Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 10987 0 пікір 29 Қазан, 2010 сағат 15:00

«Әдеби әлем». Қазақстандағы алғашқы әдебиет порталы

http://adebiet.kz/

Тақырыптық номинациясы: әдеби шығармалар, поэзия, проза, ертегілер, аудармалар;
Ресурстық тілі: қазақша;
Ашылған уақыты: 2010;
Жоба авторы: Шыңғыс МҰҚАН

 

Жоба туралы:

http://adebiet.kz/

Тақырыптық номинациясы: әдеби шығармалар, поэзия, проза, ертегілер, аудармалар;
Ресурстық тілі: қазақша;
Ашылған уақыты: 2010;
Жоба авторы: Шыңғыс МҰҚАН

 

Жоба туралы:

Астанада, 28 қазанда «Әдеби әлем» атты еліміздегі алғашқы әдебиет порталының тұсаукесер салтанаты өтті. Аталған портал Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен құрылған. Бүгінде бұл сайтқа 164 автор тіркеліп, 6502 шығарма енгізілген. Яки, Асанқайғыдан Махамбетке дейін, Абай заманындағы әдебиет, Кеңес кезеңіндегі әдебиет пен тәуелсіздіктің таңы туғызған туындылармен қоса, әлем әдебиетінің қазақ тіліне аударылған классикасын, қазақ және әлем ертегілерін осы сайтқа енгізіп, жинақтап отыру көзделген. Сайтқа кірушілер саны қазірдің өзінде 150 мыңнан асып, күніне мыңға жуық адам кіріп-шығатындай көрсеткішке детіп отыр екен. Жобаға 7 млн теңге жұмсалған. Иә, ақпарат заманында ұлыларымызды жаһантор бетінде ұлықтамасақ болмайтыны көрініп тұр. Мысалы, Google іздеу жүйесінен Пушкиннің аты 7 миллионнан астам рет кездессе, Абай Құнанбаев есімінің ұшырасуы одан 175 есеге кем. Осы орайда «Әдеби әлемнің» қонақ кітабына кіргендер көбіне Қожа Ахмет Ясауи хикметтерін, Хусроу-Шырын дастанын, Мұхтар Шахановтың «Өркениеттің адасу» поэмасын, Бауыржан Момышұлы шығармаларын сұратып жатады. Демек, бүгінгі жастар кітап оқымайды деген шындыққа жанаса қоймас, сондықтан аталған жоба жаһантордағы қазақ әдебиет әлемін бір белеске көтерері анық.

Шыңғыс Мұқан, жоба авторы:

-  Қазақты сақтап қалған қазақ тілі. Ал қазақ тілін сақтап қалған қазақ әдебиеті. Сондықтан, интернетсіз ине қадам аттамайтын жастар үшін порталдың маңызы зор. Қазақ тілі - біздің жалғызымыз, әр адам өзінің жалғызына қалай қарайды, біз де ана тілімізді солай әлпештеп, ардақ тұтуымыз қажет. Сонымен қатар, қазақ интернет кеңістігінде академиялық ақпарат тапшы. Алдағы уақытта физика, биология, химия сынды іргелі ғылым салаларына арнап бір-бір сайт ашып қойса, тамаша болар еді.

Альберт Сафулин, «Нұр Медиа» ЖШС Бас директорының орынбасары:

- 80 жылға дейін Ленинге телініп келген «Оқы, оқы және оқы!» деген нақылдың өзі Алла тағаланың адамзатқа жолдаған лебізі екенін енді біліп жатырмыз. Сондықтан сайтта алдағы уақытта рухани танымымызды кеңейтетін Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)-ның хадистері де енгізілсе екен.

Қажығали Мұқамбетқалиев, жазушы:

- Біз ескірген ұрпақпыз. Халық өзге ұлттан қалып қоймас үшін заман үдерістерін меңгеру керек. Портал деген біздің қолымыздан келмейді, жастардың кірісіп жатқаны дұрыс екен. Әдебиет - ұлттың жаны. Сондықтан бұл өте тамаша бастама.

Жанар Елдосқызы

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377