Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3735 0 пікір 25 Қазан, 2010 сағат 06:12

"Орталық Азиядағы археологиялық зерттеулер"

Бүгін Астанадағы ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайында Германия Археология институтының "Орталық Азиядағы археологиялық зерттеулер" атты ашық фотокөрмесі басталды.

"Германияның Қазақстандағы жылы аясында біз археология саласында да ықпалдастықты күшейтуге тырыстық. Германияның ғалымдары Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдеріндегі әріптестерінің көмегімен археологиялық зерттеулер жүргізді.

Фотокөрменің негізгі мақсаты - Орталық Азия мен Қазақстанда жүргізілген археологиялық зерттеу нәтижелерімен қалың жұртшылықты таныстыру", дейді Германияның Қазақстандағы Елшісі Райнер Шлагетер.
Көрмеде Орталық Азияда зерттеу жүргізген археолог мамандардың еңбек нәтижелерін қамтитын 50-ге жуық бірегей фотосуреттер мен каталогтар ұсынылып отыр.

Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысы Бөрілі ауданында табылған 47 құнды жәдігер қойылған.

Германия ғалымдарының Орталық Азия өңіріндегі 5 жылдық археологиялық жұмысының жемісін көрсететін фотосуреттер көрмесі бүкіл Орталық Азия мемлекеттерін шарлап, осыдан бір ай бұрын Алматы қаласына келген болатын.

ИА "Казинформ"

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2056
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4916
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4113