Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Билік 6265 1 пікір 30 Маусым, 2017 сағат 10:04

Жетісу өңірінде 120 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жинақтау депозиті ашылды

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі – жоғары оқу орнынан депозиттік жүйе бойынша білім алуға және халыққа қолдау көрсетуге арналған мемлекеттік бағдарлама. Бұл бағдарлама арқылы еліміздің  әрбір азаматы Қазақстанда немесе шетелде оқуы үшін ақша жинақтауға мүмкіндік алады. Осы жайлы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында  «Қаржы орталығының» менеджері Алпамыс Сатыбалдин баяндады.

«Қазақстанда 2013 жылдан бастап Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (МБЖЖ) өз қызметін бастады. Жүйенің операторы «Қаржы орталығы» АҚ болып табылады. Бүгінгі таңда 15 мыңға жуық білім беру жинақтау салымы ашылды. Білім беру жинақтау салымына МБЖЖ-ға қатысушы банктен ай сайын жылдық 10% сыйақы мен жыл сайын мемлекеттен 5% немесе 7% шамасында сыйлықақы есептеледі», - деді Алпамыс Сатыбалдин.

Астаналық «Қаржы орталығының» Жетісу жеріне бірнеше мақсаттармен келгені айтылды. Олар: Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы мен ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы «Қаржы орталығының» арасындағы мемарандумға қол қою және «Айналайын» балалар үйінің 7 тәрбиеленушілеріне  білім беру жинақтау салымын ашу.

«Қазіргі таңда балалар үйінде 131 бала тәрбиеленуде. Соның ішінде Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі бойынша 120 тәрбиеленушіге жинақтау депозиті ашылған. Басқа аудан балаларына да оқу депозиттері қарастырылған. Бұл баланың мектеп бітірген соң  кедергісіз қалаған оқу орнына түсуіне көмекші», - деді «Айналайын» балалар үйінің директоры Сейсенбаева Жадыра.

А. Оралбекова, Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Abai.kz

 

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036