтардағы осындай олқылықтар келер ұрпақтың миына салынған «ұзақ мерзімді әрекет миналары» рөлін атқаруы ықтимал көрінеді.
Осыған орай, Олжас ағамыз дүниежүзілік деңгейде арнайы заң қабылдап, сол арқылы тәуелсіз елдер мен мемлекеттердің үкіметтеріне тиісті ықпал етуді қажет санайды(?)
«Мен бұл құжатты ЮНЕСКО-ға апарып, Қазақстанда жиналған адамдардың барлығы да бейбітшіл мәдениетті қалай қолдайтынын көрсетемін. Себебі соғыстардың барлығы мектептен басталады. Біздер бейбітшіліктің білім беру саласының ең төменгі сатысынан басталуын қамтамасыз етуге міндеттіміз» - деді қазақтың орысша жырлайтын «гениі».

Бұған не дейік? Біздер алыстағы ағамыздың құстың келуі мен қайтуы кезінде елге оралып, қазақ қауымын дүрліктіріп кететініне әбден үйреніп қалдық. Ол кісінің біресе «ұлтшылдарды» жынды деп, біресе өз тілі мен мәдениетін қорлайтын пікір айтатыны көндікті шаруа болғалы қай заман! Енді бізге жетпегені - «тарих оқулықтарын бейбіттендіру» екен! Өз тарихымыз бен руханиятымызды жетік біле алмай, Алаш пен Аштықты ашық айтаудан безіп жүрген кезде оқулықтарды «бейбіттендіру» оларды космополиттендіруге апармай ма?
Олжастың да ойы түсінікті. Әрі кетсе меңзегені - орыс атаулыны, Ресей дегенді жау қылып көрсетпеу болар. Алайда, ғасырлар бойы жалғасқан қанды отарлауды, ұлтқа жасалған геноцидті қалай ұмытайық? Асылдарымыздың сталиндік абақтыда қалай атылғанын, Желтоқсанның аязында замандастарымыздың қалай үсіп қатқанын келешек ұрпақтан қалай жасырайық? Егер өткенімізді өзіміз бастап ұмытатын болсақ, балаларымыз бен немерелеріміздің көзіне қалай қарамақпыз?
«Тарихты тапаншамен атсаң, ол саған зеңбірекпен жауап береді» деген сөз бар. Тарихымыздың түгенделуіне, оның ұлттық идеяға қызмет етуіне қарсы былай да көптеген жосықсыз, жолсыз қадамдар жасалып жатыр. Тарих оқулықтарын Ресейден маман алып келіп жазғызу керек деген бір білім министрі бүгін Түркиядағы патшаның мүлкіне қарауыл болып кетті. Жаңасының осындай космополиттік оттамаларды тыңдай-тыңдай қандай қадамға баратынын бір құдай ғана біледі. Әйтеуір, қазақ халықы аман болсын деп тілейік.
Не болса да абай болайық, абайшыл болайық, ағайын!
«Абай-ақпарат»