Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 46097 0 пікір 6 Шілде, 2017 сағат 11:14

Рухани жаңғыру идеясы және ұлттық рух

Әр заманның ұрпаққа қояр өз талабы, өз міндеті бар. Ел мәдениетінің, мемлекеттің жүйелі түрде дамуы ұрпақтың уақыт талабына икемделуінсіз жүзеге асқан емес. Ұлттың тарихи санасының қалыптасу негіздерінің өзінде уақыт талабына бейімделу, мәдени ортаны қалыптастыруға деген ұмтылысы жатыр.

Рухан жаңғыру идеясы ата мекенмен ұлттың бір болуын, үнемі ұрпақ пен туған жердің байланысуын, адам мен табиғаттың тұтастығын негіздейді. Рухани жаңғыру ұлттық болмыстың негізінде мемлекет өмірінде қалыптасатын интеллектуадық өріс. Ол жеке адамды, ұрпақты, ұлтты, халықты табиғаттан, өзінің төл болмысынан ажыратып алып кетпейді, керісінше өз болмысының әлеуметтік рухани негіздерін сақтай отырып оны нығайтуға, қорғауға, сақтап қалуға ықпал ететін ұғым, ұлттық деңгей, бір ұрпақтың мемлекеттің тархы мен болашағы алдында жасайтын, қол жеткізетін жетістігі.

Рухани жаңғырудың негізінде жеке адамның, халықтың тұлғаға айналатындығын ата бабаларымыз жете түсінген. Батырлықтың, шешендіктің, тума талант иесі болып ұлт өнерінің тарихта терең арнасын қалдырудың өзі қазақ баласының тарихтағы жасампаздық рухының биіктігін көрсетеді. Ал ұлтына игілік әкелетін жасампаздық қасиет бұл жаңашылдыққа биім, өресі биік адамның ғана қолынан келмек. Сырттан келетін, елді әлсірететін, ең соңында елді тәуелсіздіктен айыратын нәрселерге тарихтағы қазақ жастарының рухани деңгейімен қарсы тұруы, ауызбіршіліктің, білімі арқылы саясаты мен тәжірибесі күшті жаумен иығын теңестіре білуінде. Бұл жаста болса қазақтың ұл, қыздарының заманынан қалмай болашақты зерделеп, ұлттық мүдде деңгейінде ойланған деңдеңгейін көрсетеді.

Қоғамда интеллектуалдық ой өріс болу үшін ұрпақ болмысы мінсіз болуы қажет. Елдің тұрмыс тіршілігімен тыныс алып, өмірімен етене байланысып өскен ұрпақ өмірге ширығып өседі. Өмірге ширыққан адам елге жаны ашитын, бойында бар қабілетті, қолы жеткен бар игілігін елге арнайды. Елге жаны ашитын зиялы адам өз заманының жетістігін білімге, өнерге, ғылымға жастарды бағыттау оның жетістігіне елдің қолын жеткізу деп түсінеді.

Жеке адамның, әлеуметтің рухани жаңғыруы өмірге, уақытқа ақыл парасатымен, білімімен бейімделе білуде. Адамды өмірге, қоғамдық ортаға, уақыттқа ақыл парасатымен, білімімен бейімдейтін ұлттық қасиетер мен құндылықтар. Атап айтсақ ұлттық сана, тарихи (тарих туралы) білім, ұлттық тәрбие, имандылық, тектілік және т.б. Бұлар жеке адамды қоғаммен, бүтін бір ұрпақты ұлттық негізімен біріктіреді. Бұлардан қол үзген адам рухан жаңғырудың биігіне жете алмайды. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу.... Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарих тәжірибемен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауы тиіс. Керісінше, заман сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі плюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды»

Рухани жаңғыру шыныменде ұлттың, елдің болмысына тән құбылыс және халыққа ортақ ұғым, ортақ ұстаным, тарихи қажеттілік. Мемлекет халықтың ортақ үйі,  сол үйді күтіп баптайтын, рухын сақтайтын, қорғайтын адам мемлекеттен, қоғамнан бөлінбейді, мемлекетінің мүддесінен, төл мәдениетінің болмысынан қол үзбейді. Керісінше мемлекеті, халық үшін, ұрпақтың келешегі үшін заманның талабын зерделеп, одан өтудің жолын білімімен іздейді. Адамды, халықты бұндай дәрежеде ойлауға жетелейтін ұлттық сана. Ұлттық сана елдің тархы мен мәдениетіндегі тәжірибелер арқылы ұрпақтың уақытымен үйлессе елдің тұтас ұлттық зердесі қалыптасады немесе заман талабына сай өрісін кеңейте түседі. Бұндай ұлттық сананың құбылысы тарихымызда үнемі өзінің танымдық қызметін атқарып отырған. Мәселен түркі қазақ жұртының Мәңгілік Ел болу идеясы ұлттың зердесінен туған дүние. Мемлекет басшысы мақалада атап көрсетілгендей, неғұрлым адам өзінің бар мүмкіндігін тарихтың елегінен өткізген сайын уақыт талабын игеруге қабілетті келеді.

Адамның санасы күрделі иррационалды мәндерге толы дүние. Адамзат қанша өркениет биігіне шығуға қол жеткізгенімен әлі осы күнге дейін сананың табиғаты толығымен зерттеліп болған емес. Бірақ барлығына мәлім нәрсе сананың табиғаты үнемі жаңғыруды қажет етеді. Адам баласының рухани жаңғыру қызметінің негізінде сананың дамуымен қатар жүретін нәрселер еңбек, білім, адамгершілі және кісілік деңгейде ойлау. Әр ұлттың болмысы мен мүддесінің қозғаушы күшіне айналған сана қашанда әлеуметтік және тарихи құбылысқа ие болады. Бұндай деңгейдегі сананың түрін ұлттық сана дейміз. Сондықтанда ұлттық сана қашанда рухани жаңғырудың негізі болып қала бермек.

Жеке адамның өзіндік санасының ұлттық санаға айналуы ұлттың руханяты арқылы жүзеге асады. Ұлттың руханияты ұлт болмысының интеллектуалдық өрісі мен деңгейін біріктіре отырып, ұрпақтың тулғалық қалыптасуы мен ел болмысының тұлғалануын қамтамасыз етіп отырады. Ұлттық санамен қалыптасқан және ұлттық зердеге бағынатын жеке адамның рухани ізденістерінің негізінде ел игілігіне ортақ, оның болашағына қызмет ететін танымы, бойындағы қасиеттері, білімі, тәжірибесі мен идеясы қалыптасады. Жүсіпбек Аймауытов жазып кеткендей, «Адам жанды нәрселердің ішіндегі ақылдысы, сезімдісі, қайраттысы. Ішіп- жеу жанды нәрселердің бәрінде бар. Адам дүниеде ақылды зат болса, өмір сүруінде де бір ақылды мақсат болуы керек. Тамақтану, нәпсісін ырза қылу, өсіп өнумен хайуанғана қанағаттанады. Егер адам да осындай керекпен ғана қанағаттанып өмір сүретін болса, адамның хайуандық жағы өсіп, ақылды адамшылық жағы өшкен болады». Рухани жаңғыру қоғамның барлық мүшесіне, ұлттың барлық өкілдеріне өз міндетін жүктейтін құбылыс. Рухан жаңғыру жолында адамдар бай кедей деп бөлінбеуі тиіс. Ұлттың мүддесі, тарихтың рухы, елдің болашағы халықтан, әрбір адамнан ортақ қасиетті, ортақ құндылықтарды, ортақ дүниелерді ғана талап етеді. Ұлттық код жеке адамды өзінің күшімен, рухымен, қасиетімен теңестіреді. Сондықтанда халық игілігін зерделеген адамға алға қойған мақсат, өзі бағындырған белес, шыққан биігі қабілеті, білімі, шығармашылығы арқылы келуі тиіс. Жеке адамның тұлғалануын, ел азаматы, зиялы адам ретінде танытатын қасиет жаңа тұрпаттағы рухани жаңғырудың негізгі үлгісі болып табылады.

Бүгінгі ұрпақ үшін рухани жаңғыру ұлттық қасиеттеріне ие болу және мәдениеттілікті, еңбек пен білімді иеленіп, кез-келген игілікті іске ынта мен жігерді танытып, қабілеттілікті көрсете білу, өмір жолында өз ісіне адалдық танытып, өзіне бағындырған құндылықтарды халықтың игілігіне айналдыра алатын деңгейге қол жеткізу, сол арқылы мемлекетінің мүддесіне, ұлтының болмысына күш беру. Елбасы айтқандай, «Ұлт немесе жеке адам нақты бір межеге бет түзеп, соған мақсатты түрде ұмтылмаса, ертең іске аспақ түгілі, елді құрдымға бастайтын популистік идеологиялар пайда болады».

Рухани жаңғыру ұлт пен оның өкілі жеке адамның кісілік табиғатына тәуелді. Ұлттық санада шынайылық, туралық, ұқыптылық орын алмаса әлеуметтік ортаның даму күші әлсірейді. Осы себептен тарихтың тәжірибесінен, уақыттың елегінен өткен құндылықтар сақталып, адамның қоғамдық ортадағы іс-әрекеті, қоғамдық психология сонымен реттеліп, кез-келген ел мүддесіне қажет нәрсе прагматикалық және реалистік принципте зерделенуі тиіс. Қазақ ұлтының ата мекен кеңістігін игеру, қорғаудағы ұстанымы да осы қағидамен жүзеге асып отырған.

Ұлттық код ұлттық болмыстың рухани көзі, тарихи негізі. Ұлттқ код болмаса тарихи ақпараттар, мәдени құндылықтар ұрпақ санасында бірікпейді. Ұлттың игілігіне негізделген барлық тарихи және заманауи ақпараттар ұлттық код арқылы ұлттың зердесінде жинақталып, таратылып, өңделіп жүзеге асып отырады.

Мемлекеттің тарихы ғасылар бойы қаланып отыратын қамал сияқты. Әр ғасырдың ұрпаққа жүктелетін міндеті мемлекеттің қажеттіктерін өтеу мәселелерінен туындайды. Қазақ хандарының заманында мемлекетті қалыптастырып нығайту, оны үнемі ел болып қорғап отыру ұрпақ міндетіне жүктелді. Сол кездегі ата бабаларымыз өздеріне жүктелген міндетті ұлттық парыз деңгейінде түсініп қабілетті, білікті, есті, кемеңгер, ерік жігері мол жауынгер болуға ұмтылды. Жауынгерлікті адам мал мен пұлға сатып ала алмайды, ол ұлттық тәрбиемен, діни сауаттылықпен, баланың жастайынан ел тұрмысымен араласып ширығып өсуімен келеді. Осы себептен ата бабаларымыздың батыр, би, шешен және тума талант өнер иесі болуында қазақ ұлтының тарих өмір мен уақыт талабына ілесе білген қабілеті жатыр.

Уақыт бір орында тұрмайды, заман алға жылжиды. Уақыт өрісіндегі заман болмысының ерекшеліктері мен белгілері ұрпаққа жүктелетін міндетіне тәуелді. Өз дәуірінің ел болашағымен біріктіретін міндетін дұрыс орындай білген ұрпаққана мемлекетінің мүддесін сақтап, өзінен кейінгі буынға табыстап кетеді. Аға ұрпақтың кейінгі буынға табыстайтын дүниелері ұлттық құндылықтар. Олардың кейінгі дәуірде өмір сүруіне ықпал ететін ұлттық қасиеттер. Ұлттық қасиеттер болмаса ұрпақтың бірегейлікте өмір сүру ұстанымы қалыптаспайды. Абай айтқандай ұлттық сана болмаса қара басының қамынан аса алмаған, бас басына би болған өңкей қиқым ұлттық рухы жоқ адамнан шығады. Осы себептен ұрпақтың заман талабына сай ізденуіне, рухан кемелденуіне, бірігуіне ықпал ететін ұлттық код.

Рухани жаңғырудың негізі ұлттың қасеттері мен рухан құндылықтарға тәуелді болса, оның әлеуметтік өрісі қашанда білімге, еңбекке және табандылыққа келіп тіреледі. Қазақ баласына білімнің рухын түсіндерген. Жеке адамның білімге деген құрметі  оның толыққандың білім алуына, рухан деңгейінің қалыптасуына қыпал етеді. Абай мен алаш зиялыларының заманында ел тұрмысының қиыншылығына қарамастан көзі ашық, көкірегі ояу қазақ зиялыларының шығуына ықпал еткен қазақтың өнер, білім және ғылым туралы кемел түсінігі. Ұлттық тәрбедедегі уақыттан қалмайтын және білімі тозбайтын құндылықтар олардың талапты, арлы, жігерлі, еңбекқор, қиындыққа төзімді, ақылды және рухани терең болуына ықпал еткен. Осы тұрғыдан алаш зиялыларының болмысына, тархи қызметтеріне қарайтын болсақ рухан жаңғыру ұрпақтың тарих, отан, келер уақыт алдындағы кісілік қасиеттерімен тұлғалық ұстанымының әлеуметтік ортада қатар сақталуы. Ұлттық кодынан қол үзбеген жеке адам заманынан қалмайды, өз заманында алға ұмтылады, өз заманның жетістіктеріне қол жеткізеді және оны ұлт игілігіне айналдыра алады. Алаш зиялысы Әлихан Бөкейханов жазып кеткендей, «Әділдік жоқ жұртта, береке бірлік болмайды. Байлықты өнермен, шаруамен, қызметпен іздемей, жұртты тонап, момынды жылатып іздеген мырзалар, қысты күні үңгірде жатып өз аяғын сорған аю мысалында ғой, қанша қомағайланса да, сорғаны өз аяғы» Рухани жаңғыру жаңашылдыққа қол жеткізу, заманның жетістігін бағындыру. Жаңашылдық әлеуметтік ортадағы мәдениеттілікпен өлшенуі тиіс, парақорлық, жемқорлық күш алған тұста жеке адамның, әлеуметтік ортаның рухани жаңғыруы, жаңашылдығы тежеліп отырады.

Туған жерін ұмытпайтын адам туған елін қадірлейді. Елді қадірлеу туған жердің рухын бойға сіңіріп өсуден басталған. Сондықтанда елде туып, елде тұрып елге жаны ашымаған адам зиялылар қатарында болған емес. Зиялылықтың бірінші шарты адамның туған жерге, халыққа және ұлт болашағына деген шынайы жанашрылығынан бастау алмақ.

Ұлттық рух бар жерде рухани жаңару күш алады. Мемлекет басшысы мақалада атап көрсеткендей ұлттық сана, ұлттық код рухан жаңарудың түп қазығы, ұлттың негізі арқылы жеке адамның, халықтың, елдің уақыт талабына сай ізденуі, еңбек қоғамын құруы, уақытты, еңбек пен білімді, денсаулықты қатар бағалап, қатар қорғай алған қоғам ұлттық рухымен мемлекетіне, қоғамына, еліне игілік әкелетін дүниелерді қалыптастырады.

Үмбетхан Қуандықұлы Сәрсембин, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5341