Жұма, 31 Қазан 2025
6429 8 пікір 21 Маусым, 2017 сағат 11:38

Путиннің өтірігі әшкере болды

Ресей президенті Владимир Путиннің режиссер Оливер Стоунға Сириядағы ресейлік авиация деп көрсеткен видеосы 2013 жылы Ауғанстанда түсірілген америкалық видео болып шықты.

Бұл туралы тәуелсіз Conflict Intelligence Team (CIT) зерттеу тобы хабарлады.

 "Путинмен сұхбат" сериалында Ресей президенті Стоунға мобильді құралмен видео көрсетіп, оны Сириядағы ресейлік ұшқыштардың жұмысы ретінде таныстырған. Шын мәнінде ол видео Ауғанстандағы әскери ұрыс кезіндегі америкалық "Апач" тікұшағының әрекеті болып шықты. Ол видеоның үстіне кейін Донбастағы украиналық ұшқыштармен келіссөздердің таспасы салынған, - деп жазды CIT.
Стоунның "Путинмен сұхбат" деп аталатын төрт сериалы деректі фильмі ресейлік президентпен әңгімеге негізделген. Режиссер 20 сағаттық сұхбат жазған. Жақында бұл фильмді америкалық Showtime кабельдік телеарнасы көрсетті. Ресейде фильмнің премьерасы Бірінші арнада 19 маусымда көрсетілді.
Оливер Стоун – танымал америкалық режиссер және сценарист, үш "Оскар" сыйлығының иегері. Ол Фидель Кастро, Уго Чавес, Эво Моралес туралы фильмдер түсірген.
Абай-ақпарат
8 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1274
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10838