Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2469 0 пікір 25 Қазан, 2010 сағат 04:38

Ой тастайтын оқиға!

Дизайн мен үй безендіру ісін хобби санайтын Бриттани атты американдық дос-қызым мен күндізгі жұмыстарымды бітіріп келгенше үй ішін реттеп, заттарды орын-орнымен қойып беруге ұсыныс жасаған еді. Үйдегі үйлесімділік пен гармонияны орнатуда қыздың талғамы бөлек, әсіресе тартымды боларын біліп, көп болса үйреншікті үй тазалаудан аспайтын шығар деген оймен өмірімнің жартысы өтетін жеке әлемімді шетелдік қыздың қарауына тапсырып бердім. Арада бес сағат өтіп, кеш батқанда  құлпыланған есікті кілтпен ашып кірген мен өзімді голливуд фильміндегі оқиға орнына тап болған актердай сезіндім...Жүректі еріксіз тебірентер музыка, кондиционердің салқын самалы, бөлмедегі жұпар иіс пен төрдегі шамның жанама жарығы кіре берісте бір уақ кідіріп қалуға мәжбүр етті. Аң-таң күйімде үйімді «жұмақтың бұрышына» айналдырған арудың атын атап жүріп жататын бөлмемнен әрең таптым. Бүкіл жиһаз бен жабдықтан бастап, жарықтың сәулесіне дейін тиісті орнын тапқаны көзді де, көңілді де баурап алғалы жатқан сәтте бүйіріме ине(тебен) шаншығандай сезілді. Кілем ретінде тоқылған еліміздің көк туы кәдімгі аяқ киімдердің астында төселіп жатыр.

Дизайн мен үй безендіру ісін хобби санайтын Бриттани атты американдық дос-қызым мен күндізгі жұмыстарымды бітіріп келгенше үй ішін реттеп, заттарды орын-орнымен қойып беруге ұсыныс жасаған еді. Үйдегі үйлесімділік пен гармонияны орнатуда қыздың талғамы бөлек, әсіресе тартымды боларын біліп, көп болса үйреншікті үй тазалаудан аспайтын шығар деген оймен өмірімнің жартысы өтетін жеке әлемімді шетелдік қыздың қарауына тапсырып бердім. Арада бес сағат өтіп, кеш батқанда  құлпыланған есікті кілтпен ашып кірген мен өзімді голливуд фильміндегі оқиға орнына тап болған актердай сезіндім...Жүректі еріксіз тебірентер музыка, кондиционердің салқын самалы, бөлмедегі жұпар иіс пен төрдегі шамның жанама жарығы кіре берісте бір уақ кідіріп қалуға мәжбүр етті. Аң-таң күйімде үйімді «жұмақтың бұрышына» айналдырған арудың атын атап жүріп жататын бөлмемнен әрең таптым. Бүкіл жиһаз бен жабдықтан бастап, жарықтың сәулесіне дейін тиісті орнын тапқаны көзді де, көңілді де баурап алғалы жатқан сәтте бүйіріме ине(тебен) шаншығандай сезілді. Кілем ретінде тоқылған еліміздің көк туы кәдімгі аяқ киімдердің астында төселіп жатыр. «Бұның не?» деп әлгі кілемді тұрған жерінен суырып алғанымда рәміздің мәнін түсінбейтін Бриттанидің жауабы талып түсіруге аз қалды: «бетінде ою-өрнек бейнеленген бұл кілемнің мағынасын түсінбесем де, еденде жатуға ыңғайластырылған, қалың және ауыр болғандықтан солай ету қажет шығар деп ойладым»-деді американдық қыз. Одан қалса, түбінде даланың домбырашы қарты бейнеленген  жайпақ табақтың бетіне төрт стаканды төңкеріп қойғанын көргенде айтарға сөз, барарға жер таппай қалғаным рас.

Ал, бұған қазақ елінің мәдениеті мен тарихынан  бейхабар американдық сұлу кінәлі ме, алдын ала ескертпеген мен кінәлімін бе, әлде рух беретін бұйымды жасаушылар кінәлі ме? Дегенмен, әр нәрсенің қызметі, орны бар екенін айтып ақталған Бриттанидің де сөзінде жан бар сияқты. Шынымен, кішкентай шыны жасасақта мән-мазмұнымен қатар, оның күнделікті қолданыстағы тиімділігін зерттегенде мұқият болғанымыз абзал!

 

Сөзіне сенімді сері, АҚШ

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5478