Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Билік 6074 8 пікір 25 Сәуір, 2017 сағат 10:39

Болашаққа бастайтын жол

Болашаққа бастайтын жол

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

«Егемен Қазақтан» газетінде «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» тақырыбында жарық көрген Сіздің еңбегіңіз өзінің терең мазмұны және мағынасымен біздің ұжымды қатты толғандырды. Әлемдік қауымдастықта орын алып отырған ғаламдық өзгерістер жағдайында, еліміздің жарқын болашағына тікелей байланысты тапсырмалар алға қойылғандықтан, бұл мақалаңыздағы ұсыныстарыңызды толық әрі қызу қолдаймыз. Ұлттық сана мен рухани жаңғыруға серпін беретін Сіз атап өткен бірнеше бағыт − біздің ұлт ретінде әлем сахнасынан лайықты өз орнымызды алатынымызға толық сенеміз. «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады» деген сөзіңіз бізге үлкен қуат береді. Сондықтан, біздің әрқайсымыз және ұлтымыз ХХІ ғасырда осындай қасиеттерге ие болуымыз керек.

Құрметті, Нұрсұлтан Әбішұлы!

Сіздің прагматизм және ұлттық бірлікті сақтап қалу мәселесіндегі сүбелі ойларыңыз бізді терең ойға қалдырды. Осы жерде Сіздің тікелей бастамаңызбен құрылған әлемде теңдесі жоқ Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі жоғары тұрғанын ерекше атап өтеміз. Бұл қоғамдық-саяси ұйымның өміршең екендігін уақыттың өзі дәлелдеп, республикамыздағы ұлтаралық татулықты сақтауға шексіз үлесін қосып келеді. Сонымен қатар, Сіз қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі қағидаларын қалыптастыру жөнінде ұлт алдына басқа да міндеттерді қойып отырсыз. Олардың ішіндегі ең негізгілерінің бірі − қазақ тілінің біртіндеп латын әліпбиіне көшуі болып табылады. Біз, мұның уақыт талабынан туындап отырғанын жақсы түсінеміз. Одан басқа ұлттық экономиканың өрлеуінің басты өзегі заманауи ғылым қауымдастығының жаңалықтарын жас ұрпаққа беру болып табылады. Осыған байланысты, Сіздің ұсынысыңызбен «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы қолға алынып отыр. Осының бәрі тарих, саясаттану, әлеуметтану және т.б. ғылымдар төңірегінде жастарымызға толыққанды білім алуға көмектесетініне кәміл сенеміз.

Сіздің идеяңыз − болашаққа жол бастау! Оның барлық міндеттерін орындау ұлттың рухани жаңғырып кемелденуіне сөзсіз жетелейді.

А.Тшанов, Республикалық спорт колледжі РМҚК директоры

 

Талапты адам жетістікке жетеді

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Ең алдымен Сізге, сүйікті спортпен айналысуға, кәсіби өркендеуге және жоғары жетістіктерге қол жеткізуге берілген мүмкіндіктеріңізге үлкен алғысымды білдіргім келеді.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақалаңызға қатысты, біздің еліміздің дамуы мен оны әлемдегі 30 дамыған елдің қатарына қосуға бағытталған Сіздің барлық бастамаларыңызды қолдайтындығымды атап өткім келеді.

Елдің және ұлттың рухани дамуы – барлығымыздың алдымызда тұрған үлкен міндеттердің бірі. Жеке адамдардың емес, барлық халықтың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату арқылы айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізуге болады, сондай-ақ, бұл бағытта да ауқымды жұмыс атқарылуда.

Ынта, табандылық және мақсатқа талпынушылық білдірген әр адам жоғары жетістіктерге жете алады. Сонымен қатар, алдағы уақытта жоспарланған барлық жұмыстар ойдағыдай іске асырылатынына сенімдімін.

Динара Сәдуақасова, шахматтан Әлем чемпионы, Халықаралық гроссмейстер

egemen.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2251
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3504