Сәрсенбі, 23 Қыркүйек 2026
5846 0 пікір 4 Мамыр, 2017 сағат 09:47

Түркіменстанда мемлекеттік қызметкерлерді су есептеуішін орнатуға міндеттеді

Түркіменстанның Балқан облысындағы мемлекеттік мекеме қызметкерлерін үйде және пәтерде су есептеуіш құралдарын орнатуға міндеттеді.

"Түркіменнебит" мемлекеттік концерні қызметкерінің айтуынша, басшылық талабы есептеуіш құралын орнатумен шектелмейді, қызметкерлер оны суретке түсіріп көрсетуі тиіс. "Содан кейін ғана су есептеуіштерін орнату жөніндегі күнделікті жиналыстарға шақыруын доғарады", - деді ол.

Балқан облысында су есептеуіштерін орнатуды Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхамедовтың әлеуметтік салада жаңа технологиялар енгізуге қатысты жарлығымен қолға алды.

Түркіменстан басшылығының мәлімдеуінше, су, газ және электр қуаты халыққа тегін беріледі. Бірақ 2016 жылы қыркүйекте Ақсақалдар кеңесінің жиналысында тегін су, газ және электр қуатын алып тастау ұсынысы бірауыздан бекітілді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1411
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2989
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1057
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 992