Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 5428 0 пікір 31 Қазан, 2010 сағат 20:39

Еліміздің бірден бір Ата Заңы болып табылатын Қазақстан Республикасы

Конституциясының қабылданғанына, міне, биыл 15 жыл толғалы отыр. Республика халқы үшін осынау аса қасиетті маңызды болып табылатын тарихи құжаттың құндылығы туралы да, мән-мағынасы туралы да айтар әңгіме аз емес. Кезінде бұл жайында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та былай деген болатын: «Біздің Конституциямыз - бұл Қазақстан халқының өз қалауы. Бағалауға және құрметтеуге тұрарлық таңдау. Конституция бойынша өмір сүру - бұл барлығымыз игеруге қажетті демократияның жоғары мектебі».

Тоғыз бөлім, тоқсан сегіз баптан тұратын бүгінгі қолданыстағы осы Конституциямыз рет саны бойынша Қазақстан Республикасының төртінші Ата Заңы болып табылады. Соңғы екеуі Қазақстанның жаңа тарихында өте елеулі орын алатын айрықша оқиғалар. Себебі, онда тұңғыш рет еліміздің тәуелсіздігі, егемендігі, мемлекеттік құрылысы, азаматтардың құқықтық мәртебесі, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметтік жүйесі заңдық тұрғыдан толық бекітіліп берілген еді.

Конституциясының қабылданғанына, міне, биыл 15 жыл толғалы отыр. Республика халқы үшін осынау аса қасиетті маңызды болып табылатын тарихи құжаттың құндылығы туралы да, мән-мағынасы туралы да айтар әңгіме аз емес. Кезінде бұл жайында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та былай деген болатын: «Біздің Конституциямыз - бұл Қазақстан халқының өз қалауы. Бағалауға және құрметтеуге тұрарлық таңдау. Конституция бойынша өмір сүру - бұл барлығымыз игеруге қажетті демократияның жоғары мектебі».

Тоғыз бөлім, тоқсан сегіз баптан тұратын бүгінгі қолданыстағы осы Конституциямыз рет саны бойынша Қазақстан Республикасының төртінші Ата Заңы болып табылады. Соңғы екеуі Қазақстанның жаңа тарихында өте елеулі орын алатын айрықша оқиғалар. Себебі, онда тұңғыш рет еліміздің тәуелсіздігі, егемендігі, мемлекеттік құрылысы, азаматтардың құқықтық мәртебесі, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметтік жүйесі заңдық тұрғыдан толық бекітіліп берілген еді.
Тәуелсіз Қазақ мемлекетінің өз егемендігін қолына алғаннан кейінгі алғашқы Конституциясы тұңғыш рет 1993 жылы қабылданғаны белгілі. Алайда, оның заңдық, құқықтық қағидаларды пайдаланудағы ішкі ресурстарының толық болмауы себепті, оның ең басты ұлы саяси миссияны, яғни қоғамды біріктіре алатын әлеуетінің әлсіз болуы жаңа мемлекеттік құрылымды ойлағандай деңгейде дамытуда қауқарлы болатындығына күмән көп болды. Сол себепті де, 1995 жылғы 30 тамызда еліміздің жаңа тарихи миссияларын өз бойына түгел шоғырландырған жаңа Конституциямыз қабылданды. Дәл сол уақыттан бастап мемлекетіміздің барлық салаларында да құқықтық реттелудің жаңаша қарқынды үдерісі басталды. Жаңа Ата заңымыз күшіне енген уақыттан бастап құқықтық мемлекеттің берік негізі қаланып, заңдылық пен тәртіп нығайтылып, ел азаматтарының конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету бағытындағы ауқымды және күрделі жұмыстар қолға алынды.

Осынау жаңа заңды қабылдауда ең алдымен Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамашылдығы ерекше рөл атқарғандығын әдейі атап айтқан жөн. Оның араласуымен және басшылық жасауымен бұл іске қазақ елінің аса көрнекті заңгерлері, заң ғылымдарының докторлары - Салық Зиманов, Сұлтан Сартаев, Ғ.Сапарғалиев және Нағашыбай Шайкенов сынды ғұламалар зор еңбек сіңірді. Олар Америка Құрама Штаттарының, Францияның, Англияның, Канаданың және басқа да көптеген дамыған елдердің Ата Заңдарының тәжірибелерін саралай отырып, өз еліміздің өзгерген, толықтырылған, барлық ерекшеліктері толық қамтылған Ата Заңын өмірге келтірді.

Дей тұрғанмен, елімізде болып жатқан көптеген оң өзгерістерге де қарамастан, экономикалық реформалардың бірден зор қарқынмен және көлемді жүргізілуі мен саяси тұрақтылықтың, тұрғындардың әл-ауқаты артуының, әлемдегі ең дамыған 50 елдің қатарына кіруге деген табанды ұмтылысымыздың, демократияны күшейту мақсатындағы шешімдеріміздің бәрі де Ата Заңымызға әлде де толықтырулар мен өзгерістер енгізудің қажеттілігін алға тарта берді. Сол себепті де 2007 жылдың 21 мамырында Елбасының әдейі өз ұсыныстарымен жаңа Конституциялық реформа жүзеге асырылды. Сөз жоқ, бұл маңызды оқиға да қоғамымыздың дамуындағы бетбұрыстық жаңа кезеңнің бастамасы, яғни Қазақстанды демократияландырудың жаңа сападағы сатысы деуге болатын еді.
Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген нақты ұсыныстардың ең негізгісі - Қазақстан Республикасы Парламентінің рөлін арттыру бастамасы болды дей аламыз. Жаңа реформаға сәйкес енді бұдан былай Мәжіліс депутаттары пропорционалдық сайлау жүйесі бойынша сайланатын болды, мәжілісмендердің саны 107-ге дейін ұлғайтылып, оның 9-ы Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан өкілдік ететін болды. Сенат депутаттарының саны президенттік квотаның есебімен 7-ден 15 депутатқа дейін жеткізілді. Сонымен қатар, еліміздің саяси жүйесінің президенттіктен президенттік-парламенттік жүйеге ауыстырылуына, Парламенттің Үкімет қызметіне бақылау жасау жөніндегі өкілеттілігі күшейтілуіне, саяси партиялардың рөлін арттыруға бағытталған өміршең алғышарттар жасады. Жалпы алғанда, 2007 жылғы Ата Заңға енгізілген осындай өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстандағы демократиялық реформалардың жалпыұлттық бағдарламасы деп те қабылдауға болатын еді.

Қазақстанның көпұлтты, көпдінді халқының достығын нығайтудағы, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі Ата Заңның рөлі айрықша екендігі даусыз. Оның кешегі өтпелі кезеңде елдің бірлігін сақтап, түрлі ұлыстардың ұюына үлкен ұйытқы болғаны бұған дәлел.

1995 жылы елімізде ұлт саясатын іске асырудың тағы бір бірегей тетігі ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғаны белгілі. 2007 жылғы іске асырылған конституциялық реформа бұл Ассамблеяның мәртебесін одан әрі жоғарылатты. Сол арқылы басқа этностардың да еліміздің дамуына қосатын үлесіне зор жауапкершіліктер жүктелді.

Қазақстан қоғамы бүгінде бүкіл әлем сусап отырған ұлтаралық татулық пен келісімді, саяси тұрақтылық пен өзара берік сенімге негізделген қарым-қатынасты қамтамасыз етуші бірден бір мемлекет болып отыр. Мұндай ұстаным еліміздің бүкіл тәуелсіздігі жылдарында да мемлекеттің бүкіл ішкі саясатының сара өзегі болды. Қазақстанда ұлттық-мәдени саналуандық пен бірлікті жаңғырту, сонымен қатар елді дамытудың мемлекеттік саясаты жүзеге асырылды. Елде шағын ұлттардың тілі мен мәдениетіне оңтайлы жағдайлар туғызылуда. Олардың мүддесін қорғайтын арнайы «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңының қабылдануы да, Парламенттегі Ассамблея атынан сөйлейтін 9 өкілдің депутат болып отыруы да осы айтқандарымыздың айқын дәлелі іспетті.

Әлемдік қауымдастықта біздің еліміз бейбітшілік пен ұлтаралық, дінаралық татулық пен тұрақтылықтың сенімді аралы ретінде тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап-ақ ұлттар мен ұлыстар арасында көптеген шаралардың жүзеге асуына даңғыл жол ашты. Қазақ елі жалпы қай уақытта да халықтар арасындағы бейбітшілік пен татулық ұстанымдарына деген өзінің ерекше адалдығымен танылған ел ғой. Мұның бәрі де Конституциядағы мемлекет қызметінің басты қағидаларының және қоғамдық-саяси өмірде өз бағыттарына деген табандылығының бірден бір нәтижесі екені сөзсіз.

Конституция қабылданған кезден бері еліміз демократиялық жүйені қалыптастыруда алға қарай көп ілгерілеп, әлеуметтік-экономикалық дамуда біраз оң нәтижелерді иеленді, құқықтық мәдениеттің берік іргесі қаланды, тәртіп нығайып, жеке азаматтардың құқықтарын қорғау жүзеге асырылды, жас мемлекетіміздің халықаралық беделі көтерілді. Ата Заңымыз бүгінде еліміздегі тұрақтылықты қамтамасыз етуде маңызды қызмет етіп келе жатқан басты құжатқа айналды.

Сайып келгенде, Қазақстан Республикасы Конституциясының күні осынау маңызы аса зор құнды құжатты қабылдаған күн ретінде ғана емес, ол барлық қазақстандықтар үшін нағыз ерекше, қасиетті мереке болып табылады. Олай дейтініміз, еліміздің толыққанды демократиялық-құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуы үшін, азаматтардың өз қарым-қабілетіне қарай еңбек етіп, еркін өмір сүруі үшін Ата Заңда барлық мүмкіншіліктер қарастырылған. Осы маңызды ойды дұрыс қабылдаған әрбір Қазақстан азаматы тәуелсіз еліміздің шаңырағын биікке көтеріп, мемлекет пен қоғамды өркениетті елдердің қатарына қосу міндетін жоғары дәрежеде атқаруға атсалысса, Қазақстанның жарқын болашағына деген сенім де зор болар еді. Сондықтан да, бүгінгі таңдағы біздің алдымызда тұрған ең басты міндеттердің де бірі еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін Ата Заңның барлық қағидаларын да бұлжытпай орындап және жеке тұлғалардың, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік ұйымдардың Қазақстан Республикасының Конституциясына деген құрметтеу сезімдерін арттыру болып отыр.

Біздер, ағарту саласының қызметкерлері, мұғалімдер мен оқытушылар мектептерде, колледждерде, жоғары оқу орындарында жастарға Қазақстан Республикасы Конституциясының мазмұнын жан-жақты, терең ұғындыруға ерекше мән беруіміз керек. Бұл бағытта Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университеті де бірқатар іс-шараларды жүзеге асырып келеді. Жалпы университет бойынша және факультеттерде Ата Заңға байланысты ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, кездесулер өткізіліп келеді. Қазақстан Республикасының басты жетістіктерінің бірі болып табылатын ұлтаралық келісім және тұрақтылық мәселесін насихаттау мақсатында гуманитарлық факультетте «Қазақстан Республикасы халықтарының мәдениеті» пәнін оқыту енгізілген.

Ш. НАҒИМОВ
.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1461
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5295