Қазақстанның кәрістері: кешегісі мен бүгінгісі
Ең Хун СОН, Ханкук Шет тілдері университеті Ортаазиятану кафедрасының профессоры
1926 жылғы Бүкілодақтық санақ бойынша Қазақстанда 42 кәріс болса, 1989 жылғы санақта 103315 адамға өскен (1).
Қазақстандағы кәрістер санының бұлай күрт өсуі 1937 жылғы Ресейдің Қиыр Шығы-сынан жаппай жер аударылуына байланысты болды. Ал Қиыр Шығысқа бұл бейбіт, қара-пайым халық Жапон басқыншылығынан қашып келіп қоныстанған еді. Міне, осынау ұйып отырған ұлт бүкіл Кеңестер Одағында 182339 адамды құраса, соның 96453-ін жаппай Қазақстанға жер аударды. Қалғандарын басқа республикаларға бөліп-бөліп, күштеп көшірді. Одақтас республикалардың бәрін қосқанда Қазақстанда тұратын кәрістер саны әлде қайда көп (2).
Еріксіз көшіріліп әкелінгендердің (жал-ғыз кәрістер емес) жағдайы адам төзгісіз болғаны мәлім. Оларды әр елдімекенге бөліп-бөліп орналастырғанмен, барған жерлерінде қаражатты былай қойғанда үй-жай, мал-мүлік, азық қоры мүлде жоқтың қасы еді.
Ең Хун СОН, Ханкук Шет тілдері университеті Ортаазиятану кафедрасының профессоры
1926 жылғы Бүкілодақтық санақ бойынша Қазақстанда 42 кәріс болса, 1989 жылғы санақта 103315 адамға өскен (1).
Қазақстандағы кәрістер санының бұлай күрт өсуі 1937 жылғы Ресейдің Қиыр Шығы-сынан жаппай жер аударылуына байланысты болды. Ал Қиыр Шығысқа бұл бейбіт, қара-пайым халық Жапон басқыншылығынан қашып келіп қоныстанған еді. Міне, осынау ұйып отырған ұлт бүкіл Кеңестер Одағында 182339 адамды құраса, соның 96453-ін жаппай Қазақстанға жер аударды. Қалғандарын басқа республикаларға бөліп-бөліп, күштеп көшірді. Одақтас республикалардың бәрін қосқанда Қазақстанда тұратын кәрістер саны әлде қайда көп (2).
Еріксіз көшіріліп әкелінгендердің (жал-ғыз кәрістер емес) жағдайы адам төзгісіз болғаны мәлім. Оларды әр елдімекенге бөліп-бөліп орналастырғанмен, барған жерлерінде қаражатты былай қойғанда үй-жай, мал-мүлік, азық қоры мүлде жоқтың қасы еді.
Еріксіз жер аудару үш бағытта жүрген болатын. Біріншісі - жоспарлы түрде, Қазақстанның ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібін дамыту үшін, яғни, ел экономикасын көтеруге бағытталып көшірілген жұмыс күші. Екіншісі - 1936 жылдан бастап әлеуметтік топтар қудаланып еріксіз жер аудару. Үшіншісі - ең сорақысы, ұлттық белгіге қарап, күштеп көшіру. Оған Батыспен Шығыстан да, Орталық пен Таулы аймақтардан да көптеген ұлттар кірді. Олардың салт-дәстүрі де, тілдері де, тұрмыс-тіршіліктері де күтпеген жерден өзгерді. Соның бірі кәріс ұлты болатын.
Бұл жерде өздері де әзер-әзер күн көріп отырған жергілікті тұрғындар зорлықпен көшіп келгендерге қолынан келген барлық көмегін аямағанын басып айтқан абзал.
Кәрістерді негізінен, қалалық орталықтардан алыс елді мекендерге қоныстандырды. Ол жерлерде мектеп, ауруханалар мүлде жоқ еді. Жергілікті халық және басқа ұлттармен араласуға, жанұя құруға, тіл, салт-дәстүр, ұлттық ұяңдық, томаға-тұйықтық, қуғын-сүргін әсері, тағы басқа себептер қиындық туғызды.
Міне, осы тұста өзінің ұлттық үрдісі - еңбекқорлығы арқасында, әсіресе, жер өңдеу, бақша өнімдерін отырғызу, суармалы жер-лерді игерудегі икемділіктері кәрістерді өздері жұмыс істеген колхоз-совхоз ұжымдарында беделге ие етті. Сондықтан да оларға сенім білдіріліп, арнайы корей колхоздары құрыл-ды, басқа ұжымшарлардан кәрістерге арнайы жер бөлініп берілді.
Сол бөлініп берілген жерлерді жақсы игерген корей колхоздарына түрлі егістікте дәнді-дақылдар егуге ұлықсат етілді. Мысалы 1938 жылғы 8 наурыздағы Солтүстік Қазақстан обкомының бюросында корей колхоздарына бидай егуге - 2920 га, картопке - 80 га, сұлыға - 880 га, арпаға - 250 га, күнбағысқа - 100 га тарыға - 300 га жер бөлінді. Бұндай мысал-дарды басқа облыстардан да көптеп келтіруге болады. Бюроның жоғарыдағы қаулысы орын-далып, өте жақсы өнім алынды.
Жалпы әр облыстардағы осындай Қаулыларды орындамау мүмкін емес еді. Өл-тіріл, жүдеп-жада, бірақ орында.
Бұл тапсырмаларды орындау, біріншіден, жер аударылған кәрістерге деген саяси-қоғам-дық көзқарас болса, екіншіден, үй-іші мен балаларының тамағының тоқтығы, дендерінің сау болуы деп білген жөн. Яғни, өмір сүрудің алғы шарты деп түсіну керек.
Уақытпен санасу, сағатпен белгілі мерзімде жұмыс жасау, «демалыс күндер» деген ұғым ол кезде ойға да оралмайды және бұл жалғыз кәрістердің басына ғана үйірілген бұлт емес еді. Ол кезде бұдан да басқа керағар жағдайлар орын алып жатты. Кәрістер қалаларға жақын жерлерден егіс алқаптарын беруді өтінсе, оған көбіне рұқсат берілмеді. Жоғарыдан жіберілетін «күріш ек», «күн-бағыс ек», «қызылша ек» деген бұйрықтарға егетін жер жағдайы мен ауа райы сәйкес келмейтін кездер жиі болды.
Жалпы жер аударылған кәрістер тек қана адал еңбектің арқасында тірі қалып, болашақтан үміт күтуге болатынын нақты түсінді.
Ал, екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі жағдай тіпті қиын болды. Бұл кезде Кеңес өкіметінің басқа ұлттары секілді кәрістер де «Бәрі де Отан үшін!», «Бәрі де майдан үшін!» деген ұранмен қажырлы еңбек етті. Тіпті соғысқа барғандардың өзін жартылай қазармалық, еңбек колонналарына жұмысқа салып ашықтырды.
Соғыстан кейінгі жылдардағы, әсіресе Хрущев тұсындағы «жылымық» та кәрістерге жақсылық әкелген жоқ. Бұл жерде ең үлкен мәселе - білім алу мен тіл үйрену. 1953 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан компартиясының Орталық Комитетінде «Корей ұлтының оқушылар құрамы бар кейбір мектептерде корей тілін оқыту туралы» құжат қаралып, Білім министрлігіне корей ұлтының балалары шоғырланған мектептерде корей тілін оқытып, сол мектептерді әдебиетпен, оқулықтармен қамтамасыз ету қажеттігі жүктелді. Бірақ бұдан бірнеше жыл өткен соң, кәріс балалары шоғырланған елді мекен жоқтың қасы деген сылтаумен бұл іс аяқсыз қалды. Өйткені Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі бар болғаны үш корей мектебі сабақтарын жеткілікті әдебиетсіз, оқулықсыз өткізіп жатты. Елдің басқа аймақтарында корей тіліндегі мектептер болған жоқ. Кәріс балалары негізінен орыс тілді мектептерде дәріс алды. Біртіндеп бұрын білім маңайына жолатылмаған кәріс интеллигенциясы көбейе бастады.
1980 жылдардың соңындағы демократиялық қайта құрулар 90 жылдардың басындағы Ел Тәуелсіздігіне алып келді. Қазақстанның Тәуелсіздігімен бірге экономикалық дербестік, ұлттық мәдени орталықтар дүниеге келді. Соның бірі - 1990 жылы ашылған Корей мәдени орталығы. Елдегі ең ірі жоғарғы оқу орны - әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінде шығыстану, оның ішінде корейтану факультеті жақсы жұмыс істей бастады. Оның дәріс беру жүйесіне шетелден (Сеулден, т.б. қалалардан) жоғары дәрежелі маман оқытушылар, ғылым докторлары, ғылым кандидаттары, тіл мамандары ша-қырылып отырды, өздері сынақ алды. Бұ-рынғы Кеңес Одағы құрамындағы барлық мемлекеттерден кәріс жеткіншектерін Сеул, т.б. қалалардағы оқу орындарына ұйымдасқан түрде апарып, олардағы білім деңгейімен таныстыру, қазіргі кезде жүйелі түрде жүргізілуде.
«Қазақстанда ғасырлар бойы түрлі этностардың тұруы айрықша қазақстандық менталитетті қалыптастырды. Оған көңіл-күйдің шығандаушылығы мен этностық оқшауланушылық жат. Азаматтық бірлесуге, халықтық дәстүрлер мен құндылықтарды біріктіруге деген құлшыныс басым.
Осы заманғы Қазақстанның бірегейлігі этностық сан алуандылығында. Бұл қазақстандықтарға басқа халықтармен құнды мәдени жетістіктерді алмасу мүмкіндігін беретін біздің бүкіл қоғамның орасан зор байлығы, ортақ жетістігі».
Бүгінде өзінің отанына айналып отырған Қазақстанды көркейтуге кәрістер де басқа ұлт өкілдері секілді ат салысуда. Нарықтық экономика олардың еңбегінің жемісін көрсетуде. Еңбек етсе, қаржыға да, балаларының білім алуына да жол ашылатынын көріп, біліп отыр.
Кезінде шетел түгілі көрші ауданға баруға рұқсат ала алмайтын жер аударылғандар, бүгінде әлемнің қай түкпіріне барам десе де, оқимын десе де жолы ашық.
Ал тікелей Қазақстанға келетін болсақ, бүгінде кәріс ұлтының өкілдері еңбек етіп, қызмет істемейтін бір де бір шаруашылық саласы жоқ деуге болады. Ғылым-білім ордаларында болсын, бизнесте, саясатта болсын, үлкен компанияларда болсын, банк жүйесінде, спортта, мәдениетте, теле-радиода, БАҚ-та, қысқасы, қоғам өмірінің барлық салаларында кәріс азаматтары мен азаматшалары өнікті еңбек етуде. Парламенттен бастап аталған барлық саладағы кәрістердің нақты аты-жөнін түгендеуге талай парақ кетері анық. Бұлардың бәрінің тағдыры Қазақстанның саяси-экономикалық дамуымен тығыз байланысты. Ел ертеңі - біздің де ертеңіміз.
Оңтүстік Корея Республикасы
«Қазақ тарихы» журналынан