Сенбі, 23 Қараша 2024
Асқанға - тосқан 14117 3 пікір 8 Мамыр, 2017 сағат 10:11

Бізде директор неге мектептің "Құдайы" болып алады?

Қазір білім саласында реформа жүріп жатыр. Жаңа технология бойынша мұғалім, оқушы да ішкі уәждерін, ойларын ашық айта алады. (мазақ пен критикаға жол берілмейді). Осы технология іске аса бастағанда қазір  «әміршілдік» жүйемен  отырған мектептердің басшылары қайтер екен?!

Дегенмен мектепішілік бастауыш кәсіподақ төрағасы кәсіподақ жарғысымен таныс еместігін көрсетті. Кәсіподақтың міндеті бір жағына шығып алып қаралау емес, екі аяғын тең ұстап тұрып екі тарапты бітімге келтіру. Түсінікті болу үшін кәсіподақ жарғысынан үзінді келтіре кеткенді жөн көрдім:

Кәсіподақ жарғысының 2 бөлімінде КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ, ПРИНЦИПТЕРІ, МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ деген жерде

2.1 және 2.5.6 пункітінде:

2.1. Кәсіподақ қызметінің мәні кәсіптік одақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады.

2.5.6. Кәсіподақ мүшелерінің тапсыруы, сондай-ақ өз бастамасы бойынша олардың еңбек құқықтарын қорғау үшін еңбек дауларын қарайтын органдарға арыз-өтініштер жолдайды делінген. Және 3 бөлімінде КӘСІПОДАҚТЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ деген жерде

3.1.2. пункітінде  ӨЗ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУ ҮШІН СОТҚА ТАЛАПТАР БЕРУГЕ, МЕДИАЦИЯ жүргізу кезінде, сотта, аралық сотта, өзге органдарда ОЛАРДЫҢ МҮДДЕЛЕРIН ЖАҚТАП ӘРЕКЕТ ЕТУГЕ, ОЛАРҒА ӨЗГЕ ДЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК көрсетуге міндетті делінген. Демек мектептегі БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ұйымының төрағасы мұғалімдерін қорғап, араз тараптарды бітімге келтірудің орнына өз дәрменсіздігін көрсетіп (директордың билігін насихаттап) қалалық білім бөліміне, аудан әкіміне мектептегі кәсіподақ комитетінің мөрін соғып, мұғалімдерден қол жинап 1 мұғалімді «қаралап» хат жазған. КӘСІПОДАҚ КОМИТЕТІНІҢ МІНДЕТІ ҚАРАЛАП ХАТ ЖАЗУ ЕМЕС, ЕКІ ТАРАПТЫ БІТІСТІРУ, ЕҢБЕК ДАУЫН ШЕШУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.

Барлықтарыңыз білесіздер, Қарасай аудандық кәсіподақ төрағасы, мұғалімнің құқығын қорғамай, тек біржақты ғана ақпарат беріп, мұғалімдікі дұрыс болса да, соттың шешіміне қарамай мектеп директорына ғана болысқаны үшін орнынан алынған.

Көп жағдайда бұндай жағдай орын алу заңдылық. Өйткені мектепте билік кімнің қолында болса соныкі жөн.

Мен көбінесе түсінбеймін, мектептегі ұжымға Баян мүмкін сабақтарына кіріп маза бермей, сабаққа кедергі келтіріп жүрген болар бәлкім?!

Бұл жерде мектептегі билік кімнің қолында болса соның дәурені жүріп тұрғанын жоққа шығармайды. Бірақ бұл мектептегі әріптестерін қорғап ала алмай отырған кәсіподаққа сын болуы тиіс. Бұндай жағдайлар мысал келтіре берсең, көптеп кездеседі.

«Әр мұғалім өздеріне тиісті жұмыстарын атқарып, ешкімге кедергі жасамайды. Басшыларды тыңдайды, мектеп әкімшілігімен ой бөліседі» деген екен мектеп ұжымының арызында. Басшылықпен ой бөліскені дұрыс, бірақ заңға қайшы әрекеттер болса, басшыларды тыңдай беруге бола ма?!

Мектепішілік кәсіподақ төрағасы бастап қарсы қол қойып, мөр соғып, «Ата-анамен тіл табыса алмаған» Баян Сабденова неге «бәлеқор, «көп дамай тудырып, коллективтің мазасын қашырып, кім көрінгенге бір тиісіп, оқушылармен тіл табыса алмай, сыныбындағы оқушылардың ар-намысына тиісіп» отырған болса, неге бір емес, бірнеше сотта жеңіп шыққан?!

Баянның басындағы даудың тоқтамауы, мектептің басшыларының «қысымы» мен онымен тіл табыса алмауы, мектепішілік кәсіподақтың директордан аса алмайтындығы, әншейінде заңмен сөйлеп, соттың шешімдерін алға тартатын білім беру бөлімі тарапынан тоқтаудың болмауы, мектеп ұжымының ауызбіршілігінің жоқтығын көрсетеді. Мұғалімге тіл тигізген ата-ана бірнеше сотта ойсырай жеңілсе дауды тоқтатпауы да жағдайдың осылай ушығуына кінәлі. Ата-ананың алдында мұғалімнің ар-ожданынына тіл тигізген директорды  білікті маман деп айта аласыз ба?! Ата-ана мен мұғалімнің сотында ата-анаға директордың куәгер болуын бірінші рет естуім! Ата-ана мен мұғалімнің арасындағы орын алған жағдайдан кейін мұғалімді жедел жәрдем ауыр халде алып кеткенін көре тұра, оның халін сұрауды орынбасарларына тапсырып жүрген директордан не күтуге болады?!

Ондай директор мен орынбасарлары жұмыс орнын босатуы тиіс.

Мектеп мұғалімінің біліксіздігін директор мен оқу, тәрбие ісінің меңгерушілері, бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасы тағайындамайды, аттестациядан өткенде аттестаттаушы комиссия не білім саласын сырттай бақылау департаменті тексеріп анықтайды. Мұғалімнің қандай екенін мектеп ұжымының оқушыларға «бағалатуына» не  айтуға болады? Мұғалімнің есі ауысқанын арнайы орындар ғана анықтайды. Демек бұл жағдайдың барлығы мектеп басшысының ұсынысымен жасалып жатқанынының, мектеп басшысының, мұғалімдерді бітімге келтіретін сол мектептің кәсіподақ ұйымының төрағаларының заңнан алшақ екенін көрсетеді.

М. Темірбек

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5338