Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2249 0 пікір 27 Қазан, 2010 сағат 05:01

Шектен шыққан шенеуніктер

Ақмола облысы, Зеренді ауданы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы және осы ауданның қазынашылық басқармасы бастығының орынбасары араққа сылқия тойып, удай мас күйлерінде аудандағы «Қалқаман» қонақүйіне қызметкерлерді балағаттап, олардың қарсылықтарына қарамастан баса-көктеп кірмек болған. Мұнымен қоймай аудандық екі шенеунік полицияға бой бермей, оларға да қарсы шыққан. Ақыры, екеуін полицейлер күшпен алып кетуге мәжбүр болған. Зеренді аудандық соты жәбірленушілердің арызын қарап, шенеуніктерді  он бес күнге қамауға шешім шығарыпты.

Жүгенсіздікке жол берген жергілікті билік өкілдерінің бұзақылық әрекеті жергілікті жердегі ұсақ шенеуніктер өздерінің қызметтерін ойына келгенін істеу, ішімдікке тойып алып, ойран салу деп түсінетінге ұқсайды әрі аудандағы белді мемлекеттік қызметкер болсаң, ол ауданда сенің жолыңды ешкім кесіп өтпейді тіпті, қара мысықтың өзі жол береді деп ұғатын көрінеді.

Сонымен бірге, ағаштың қабығындай су бетіне қалқып шыққан осы бір оқиғаның өзі жергілікті билік өкілдерінің мәдениеті мен өресінен, ақыл-ой өрісінен, кішкентай шенеуніктердің шынайы бейнесінен сыр беретіндей.

Асылы, кішкентай шенеуніктердің шектен шығуы Зерендінің ғана зары емес-ау...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443