Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3140 0 пікір 29 Қазан, 2010 сағат 07:24

Өскемендегі «Алтай» технопаркінде қалпына келетін қуат көздерін пайдалану жөніндегі көрсетілім алаңы құрылды

Өскемен. 29 қазан. ҚазТАГ- Шығыс Қазақстан облысында (ШҚО) өңірлік «Алтай» ғылыми-технологиялық  бақ территориясында қалпына келетін қуат көздерін пайдалану бойынша полигон (көрсету алаңы) салынды. Онда тұрғын үй мен басқа да нысандарды автономды түрде қуатпен қамтамасыз ету жүйесінің жұмысы көрсетіледі.

«Автономды түрде өзін қуатпен қамтамасыз ете алатын үй түрінде салынған полигонда күн батареясы мен коллектор, автономды түрде сумен қамтамасыз ету жүйесі, кәріздік тастанды суларды биологиялық тазарту жүйелері, сондай-ақ технопарктің екі ғылыми зерттемелері – жел қуатының қондырғысы мен жылу сорғыштық қондырғысы пайдаланылады», - деп үйдің қуат үнемдегіш қондырғылары туралы жобаның жетекшісі, технопарктің «Заманауй аспаптар жасау» зертханасының меңгерушісі, профессор Валерий Петров айтып берді.

Мұнда ауаны тазарту және желдету жүйесі, бейнебақылау камералары мен желдің бағыты мен жылдамдығын, үйдің сырты мен ішіндегі температураны, ылғалдылықты, күн радиациясының деңгейін және жауған ылғалдың мөлшерін өлшейтін мәлімет өлшегіштері бар сандық метеостанция көрсетіледі, дейді В. Петров.

Автономды тұрғын үй кешенінің жобасы жеке тұрғын үй салуда, оның ішінде «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша да үй салуға, жазғы лагерлерді, ауыл мектептерін, тынығу базалары мен жайлаулардағы мал шаруашылығы мекенжайларын салуда пайдалануға болады.

Одан басқа, демонстарциялық алаң ғылыми және оқыту мақсаттарға да қызмет етеді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377