Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3857 0 пікір 27 Қазан, 2010 сағат 11:14

Жұлдыз Әбділда. Не келiп, не кетпейдi «қауашаққа»?!.

Осы адамның ойламайтыны жоқ. Ойды ой қуалап, кейде о бастағы "нүктеңнен" адасып қаласың. Дәл сол сәтте "қауашағыма" келiп-кеткендi компьютер бетiне түсiре қойып ем. Ендi мiне, "бiрдi айтып, бiрге кетiп", әңкi-тәңкi болып отырмын. Бәрi "Екi жұлдыздан" басталған...

Арасында аузымыз "жыбыр-жыбыр" етiп көрiп отырмыз. Алып бара жатқан ешқайсысы болмаса да, мақтаудан кенде болмады. Ең соңында Ақбота Керiмбекова мен Қазбек Қасым шықты. Екi әндi бiрiктiрiп, әдемi орындап шықты. "...Гауһааааааартас"... Әннiң әсерiнен әлi шығып та үлгерген жоқ едiк, Есмұхан Обаев пен Талғат Теменов көтерiңкi көңiлiмiздi су сепкендей басты да тастады. Алғашқысы "көремiз..." деп күшендi. Кейiнгiсi де көзiмен, сөзiмен "онша көңiлiнен шықпағанын" бiлдiрiп жатты. Шошаң-шошаң еткен шетелдiң "қаңсығы" таңсық болған заманда екi ағамыздың әдемi әндi әдемi орындап шыққан Ақбота мен Қазбекке бiр ауыз жылы сөздi қимағанына таңданбадық. Әрине, "әдiлдiк" деген ұғымның аясы кең ғой. Оны әркiм әрқалай түсiнедi. Ал "талғамға талас жоқ".

* * *

Зиялы ма, зиянды ма?.. Зиялы?... Зиянды?..

Осы адамның ойламайтыны жоқ. Ойды ой қуалап, кейде о бастағы "нүктеңнен" адасып қаласың. Дәл сол сәтте "қауашағыма" келiп-кеткендi компьютер бетiне түсiре қойып ем. Ендi мiне, "бiрдi айтып, бiрге кетiп", әңкi-тәңкi болып отырмын. Бәрi "Екi жұлдыздан" басталған...

Арасында аузымыз "жыбыр-жыбыр" етiп көрiп отырмыз. Алып бара жатқан ешқайсысы болмаса да, мақтаудан кенде болмады. Ең соңында Ақбота Керiмбекова мен Қазбек Қасым шықты. Екi әндi бiрiктiрiп, әдемi орындап шықты. "...Гауһааааааартас"... Әннiң әсерiнен әлi шығып та үлгерген жоқ едiк, Есмұхан Обаев пен Талғат Теменов көтерiңкi көңiлiмiздi су сепкендей басты да тастады. Алғашқысы "көремiз..." деп күшендi. Кейiнгiсi де көзiмен, сөзiмен "онша көңiлiнен шықпағанын" бiлдiрiп жатты. Шошаң-шошаң еткен шетелдiң "қаңсығы" таңсық болған заманда екi ағамыздың әдемi әндi әдемi орындап шыққан Ақбота мен Қазбекке бiр ауыз жылы сөздi қимағанына таңданбадық. Әрине, "әдiлдiк" деген ұғымның аясы кең ғой. Оны әркiм әрқалай түсiнедi. Ал "талғамға талас жоқ".

* * *

Зиялы ма, зиянды ма?.. Зиялы?... Зиянды?..

...Бiздiң буын үшiн Әбiш Кекiлбаевтың жөнi бөлек едi. Әбекең ата сақалы аузына түскенде патшаның қолынан сүйiп... Көзi тiрi классигiмiздiң бұл қылығы, сыпайы айтқанда, бiзге өте оғаш көрiндi. Астына ат мiнгiз, иығына шапан жап, арқасынан қақ! Бiрақ о заман да бұ заман, ер адам ер адамның қолынан сүйген деген... Мұнан гөрi аяққа жығылу әлдеқайда шынайы көрiнетiн секiлдi. 

Менiң замандастарым Фариза Оңғарсыноваға ұқсағысы келетiн. Қара қылды қақ жарады, туғанына жақпаса да, турасын айтады дейтiн осы Фариза апам да соңғы кездерi "болмай қалды". 

Жәңгiрдiң жүзiне тiке қарап, қасқайып тұрып:

Хан емессiң, қасқырсың,

Қас албасты басқырсың!

Хан емессiң, ылаңсың,

Шұбар ала жылансың, - дейтiн алдаспан ақын Махамбеттiң iзбасары деп жүрген апамыз "елбасы туралы айтқанда асыра сiлтеудiң қажетi жоқ" деп алады да, өзi оны пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.у.) ұқсатады. Махамбеттiкi ардың iсi. Ал Фариза апамыздiкi көпе-көрiнеу күпiрлiк секiлдi. Әлде бiз "жақсының жақсылығын" көре алмайтын көрсоқырмыз ба?!

 

* * *

Мемлекеттiк сыйлықтың Жұмекен Нәжiмеденовке берiлгенi жақсы болды. "Қайран, Жұм-аға, президенттiң соавторы болмағанда қайтер едi?.." деген бiр сумақай ой санамда жылт етсе де, мен осы сыйлықтың Нәжiмеденовке берiлгенiне қуандым. Дұрысы, осы сыйлықтың Сәбит Досанов­қа берiлмегенiне қуандым. Бәлкiм, прозашы Досановтың:

Ұлы iстерден тапқан

 дәйiм мұратын,

Бар өмiрi iрiлiк пен ерлiктерден тұратын.

Сiз, Нұреке - халқымыздың бақыты

Тәуелсiздiк сәулеткерi - ұлы ақын! -

деген "жыр жолдары" менiң жүрегiме жетпеген­дiктен шығар. Әй, бiрақ, мен өлеңге, онда да Досанов секiлдi "классиктiң" тақпағына сын айтатын кiммiн?!

Мен Мемлекеттiк сыйлықтың Рафаэль Ниязбековке берiлмегенiне қуандым.  

Көгiнен Ай туғанда қияқтанып,

Көңiлден отырғаны күй ақтарып.

Ол кейде көрiнедi жерде жүрген

Алланың көлеңкесi сияқтанып... -

деп жырлапты Рәпiлбек (марқұм ұстазымыз Темiрбек Қожакеевтiң айтқаны) көкемiз. Әй, осы мен де айтамын-ау. Бәлкiм, Рафаэль Ниязбеков Алланың көлеңкесiн көрген шығар (астапыралла!), өзiм көрмегеннен кейiн не деген деймiн?!.

 "Өлгенде бiзге де бiр кезек келер" деп қатты қамықса-дағы, мен Мемлекеттiк сыйлықтың Несiпбек Айтұлына берiлмегенiне де қуандым. Жасыратыны жоқ, "Дариға, дәурен" секiлдi сирек туындыны тудырған (Рамазан Стамғазиев орындайтын Тұрсынжан Шапайдың әнi), "Мұқағалидан бата алған" ақынымыздың өлеңдерi қазiр "сұйылып" кеттi. Қазақтың өте талантты бiр ақынының көр-жерге арнау арнай беретiнiне жыны келгенде Әмiрхан Меңдеке: "Осы кiсi 1978 жылы өлiп қалғанда ғой, қазақ әдебиетiнiң тарихында классик ақын болып қалар едi", - деушi едi... Ал Несiпбек көкемiз соңғы жылдары "елбасы, елтұтқа, бәйтерек" деген сөздердiң тұтқыны болып қалғандай. 

 

* * *

Мен өзiмнiң перзентiмнiң қолына қалам ұстағандар iшiнде көкiрек көзi ояу, шын мәнiнде рухани бай (әйтпесе, қазiр "рухани баймын" дейтiндер көбейiп кеттi ғой) Әмiрхан Балқыбек, Амангелдi Кеңшiлiкұлы, Қасым Аманжол сияқты азаматтарды үлгi тұтқанын қалаушы едiм. Бiрақ... Бiрақ бүгiнгi атом заманының балалары мұндай қоғам қажет етпейтiн "қырсықтарды" қаншалықты қажетсiне қояр екен деп қоямын. Көлгiрсiп көзiне мақтап, сырт айнала бере "жүрген бiр қырт қой" дейтiндердi көргенде, перiште көңiлдiң ақ пен қараны ажыратар-ажыратпасына да күмән жоқ емес. Бiрақ мен шын көңiлiммен өз перзентiмнiң "Нұрсұлтан салған нұрлы қаланың, көшесiндегi гүлi болайын" дейтiн Маралтайды үлгi тұтпауын тiлеймiн. Мейлi, Маралтай мың жерден талантты ақын болса-дағы! Өйткенi мен өз перзентiмнiң, сарабдал саясаткер, "әлем мойындаған тұлға" болғанына қарамастан, қазанның құлағында отырған адамға "Қазақта Ер тумайды ендi Сiздей, жарылып кетсе де өтi дұшпанымның" деп жалбақтағанын қаламаймын. Өйткенi менi әке-шешем тарысы пiскеннiң тауығы болуға баулыған жоқ. Мен де өз перзентiмдi ондайға баулығым келмейдi. Мен өз перзентiмнiң "Уыздай ұйып тұрған мынау қоғам - Нұрсұлтан, Нұрағамның парасаты" деп көлгiрсiгенiн қаламаймын. Өйткенi бiреудi көпе-көрiнеу көтермелеп, көпшiк қою маған жат екен. Мен мұның өз перзентiм үшiн де "жат" болып қалғанын тiлеймiн. Мен өз перзентiмнiң қазақтың қасиеттi шаңырағын, мемлекеттiлiктiң символы - шаңырақты мемлекеттi белгiлi бiр кезең аралығында басқаратын ел басшысының "мейiрiмдi жүрегiне" телiгенiн қаламас едiм. Өйткенi перiште көңiл солай екенiне кiршiксiз сендi дегеннiң өзiнде де, ертең тарихтың доңғалағы қалай домаларын бiлмейдi ғой. Мен соны ойлаймын. 

 

* * *

Өзiм осы кезге дейiн үш әнұранды жаттаппын. Бiрiншiсi, әрине, "мызғымас одағымыздың" әнұраны. Осы әнұран ойналғанда мойнымдағы бiр жапырақ қызыл шүберек желбiреп, "мәңгiлiк алаудың" жанында талай рет қолымды маңдайыма апарып, қасқайып тұрғаным есiмде. Кейiн тәуелсiз Қазақстанның әнұранын жаттадық. Сосын "Менiң Қазақстанымды" қайта жаттауға тура келдi (неге екенiн қайдам, қазiргi әнұранның "ерлiкке жол ашқан..." деп келетiн жерлерiн ұмытып қала беремiн). Бүкiл саналы ғұмырыма шағып кеп жiберсем, әр он жылда бiр әнұран жаттаппын. Бүгiнгi әнұранның да мәңгiлiк екенiне көзiм жетпейдi. Олай болса, мен неге перзентiмнiң "Әнұран - қазағымның Тағдыры едi, тапсырған Нұрсұлтандай данасына" дегенiн қалайын?!. Керiсiнше, кеудемде жаным барда мен оны мұндай жарамсақтықтан аулақ болуға тәрбиелермiн деп қоямын. Неге "тәрбиелеймiн" деп таптап айтпай, "тәрбиелермiн" деп сипақтатып отырмын?!. Өйткенi оған менiң көзiм жетпейдi. Тiптi "2020" деген рас болса, менiң өзiм де "Нұрағам тақта отырып билiк айтса, баяғы Бұмын қаған сияқтанған" деп Маралтайдың позициясына өтiп кетуiм бек мүмкiн... сияқты...

Тiптi Сәбит Досанов секiлдi: "Сiздiң сарабдал саясатыңыздың шапағаты тиген көптiң бiрi мен соңғы 20 жылда 5 роман жазып, жарыққа шығардым. Көп көңiлiнен шыққан көркем шығармаларымның алды Парижде, Мәскеуде, соңы Орта Азия республикаларында жеке кiтап болып шығып, әлемнiң әйгiлi әдебиетшiлерiнен жоғары баға алды. Сол жетiстiктерiм үшiн Сiзге, Сiздiң елiмiздi өркендеткен дана саяса­ты­ңызға қарыздармын. Олай дейтiнiм, Отанымыз 20 жылда 20 ғасырлық табысқа жетпесе, кейбiр елдер құсап береке-бiрлiктен айырылып қалса, мұншалықты өнiмдi еңбек ете алмас едiм", - деген ыңғайда "ағымнан жарылуым" да мүмкiн сияқты. Мүмкiн... Әбден мүмкiн...  

"Осы мен қызықпын, бұлар бәлкiм қалам ұстаған қауымды мүлдем үлгi тұтпайтын шығар?!." деген бiр ой жылт еттi осы кезде. "Бүгiнгi заманның қаһармандарын" шарлап, көңiлiм шартарапқа кеттi дейсiң. Қайрат Нұртас?.. Құдай сақтай гөр!.. Мақпал Исабекова?.. Атай көрме!.. Қайрат Түнтеков?.. "Қай, әлгi "чемпион" ба? Жоооооқ! Алмас Кiшкенбаев?.. Ат тiзгiнiн ұстай алмайтынына намыстанудың орнына, дүйiм жұртқа онысын мақтанышпен жеткiзген "алмас­тарды" үлгi тұтса, жетiскен екенбiз. Онда да "қырсық" болса да, Қасымдарды үлгi етсiн деп тiлейiк.

 

* * *

Заңғар Кәрiмхан деген бауырымыздың "Жарамсақ ақын жағымпаз шенеунiктен де қауiптi" деген мақаласы есiме түсе кеттi. Әсiресе, мына бiр тұстары: "Хан бұйрығымен бас кететiн заманда даңқты ақын-жырауларымыз "Бас кеспек болса да, тiл кеспек жоқ!" деген қағиданы берiк ұстаған. "Ай, хан ием, мен айтпасам, бiлмейсiң! Айтқаныма көнбейсiң!" дейтiн Асан Қайғы, "Тең атаның ұлы едiң, Дәрежеңдi артық етсе, Тәңiрi еттi" дейтiн Шалкиiз, "Есiм, сенi есiрткен Есiл де менiң кеңесiм!" дейтiн Жиембет, "Ей, Қатағанның хан Тұрсын, Кiм арамды ант ұрсын!" дейтiн Марқасқа, "Кебеже қарын, кең құрсақ, артық туған Абылай" дейтiн Тәтiқара, "Ұмыттың ба соны, Абылай" дейтiн Үмбетей, "Ашуланба, Абылай, Ашулансаң Абылай, Көрермiн, көнермiн!" дейтiн Бұқар, "Ау, тақсыр, елге барсам, шынымды айтам" дейтiн Жанақ, "О, Барақ жас, Барақ жас, Жегенге тоқ, iшсең мас" дейтiн Дулат, "Хан емессiң, қасқырсың" дейтiн Махамбет, "Байеке, елiң бар ма бүлдiрмеген?" дейтiн Шернияз, "Ұлы жүздiң төресi Тезек едiң, Алып қалсаң болмай ма, шамаң келсе?!" дейтiн Сүйiнбай, "Сұпекең менi жек көрдi, Сұпының сөзiн кек көрдiм" дейтiн Қашаған...". Мен бiр кездерi ақын-жырауларымыздың ел билеген патшаларға осылай дегенiне бiртүрлi күдiкпен қарай бастадым. Олар бәлкiм мұны патшаның бетiне айтпаған болар деп қоям. Әлде "кухняда" айтты ма екен?.. Әлде "Жер бетiнде тұңғыш жаралған бiрiншi қазақ" (Шөмiшбай Сариевтiң сөзi) болмағасын, "смело" сынады ма екен?!. Әлде олар Тұм-ағаң айтқандай, "Айды әпер деп, күндi әпер деп қинайтын ақымақтардың ауылынан" болды ма? Бiлмеймiн... Басым жетпейдi... 

 

* * *

Ақыл айтатын аға-апаларымыз алжи бастағасын ба, жастар да "қуып" кеттi. "Шiркiн, life" деп тоқмейiлсiп, "пах-пах" деп шаттанатын болды. Одан гөрi, "көне заманның сарқыншағы" болса-дағы Жүрсiннiң айтысы жақсы едi. Жан-жақтан жүндей түтiп жүрiп, оның да үнiн өшiрдiк. Қайран, айтыс!..

 

«Жас Алаш» газеті

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5411