Сенбі, 23 Қараша 2024
Жалқы сұрақ 4716 4 пікір 15 Мамыр, 2017 сағат 10:04

Бейжіңдегі саммит бізге не береді?

14 мамыр күні Бейжіңде жаңа "Жібек жолына" арналған Халықаралық "Бір белдеу, бір жол" саммиті өтті. Оған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та қатысты .

Елбасы халықаралық ынтымақтастық форумының салтанатты ашылу рәсімі аясында бірқатар мемлекеттердің көшбасшыларымен кездесу өткізді.

Әуелі  Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинді форумның табысты ашылуымен құттықтап, сәттілік тіледі.

Екі ел арасында инфрақұрылымды дамытудағы әріптестік, сауда-экономикалық қарым-қатынас, инвестиция тарту секілді бірқатар мәселелерді талқылады.

Онан соң Ресей президенті Путинмен және Түркия басшысы Режеп Ердоғанмен әңгімелесіп, өткенде ғана Астанада өткен Сирия жөніндегі келіссөздердің қорытындыларын талқылады.

Сондай-ақ, Президент Назарбаев Бейжіңде Беларусcия  президенті Александр Лукашенконы, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевті, Пәкістанның премьер-министрі Наваз Шарифті және Малайзияның премьер-министрлері Нажип тун Разакты қабылдады..

Бұдан бөлек Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас хатшысы Гутеришпен әңгімелесті. Әңгіме барысында ол Шанхай ынтымақтастық ұйымының Астанада өтетін саммитіне қатысу ниеті бар екенін растады.

Ал Испания премьер-министрі М.Рах Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысатынын айтты.

Саммиттің сәні бұзыла жаздады

Халықаралық дәрежедегі лидерлердің Бейжіңдегі бұл кездесуі даумен басталды.

Еуропа одағына кіретін мемлекеттер басшылары Қытаймен сауда-саттық жөніндегі мәселелерде ортақ шешім таба алмағандықтан, келіссөздерге қол қоюдан бас тартты.

Сөйтсе, Қытай Еуропалық басшылардың әлеуметтік және экологиялық стандарттарты сақтау туралы ұсынысын кейінге шегеріпті.

Сонымен қатар, Бейжің саммитіні қарсаңында Солтүстік Корея балистикалық зымыранды сынақтан өткізді. Кым Чен Ын басқаруымен өткен сынақ кезінде ұшырылған зыvыран тұп-тура Ресей шекарасы маңына құлаған.

Үндістан байкот жариялады

Бұдан бөлек, "Бір белдеу, бір жол" саммитіне Үндістан қатысқан жоқ. Бейжіңдегілер Делиге арнайы шақырту бергенімен, Үндістан байкот жасап, наразылық танытты.

NDTV арнасының хабарлауынша, Қытай Пәкістанмен экономикалық байланыс орнатуына Үндістан Үкіметі наразы көрінеді. Ал экономикалық дәліз  Гилгит-Балтистанды басып өтеді. Бұл Пәкістан мен Үндістан арасындағы даулы аймақ.

Дегенмен Қытай "жаңа Жібек жолы" жобасына 13 миллиард доллар көлемінде қаржы құймақ. Мақсаты - Еуропа, Африка мен Азия құрлығына жалғасатын автомобиль жолы, темір жол мен теңіз жолын жүргізу. Бұл арқылы Қытайға шикізат пен энергоресурстар жеткізілсе, Қытай тауар саудаламақ.

ҚХР Төрағасының айтуынша, қазірдің өзінде бұл жобаға 65 мемлекет қызығушылық танытып отыр.

Ал Бейжің саммиті бүгінде жалғасып жатыр. Оған 100-ден астам елдің өкілі мен 29 мемлекеттің басшsлары қатысуда.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435