Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3409 0 пікір 31 Қазан, 2010 сағат 20:16

ШҰБАТ ӨНДІРІСІМЕН АЙНАЛЫСПАҚ

Келесі жылдан бастап Екібастұз жерінде шұбат өндіріле бастайды. Әзірге біздің жерлестеріміз шұбаттың қадірін де, қасиетін де толық түсінбейді. Ол түгілі, жазық даламызда шудалары желкілдеген түйені де көрмегеніміз көп. Алайда медицина ғалымдары ұлттық сусынның денсаулыққа аса пайдалы екенін әлдеқашан дәлелдеп қойған. Біздің өңіріміз үшін тың өндірісті «Екібастұз ет өңдеу кешені» серіктестігі игермек. Бүгінде ол үшін түйелер сатып алынған. Білетіндердің айтуынша, бүгінде Еуропаға шұбат өткізумен айналысатын оңтүстік кәсіпкерлердің табысқа шаш-етектен кенеліп жүрген жайы бар. Тіпті бұл кәсіптің табысы автокөлік сатудан түсетін нәпақадан да артық болса керек. Павлодар облысына таңсық шұбат өндірісін қолға алғандар көп кешікпей-ақ салымның ақталатынына сенімді. Ұлттық сусынның дүкен сөрелеріне шығуы біздің денсаулығымыздың сауығуына да септігі тиері сөзсіз.
Ойсылқара түлігін қазақ ежелден ерекше бағалаған. Оның емдік сүтін ғана емес, жүнін де тұрмыстық қажеттілікке кеңінен қолданған. Көнекөз қариялар түйе жүнінен жасалған көрпенің әрі жеңіл, әрі жылы екенін жиі еске алады.

Төрт түліктің төресін шаруашылықта өсіруді ойлағанда да, «Екібастұз ет өңдеу кешені» ЖШС-нің оның осы бағалы қасиеттерге бай екендігін ескергені анық. Серіктестік басшысы Е. Жұмадиевтің айтуынша, 86 түйе өткен жылы Қызылорда облысынан әкелінген. Шыжыған ыстықтан күйген даланың тікенек шөптеріне, аңызақ желіне әбден үйреніп кеткен түйелерді сары аяз сорған солтүстік аймаққа әкелу де бір тәуекелі көп іс екені мәлім. Олардың бірден жерсініп кетуі де қиын. Соны ойлаған шаруашылық бақташылары табиғат жағдайына бейімделсін деген ниетпен қос өркешті түліктерді Қызылордадан Екібастұзға дейінгі аралықта алты ай бойы бағып жүріп жеткізген.
Түйе малы ботасын 13 ай көтереді екен. Туған төлін бір жыл мәпелейді. Сөйтіп олар екі жылда бір рет қана төлдейді. Соның өзі - біздің өлкедегілер үшін тың жаңалық. Тумысымыздан Ойсылқара тұқымын көрмесек, оны бағу да қайдан қолымыздан келсін?! Бірақ шаруашылық басшысы оның жолын тапқан. Екібастұздың ауылдық аймағына шетелден қоныс аударып келген қандас ағайындарымыз бар. Олар түйенің бабын біледі. Келесі жылы шұбат өндірісін іске қосуда да ағайындардың еңбегі оңынан пайдаланылады.
Былтырғы қыс оңтүстік аймақтың жануарлары түгілі, осындағы жергілікті төрт түлік үшін де оңай соқпағаны анық. Бірақ ырғайдай мойындарын биікке созған түйелер төзімді болып шықты. Рас, Қызылордадан келгендегідей емес, күйін жоғалтты. Біз шаруашылықта болғанымызда түйелердің қоңыр жабағы жүндері түсіп жатқанын көрдік. «Түлеп жатқандары ғой» деді жылқыға мініп, қос өркештілерді қайырып жүрген бақташылар.
Биылғы жылы өздерінің көнбістігін танытқан түйелер біраздан соң қоң жинай бастайды. Біздің аймақта да түйе шаруашылығын дамытуға болатынына көз жеткізген «Екібастұз ет өңдеу кешені» серіктестігі биыл тағы 50 қос өркештіні сатып алуды жоспарлаған.
- Әзірге Павлодар аймағының жұртшылығына ұлттық сусынды ұсынатын ешкім табылмай тұр. Оңтүстік өңірлердің тәжірибесіне қарағанда, емдік сусыннан түсетін пайда әжептәуір. Болашақта түйенің жүнін де пайдаға жаратуды қолға аламыз, - дейді серіктестік басшысы Е.Жұмадиев. Ол қысы-жазы ен далада емін-еркін жайылатын төрт түліктің төресі Екібастұз аймағын бірте-бірте жерсініп кетеріне әбден сенімді.
Жалпы, Екібастұздың ет өңдеу комбинаты - сапалы ет және шұжық өнімдерін өндірумен көпке танымал, жергілікті нарықта өзіндік орны бар іргелі кәсіпорын. Бұған дейін өндіріске пайдаланылатын ірі қара мал еттерін басқалардан сатып алып келген кәсіпорын 2007 жылы жеке шаруашылық құруды қолға алған екен. Қазірде қаладан жырақта орналасқан фермада әрқайсысында 800 бас мал тұратын төрт баз, 200 бас малға арналған бордақылау орталығы бар. Осы күні шаруашылықта Железинка ауданының «Бақауов» шаруа қожалығынан сатып алынған әулиекөл тұқымдас 812 ірі қара мал өсірілуде. Айтпақшы, жаңадан салынған фермада ердің қанаты саналатын 60 сәйгүлік те ерекше күтіммен ұсталады. Заманға сай алға басуды көздеген «Екібастұз ет өңдеу кешені» ЖШС өзінің жұмсап жатқан инвестициялық салымдарының аз уақытта қайтарымы болатынына толық сенімді.

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1457
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3225
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279