Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3013 0 пікір 2 Қараша, 2010 сағат 22:19

Азиада: қазақтың қаражаты азаяды

Ағымдағы жыл - алашапқын, шабылыстың жылы болып тұр. Әуелі ЕҚЫҰ на төрағалықты қолға алдық. Халықаралық ұйымның ырду-дырдуымен жүргенде елдің беделін арттыру мақсатында Астана мен Алматы қалаларында бел астында тұрған 2011 жылы өтетін Азиаданың да шаңы көріне бастады. Азиада жақындаған сайын саудагерлер мен бизнесмендер пайданың астында қалудың қамына қызу кірісіп, алақандарын ысқылап, мұрындарына су жетпей ойға, қырға шапқылап жүр. Қайтсін енді, өлгенде көрген бір той.

Ағымдағы жыл - алашапқын, шабылыстың жылы болып тұр. Әуелі ЕҚЫҰ на төрағалықты қолға алдық. Халықаралық ұйымның ырду-дырдуымен жүргенде елдің беделін арттыру мақсатында Астана мен Алматы қалаларында бел астында тұрған 2011 жылы өтетін Азиаданың да шаңы көріне бастады. Азиада жақындаған сайын саудагерлер мен бизнесмендер пайданың астында қалудың қамына қызу кірісіп, алақандарын ысқылап, мұрындарына су жетпей ойға, қырға шапқылап жүр. Қайтсін енді, өлгенде көрген бір той.

Азиада алауы тұтанатын уақыт жақындаған шақта Азиада ойындарының Алматыдағы жетекшісі Сұлтанмахмұт Шоқпытов орнына түсіп қалды. Ол кісінің не себепті қызметінен кеткенін жалпақ жұртқа түсіндірген жан болған жоқ. Есесіне, күні кеше С.Шоқпытовтың орнына Сұлтанбек Сыздықов мырзаның тағайындалғаны мәлңм болды. Сұлтандардың бірі келіп, бірі кетіп жатыр. Мейлі, бірақ елімізге үлкен сын болғалы тұрған Азиада ойындары ойдағыдай өтсе болды әйтеуір.
Сонымен, алдағы жылдың айшықты оқиғасына айналғалы тұрған Азиадаға жұмсалатын қаржы көлемі туралы ақпараттарда жарық көре бастады. Үкімет Азиада ә дегенде 768 200 000 доллар қаражат бөлген. Кейін тағы да үстемелеп 301 500 000 доллар және берген. Ал, Азиаданың негізгі демеушілік пакетін «Самұрық-Қазына» 20 408 163 долларға сатып алған. Бір сөзбен айтқанда, Азиада елімізге 233,5 миллиард теңгеге түскелі тұр. Бұл ақшаның бәрі қазынаға көктен түскен жоқ. Елдің табан ет, аңдай терімен тапқан ақшасының ай сайын мемлекетке төлейтін салығы. Ендеше, салығымыздың қалай жұмсалып жатқанын әркімнің білуге құқы бар. Азиада ойындарына әрбір азаматтың қосқан үлесі бар деп толық есептеуге болады. Ал, билік сол Азиаданы жерге қаратпай өткізіп берсе болды.

Аталған қаражатқа қазіргі күні Азиада не керек дайындықтың бәрі жасалып жатқан көрінеді. Ең қызығы, Азиада ойындарының салтанатты түрде ашылуы мен жабылуына өзіміздің өнерпаздармен бірге шетелдік өнер адамдарына шақырылып отырған көрінеді. (бұл жерде тағы қазақтың алдын орап кетпесе болды. Әдетте мұндай кезде қазақтың аты тек тізімде ғана көрсетілген бойда қала беретіні бар...)
Азиаданың әнұранын халықтың өзі таңдайды делінген. Бірақ, ресейлік композтор Игорь Крутойға Азиаданың әнұранын жазу жүктелген деген де болжам бар. Ал, оның қойылымдық және режиссерлық тобы Азиаданың ашылуы мен жабылуына жауапты деген сөз бар. Ауру қалса да, әдет қалмайды деген осы. Қит етсе, Ресейге қарап жалтақтап, қыл аяғы мемлекеттің мәртебесі мен беделіне қатысты шаруаны да орысқа сеніп тапсыруға тайынбаймыз. Құдай-ау, бүтін бір елден Азиаданың ашылуы мен жабылуын жасап шығатын өнерпаз ұжым табылмағаны ма сонда?! Игорь Круиойдың бәлкім, халықаралық жарыстардың салтанатын өткізуде тәжірбиесі бар шығар. Олай болса, осы уақытқа дейін оны неге ешкім білмеген. Әлде Игорь Крутой Сочиде өтетін ойындарға дейін Қазақстанда сынақ жасап көрмекке пе?! Бұл жай болжам болмай ақиқатқа айналамасына кім кепіл. Көрде тұр, әлгі Азиаданың әнұранын жұрт өзі таңдайды деген сөз жарнамалық, алдартқан бос әңгіме болып шығады түбінде. Әйтпесе, өз беделін ойлаған ел ең жауапты дүниеге сырттан адам алдыра ма?! Оның үстіне Азиада сияқты халықаралық ойындарда оны өткізілгелі отырған ел өзінің ұлттық болмысын паш етіп, бай мәдениетін көрсетуге барын салып бақпай ма? Бәлкім, Игорь Крутой қазақты қазақтың өзінен жақсы білетін шығар. Айналып, келгенде мұның бәрі қазақтың басы айналған билігінің үйреншікті әдеті. 
Азиадаға дайындықтың көңілге медеу бір жайты құрлық ойындар кезінде сатылымға түсетін түрлі сувенирлер ұлттық нақышта жасалыныпты. Ал, Азиаданың ашылуы мен жабылуына сатылатын билет құны 100-120 доллар аралығында болса, спорттық ойындардардың билеттері 5-120 доллар аралығында болмақ.
Азиадаға қатысуға қазірдің өзінде 24 ел өтініш түсіріп үлгерген. Олар: Қазақстан, Корея, Жапония, Кувейт, Таиланд, Түркімения, Иордания, Малайзия, Монғолия, Гонконг, Филиппин, Индия, Непал, Қытай, Ливан, Тәжікстан, Сингапур, Катар, Өзбекстан, Солтүстік Корея, Тайвань, Индонезия, Қырғызстан, біріккен Араб әмірлігі.
Алашшыл, Абайшыл болайық ағайын!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572