Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2866 0 пікір 3 Маусым, 2009 сағат 09:52

Арал БАЙЖІГІТОВ. РЕНТГЕН РЕНЖІТІП ТҰР

Флюорографияның не екенін бүгінде балаға дейін біледі, ал ересектер өмірінде рентгенодиагностика әдісінің бұл түрімен жиі ұшырасады. Белгі бере қоймаған сәттен-ақ ауруды анықтайтын бұл әдіс сөз жоқ медицина саласында кең қолданысқа ие. Әсіресе, адамзат баласын алқымнан алып, тұншықтырып бара жатқан туберкулез дертін ерте анықтауда флюорография маңызды роль атқарады. 
Денсаулық саласына қаражат қанша жерден молынан құйылып жатса да, сауықтыру нәтижесі үмітті ақтамай отырғаны жөнінде облыс әкімі өткен аптаның сейсенбісінде өткізген селекторлық кеңесінде мәлімдегеніндей, туберкулез дертінен ауданымыз дабыл қағарлық деңгейге жеткенін ескерсек, аталмыш аурудың алдын алу шарасының бірі- флюорографияға артылар жүк ауыр.
Қалың бұқараның құрт ауруының құрсауында қалмасы үшін алдын алу шараларының бірі ретінде дәл осы флюорографияға түсіру шарасы жаппайлық тұрғыда жылына кем дегенде бір рет өткізіліп тұрады.
Шындығына келгенде флюорографиясыз жұмысқа орналасу көп жағдайда мүмкін бола бермейді. Оның үстіне соңғы кездері тұрғындардан  «тісім ауырып барып едім, флюорографиясыз қабылдамады» деген сынды реніштерді жиі еститін болдық. «Бақсақ бақа екен» демекші, оның да өз мәні бар болып шықты. Атырау облысының Мақат аудандық емханасының бас дәрігері Д.Нәсіпқалиева мұны жоққа шығарған жоқ.

– Жаппай тұрғындарды флюорографияға түсіру туралы аудан әкімінің шешімі болғанымен, еркінен тыс ешкімді күштеп флюорографияға түсіруге заң рұқсат етпейді. Әйткенмен, құрт ауруы ойыншық емес. Сондықтан оған көзжұмбайлықпен қарау-біздің тарапымыздан қауіпті тәуекелге бәс тігу, әрі үлкен қателік болар еді. Егер бір адамның бойындағы ауруды дер кезінде анықтап, емдік шарасын қабылдаттырмасақ, кейін ол  мың адамға ауруын жұқтыруы мүмкін. Эпидемиялық сипат алып кетсе бұл ауру қоғамға қауіптің қара бұлтын үйірері анық. Сол себепті, өздігінен ешқашан флюорографияға түспегендерге осындай сәтті пайдаланып қалатынымыз рас,-деді.
Медицина қызметкерлері, туберкулезбен қатынасы барлар, мектеп пен балабақша, қоғамдық тамақтану орындары қызметкерлері мен жолаушы тасымалымен айналысатын көлік жүргізушілер, зиянды цех жұмысшылары мен нәпақа іздеп келген еңбек мигранттары міндетті түрде жылына бір рет флюоргографияға түсуге тиістілер санатына жатқызалатындығын түсіндірген ол жалпы бұл ретте жоспардың артығымен орындалып отырылғандығын мәлімдеді. Мысалы, өткен 2008жылы көзделген 1274 адамның орнына 2290 адам түсірілген. Жоспардың былайша артығымен орындалуын Д.Нәсіпқалиева Қарабатандағы зауыт құрылысымен байланыстырады.
Міндетті тексерулердің арқасында келген қауіптің беті қайтарылуда десек артық айтқандық емес. Өйткені, бір ғана мысал келтірелік, еңбек мигранттары арасында 2007 жылы туберкулезбен ауыратын екі адам анықталып, дер кезінде еліне қайтарылған.
Дегенмен, флюорграфияға түсірумен іс бітпейді. Неге десеңіз, кішігірім пленкадағы қара дақтарды туберкулездің белгісі деп тануға болмайды. Сондықтан, рентгенге түсіруге тура келеді. Бар пәле осыдан туындап отыр.
Естеріңізге сала кетелік, облыстық денсаулық сақтау департаменті басшыларымен болған аудан әкімінің осы жылғы аудандық медицина саласының мәселелері талқыланған үлкен жиын өтті. Онда аудандық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы бастығы Ж.Сағиев дәл осы рентгенге қатысты шырылдаған шындықты жайып салған-тұғын. Мәселен, Доссор емханасындағы флюорокабинет 2008 жылдың 7 айынан жұмысын тоқтатып, тек үстіміздегі жылдың 28-қаңтарынан іске қосылған. Бұл аппарат қазірдің өзінде бірде жасаса, бірде жасамай қалады. Ал, Мақатта рентген тағы жоқ. Екі ортада сенделген халық Атырауға ат сабылтады. Жасырып қайтеміз, екінің бірінде дер кезнде қажетті мөлшердегі қаражат табыла бермейді, сөйтіп қалаға баруды жолда қалдырады, сөйтіп жүргенде уақыт жоғалтады. Уақыт оздырып жүргенде ауруын создырып алудың ғажайып құбылыс еместігі белгілі. Мамандар осылай дейді.
Мақат емханасына қайта оралар болсақ, мұндағы рентген аппаратының бұзылғанына тоғыз айдың жүзі болды. Ж.Сағиев бұл жөнінде рентген аппаратының 2008 жылдың шілдесінен бері жасамай тұрғанын айтқан-ды.
Д.Нәсіпқалиевамен тілдескенімізде бұл ақпараттың растығына көз жеткізіп қана қоймай, себебінен де сыр ұқтық.
-Бізде дәл қазір ешқандай рентген аппараты жоқ. 1988 жылы «Мақатмұнайгаз» өндіру басқармасы алып берген аппарат өтеу мерзімін артығымен орындап, әлдеқашан тізімнен шығарылды. Одан кейін 2006 жылы жылжымалы емдік аппараттың екеуі алынды. Екеуі де жарамсыз күйде қазір. Оның біреуін, яғни өзіміздің Ақтөбеде өндірілген аппаратты бір рет оңдатып, іске қостық. Бірақ, үш түсірілген кейін аппарат тағы істен шықты. Үстіміздегі жылдың сәуір айының белортасында оны Ақтөбеге қайта тиеп жібердік. Жанып кеткен трубка құрылғысын ауыстыру үшін 250 мың теңге қажеттігі жөнінде таяуда телеграмма келді. Бұл қаражат мәселесінің қалай шешіліп жатқанын Б.Оңдасыновтан сұрарсыз,-деді.
Тоғыз айда адам да толғатпай ма, мұнша уақыттан бері рентген аппаратының тағдыры шешілмегенін қалайша түсінуге болады? Рентген тек қана өкпе дертін анықтаумен ғана шектелмейді. Күнделікті өмірде толып жатқан қауіптен сүйегі сынып, буыны шығып кетсе де дәрігерлер нақты диагнозды қою үшін осы аппаратқа жүгінеді. Сөзсіз аппарат болмаған соң, денсаулық күзетіндегілерге аурудың клиникалық белгілері бойынша ем тағайындаудан басқа амал қалмайды. Ал ол алдамшы боп шықса ше? Қанша дегенмен, өмір үшін күресіп жатқан жанның тағдыры аталған аппаратқа тәуелділігі басым. Яғни, дәрігерлерге диагноз қоюда аппараттың жоқтығы қиыншылық келтіретіні аян.
Мәселенің өзектілігі дау тудырмайды. Соны ескеріп біз табалдырығын бірнеше аттап таба алмаған аудандық денсаулық сақтау саласының бас координаторы, аудандық аурухананың бас дәрігері Б.Оңдасыновқа ақыры телефонмен тілдесудің әйтеуір сәті туды.
Бұл мәселені жазымызды көңілі қош көрмеген ол былай деп қысқа жауап берді:
-Мұны неге сұрайсың, жазайын деп отырсың ба не? Жазба! ...Қаражат жоқ деп кім айтты саған? Ақша бар. Ақтөбенің аппарат жөндеушілерімен келісімге келдік. Таяу күндері бұл мәселе шешіледі...,-деді.
Жарайды. Оны да уақыт еншісіне қалдыралық. Бірақ, далада жатқан қаражат жоқ, көрсетілген қызметтің кепілдемесі неге сұралмайтындығы ғана түсініксіз...

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371