ҚОЗЫ КӨРПЕШ - БАЯН СҰЛУ
УШЖ, т. 3, Алматы, 1964, 53-100 бб. мәтіні бойынша жарияланып отыр. И. Н. Березиннің «Турецкая хрестоматия» жинағындағы мақаласына негізделген (ч. III, 1876, Қазан. СС. 70-162). Жырды Құсмұрын даласында Шоқан әкесімен бірге 1851 жылы жазып алып, Омбы кадет корпусының оқытушысы Н. Ф. Костылецкий И. Н. Березинге береді. Қазақша мәтінімен бірге И. Н. Березин оның орысша аудармасын қоса алады, сонымен қоса «Едіге» поэмасының да орысша аудармасы қолына тиеді, екі аударманы да Н. Ф. Костылецкий Шоқанмен біріге отырып жасаған (И. Н. Березин, Н. Ф. Костылецкий. - НБТГУ, архив Г. Н. Потанина, Д. 149, ЛЛ. 2-5., ИРАО, т. 8, вып. 1 5., СС. 137-148; Архив востоковедов ЛОИНА, Ф. 5, Оп. 1, Д. 16, ЛЛ. 2-16). И.Н. Березиннің қорында (5 қор, 1 тізбе, 12 іс, 14-15 пп. сырт) Омбы кадет корпусында «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» поэмасының тізімі бойынша жасалған қазақша орысша сөздік сақталған.
Поэманың Құсмұрындық тізімі бұрын Ғылым академиясының Азия музейінде (قوزو كورپيچ) сақталған (шифр 321, Березин 15). Өкінішке қарай, музейді институт қылып қайта құрғаннан кейінгі инвентарлық тізімде ол жоқ және қайда екені белгісіз.

«Едіге» поэмасының орысша аудармасы Шоқан жазып алып, аударған және кейіннен П. М. Мелиоранский Ш. Ш. Уәлихановтың шығармалар жинағына қосып шығарған қазақша мәтінмен толық сәйкес келеді, шығармалар жинағы Н. И. Веселовскийдің редакциясымен 1904 жылы жарық көрген.
Екі поэманың да орысша нұсқасы Г. Р. Державин мен А. С. Пушкинге таныс болған. А. С. Пушкиннің құжаттарының арасында 1837 жылы «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» поэмасының орысша аударылған қысқаша үлгісі табылды, онда 1833 жыл деп белгіленген. Мұрағат қорында шенеунік Даньшиннің де аудармасы сақталған (ЦГА КазССР, Ф. 338, Оп. I, Д. 453, ЛЛ. 67-68). Поэманың қазақ тілін жақсы білген Н. Ф. Костылецкий аударған нұсқасы да белгілі (Қараңыз: «Известия русского археологического общества», т. 8, вып. 1 5, СПб, 1877, СС. 137-148).
Шоқан Уәлиханов, көптеген орыс ғалымдары тәрізді, көнеден келе жатқан «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» поэмасына ерекше мән беріп, оның бірнеше нұсқасын жазып алған, соның біреуі Құсмұрын нұсқасы. «Әйгілі поэма «Қозы Көрпеш-Баян сұлуды» маған атақты Жанақ ақын жырлап берді», - деп жазады ол. Бұл ақын Қарқаралы даласының түлегі болатын, сондықтан Аягөз бен Қарқара арасында айтылып жүрген нұсқаны ғана жеткізе алуы мүмкін. Ш. Уәлихановтың бұл жазбасы әлі табылған жоқ. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» поэмасының үшінші толық нұсқасы 1864 жылы Омбыда, Шоқанның пәтерінде Шөже ақыннан жазып алынған, Шоқан ол кезде генерал М. Г. Черняев экспедициясымен сапарға аттанғалы тұрған еді. Жазбаның тысында Шоқанның қолымен жасалған белгілер бар. Бұл нұсқа да профессор И. Н. Березиннің мұрағатында сақтаулы тұр және біраз бөлігі оның «Түрік хрестоматиясында» жарияланған (163-168 бб). Өкінішке қарай, И. Н. Березиннің жариялағаны қанағаттанғысыз, онда көптеген қателіктер мен бұрмалаушылықтар бар. Оның бәрін сол кездегі ғылым деңгейінің төмендігімен немесе баспаханасының қатесімен түсіндіруге болады.
Құсмұрын нұсқасын біздің заманымызда әдебиеттанушы И. Дүйсенбаев «Қозы Көрпеш Баян сұлу» поэмасының жинағында жариялады (Алматы, 1959). И. Н. Березиннің хрестоматиясында кеткен бұрмалаушылықтарды түзетуге қанша күш салғанымен ол құсмұрындық мәтіннің бастапқы мазмұнын толық қалпына келтіре алмай, бірнеше қателер жіберген. Бұл ең алдымен тарихи-этнографиялық, этникалық және географиялық терминдерге байланысты, олардың қасына «анықталмады» деп белгі қойылған немесе сол бұрыс қалпында жарияланып кеткен. ... Мысалы, ат тұлдау (қожайыны қайтыс болған соң атының құйрығын кесу) деген сөз тіркесінің орнына - ат талдау (атты сипау); сауыр етіктің (қалың теріден тігілген етік) орнына - соры етік («түсініксіз» деп белгіленген); тазқара (құстың аты) орнына - тасқара (түсініксіз деп белгіленген); зәу заман немесе зәуденің орнына (әлдеқандай заман болса) - зай заман, т. б. Бірақ И. Дүйсембаев И. Н. Березиннің күрделі, мағынасыз мәтінін талдап, үлкен жұмыс жасады. Материалдарды зерттей келе, ол И. Н. Березиннің «Түрік хрестоматиясында» жарияланған «Қозы Көрпеш» Шоқан Уәлихановтікі деген қорытынды жасады.