Жұма, 27 Желтоқсан 2024
5212 0 пікір 25 Сәуір, 2017 сағат 10:45

Бізді әрқашан жеңіске жетелейді

Сіздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақалаңызда атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа тарап, жалғасып келе жатқан қазақ халқының рухани байлығы жайлы өте орынды айтылған.

Сіздің сындарлы саясатыңыздың арқасында, ата-анамыздың, тәлім­герлеріміздің бізге берген өнеге, тәрбиесінің арқасында бүгінгі күні біз спортта биік жетістіктерге жетіп отырмыз. Бойымыздағы отансүйгіш­тік, халқымызға, елімізге, жерімізге деген махаббат, болашаққа деген дұрыс бағдар бізді әрқашан жеңістерге жетелеп отырады. Елімізде болып жатқан саясаттағы, білімдегі, өнердегі, тағы да басқа салалардағы өзгерістерді дұрыс түсініп, дұрыс қабылдаған біз сияқты жас ұрпақ қана бәсекеге қабілетті бола алады.

Мен, Сіздің сындарлы саясатыңызды әрқашан қолдаймын!

Данияр ЕЛЕУСІНОВ, Олимпиада чемпионы

Бұл жолғы жаңғырудың жөні бөлек

Аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы!

Біз – кітапханашылар, библиографтар, архивистердің ұжымы болып отырған Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы атынан рухани жаң­ғыруға байланысты болашаққа бағдарымызбен танысып, бар­шамыздың зор қуанышқа бөленіп отырғанымызды Сізге жеткізгіміз келеді.

Бұл бағдарды зиялы қауым көптен күткен. Көктем шуағымен жеткен жақсылық хабардай болды. Жыл басында жарияланған туған еліміздің Үшінші жаңғыруы басталған соң саяси және экономикалық жаңғыруды жарияладыңыз. Өзіңіз айтқандай, етек-жеңімізді жинап, экономикамызды нықтап алсақ, қалған игіліктер де рет-ретімен жүзеге аса жатар деген сөзіңіздің орындалып жатқанына куә болудамыз.

Әрине, рухани жаңғыру бүгіннен басталған жоқ. Тәуелсіздігіміздің 25 жылында тарихымызды ұлықтаған, мәдениетімізді көтерген, жоғымызды тауып, барымызды байытқан көптеген тындырымды жұмыстар жасалды. Солардың бәріне Өзіңіз ұйытқы болдыңыз.

Бірақ бұл жолғы рухани жаңғырудың жөні бөлек, маңызы еліміз үшін айрықша екені даусыз.

Оның негізгі ұстыны – Біртұтас Ұлт болу жолына көшіп, кемел келешегімізді жан-жақты әрі терең зерделеуге арналып отыр.

Болашақты баянды ету жолындағы бұл теңдессіз тарихи мүмкіндікті біз барынша пайдаланамыз деп уәде береміз. Осы жолда барша кәсіби білімімізді, қайратымыз бен күш-жігерімізді аянбай жұмсаймыз деп Өзіңізді сендіреміз.

Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы ұжымы атынан: Әлібек Асқаров, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

egemen.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052