Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2246 0 пікір 24 Қазан, 2010 сағат 21:42

БАҒДАТ ӘРІПОВ АҚШ-ТА НЕ БІТІРІП ЖҮР?

Бағдат Әріпов... Бұл азамат қазақ қоғамы үшін оншалықты таныс та есім емес. Әйтсе де, АҚШ-қа барып саяси баспана сұрағалы жүргені туралы ақпарат тараған соң, кейбір БАҚ назары оған ауа бастады. Өзі Қызылорда облысы Шиелі ауданының тумасы, Қажыгелдин Үкіметінің Кеңсесінде қызмет еткен. Өзінің айтуы бойынша, "Бәйменовтың қысымымен қызметтен кеткен" көрінеді.

Кейіннен қант өндірумен айналысып, онда да "Рахат Әлиевтің қысымымен бизнесімнен айырылдым" дегенді айтып жүрді. Рас-өтірігін кім білсін. Сосын ұлт патриоттарына қосылып, Дос Көшім басқаратын "Ұлт тағдыры" қозғалысында атқарушы директор болды. Кейін "Дос Көшім биліктің сценариімен жүреді, "Ұлт тағдырын" Президент Әкімшілігі қаржыландырады" деген себеппен ол жақтан да кетті де, өзі "Ел болашағы" деген ұйымды ашты. Бес-алты адамның басын жиып, алдағы күнде  жасалатын қыруар жұмыстардың жоспарын да жазып шығады. Ұлытауға барып, үлкен жиын да өткізбек болады. Тілге, оралмандарға, жастарға байланысты атқарар шаруалары шаш-етектен болатын. Өкінішке орай, қағаз жүзінде қалған іс болды барлығы. Шаңырақ, Шелек, Моловодное, Маятас оқиғаларында бой көрсетіп қалғаны болмаса, нақты істер атқарылған да жоқ. Жұмыстың көбі көзтаныс, сөзі жарасатын ұлт патриоттары мен желтоқсаншылармен кеңседе отырып, бірін-бірі сырттарынан күлкі етуден ары аса бермейтін. "Өсекпен айналысқан" ұйымның ісі қайдан оңсын сосын?

Бұдан қалса үйсіз-күйсіз қазақтарға "заң бойынша 10 сотық жер тегін берілуі керек" деп, Шаңырақ, Трудовик жақтан өз бетінш жер үлестіріп бергенін тағы да көзіміз шалған. Ел-жұртқа құжат жинатып, "кейін заңдастырып береміз" дегенімен, онысының да бос сөз болып шыққаны белгілі. Екі ортада жеріміз заңдасады екен деп сеніп қалған халықты аяйсың. Құжат жинап сандалғаны аздай, ертең сол орынға қарайтып бірдеңе тұрғызып қойса, ол билік тарапынан бұзылса, сосын халықтың ашу-ызасы туындамайды ма? Бірақ, бұны ойлаған Бағдат жоқ.

Кейін партиялық тізіммен Мәжіліске сайлау науқаны басталғанда, Ақордадан шақыртулар алып, сонда барып қайтып жатты. Кім біледі, бұл азамат әу бастан-ақ биліктің тапсырмасымен ұлт патриоттарының арасына келіп, оларды бөлшектеу үшін, араларына от салу үшін, олардың беделдерін түсіру үшін жүрген де болар.

Кім біледі, ел үшін жасаған елеулі еңбектері болған шығар. Өкінішке қарай онысын көпшілік көре алмай отыр. Рас, бір-екі ақпарат құралдарына сұхбат беріп, ұйымның мәлімдемелерін жариялап тұратын. Бірақ, ауызбен орақ оратындардан халық әбден шаршап бітті ғой.

Енді келіп бұл азаматымыз Америка асыпты. Сөйтсе, билікке қарсы шыққан соң, Қазақстан ҰҚК-сі күн бермей қойған көрінеді.

- Ұлттық қауіпсіздік комитеті мені шақырып, «Шаңырақтан» екі адам жалған құжаттар жасап, жер сатып жүрген кездерінде ұсталғанын айтты. Соларға маған қарсы түсінік жаздырып, мені «Шаңырақтағы» жердің бәрін сатқызған, халықты билікке қарсы қойып, болашақта революция ұйымдастырмақ болған адам етіп көрсетіп, жалған түсінік жаздыртыпты. Екеуіне ешқандай шара қолданбай, сотта босатып жіберді. "Болашақта сізбен айналысамыз" дегендей, менен алаяқ жасағысы келді ғой енді. Шын мәнінде билік бізге саяси жағынан қысым көрсетіп, саяси жұмыспен айналысқан белсенділерді жаңағыдай алаяқтық қылмыс жасады деп, неше түрлі іс-әрекет жасады. Сол жөнінен мен қысым көрдім. Қолымда олардың шақыру қағазы бар, - дейді ол БАҚ-қа берген сұхбатында.

Жер жөнінде дау шыққаны рас та шығар, өйткені, бұрыннан "жер береміз" деп жұрттан құжат жинатқанын айттық қой жоғарыда. Әлгі екі адам қоластында істеген Үміт деген сияқты әйелдер болар. әрине, біз мұның анық-қанығын айырып бере алмаймыз, тек солай болуы мүмкін-ау деген долбар ғана.

Міне, осылайша АҚШ-қа қашып барған Бағдат Әріпов енді сол жақтан саяси баспана сұрағысы келеді. Бірақ, оның сөзіне АҚШ үкіметі сене қояр ма екен?

Тағы бір долбар бар. Алда түрлі сайлаулар жақындап келеді. Ал шетелде жүрген қазақ оппозиционерлері аз емес. Ең бірінші болып бұл күнде АҚШ-та тұратын Әкежан Қажыгелдин тұр. Әрі мұның Қажыгелдин Үкіметінде істегені бар. Осы жағынан алғанда, билік тарапынан шетелдегі оппозицияның сайлау алдында қандай іс-әрекетпен айналысатынын байқау үшін жіберген "тыңшысы" емес пе екен деген де ой келеді.

Түрлі болжамдар жасауға болады, бірақ, бір нәрсе анық сияқты: қоғамдағы орны соншалықты ерек емес азаматты билік саяси көзқарасы үшін қуғындайды ма? Жоқ, меніңше. Демек, ол қолдан жасалып отырған қуыршақтың бірі немесе шынында да қылмысы болған. Енді мұны уақыт көрсетеді.

Е.МОЛДАБЕК.

Р.S.: Осы мақалаға байланысты біз бірнеше ұлт патриоттарының қатарында жүрген азаматтардың ойын білген болатынбыз. Соған да назар аударсаңыздар. Ортақ сауал төмендегідей болды:

«"Ел болашағы" қозғалысының төрағасы Бағдат Әріпов "Қазақстанда қуғынға ұшырадым" деген себеппен АҚШ үкіметінен саяси баспана сұрамақ көрінеді. Сіз бұған не дейсіз?»

Айдос САРЫМ, Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы қордың жетекшісі:

- Сол жағын өзім де түсінбедім. Бағдатты осыған дейін біреулер қудалады дегенді естімеппін.

"Ел болашағына" келсек, бұл ұйымды қатардағы клон ұйымдардың бірі деп санайтынмын.

Марат УАТҚАН, ұлт патриоты:

- Бағдаттың ұлтшыл екені рас.

Соңғы рет көктемде Қазақ ұлтшылдарының құрылтайында кездестік. Алайда билік тарапынан қысым көріп жүргені жөнінде тіс жарып ештеңе айтқан жоқ.

Саяси көзқарастарының негізгі тезистерін өзінің сұхбатында да айтқан екен. Ал, жоғары билікке қатысты айтылған сөздері үшін біздің елде кез келген адамның қуғынға ұшырайтыны әбден мүмкін екенін бесіктегі бала да біледі. АҚШ-қа барған екен, жолы болсын! Алайда, елім дейтін азаматтар ең алдымен осында қалып жұмыс істесе тиімдірек болған болар еді. Кетіп қалғанына қарағанда, қысым да қаттырақ тиген болуы керек.

Сұхбатындағы "Қазақ - мемлекет құраушы ұлт" дегеннің орнына, "Қазақ - мемлекет құрушы ұлт" деп жазса нақты болады. Бағдат сөзден сүрінбейтін жігіт еді, қате жазылып кеткен сияқты.

Жанболат МАМАЙ, "Рух пен тіл" клубының жетекшісі:

-  Бағдат Әріпов туралы сыртынан естігенім бар, оны жақсы білмеймін. Шынын айтқанда, Қазақстанда ондай қайраткер жоқ және болған да емес.

"Халық үні"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475