ҚМГ БӨ әлемдегі ірі қуат компаниялары рейтингіне кірді
Астана. 5 қараша. ҚазТАГ – Ақпараттық Platts агенттігінің рейтингінде «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ БӨ) Еуропа, Таяу Шығыс және Африка елдеріндегі 91 компания арасында «Барлау және Өндіру» санатында 47-ші орынды, ал жалпы рейтингте 101-ші орын алды, деп компнаия хабарлады.
«ҚМГ БӨ бұл рейтингіге енген ең алғашқы қазақстандық компания болды», - делінген компания жұма күні таратқан ақпараттық баянында.
Компания баспасөз қызметі атап көрсеткендей, Platts рейтингінің негізінде жариялы компанияның жұмысына, активтеріне, кірісіне, пайдасы мен инвестициясының қайтарымдылығына жүргізілген кешенді талдамасының қаржылық көрсеткіштері жатады. Тізімге енуі үшін компанияның жиынтық активтер құны үш миллиард АҚШ долларынан астам болуы керек.
«ҚМГ БӨ бұл тізімге енген тұңғыш Қазақстандық компания болғанын біз мақтан тұтамыз. Біздің ұжымның үйлесімді еңбегі халықаралық баға алып, мойындалғанына да қуаныштымыз. Біз алдағы уақытта да өсіп, өзіміздің көрсеткіштерімізді мүдделі тараптар игілігі үшін жақсарта бермекпіз», - деген ҚМГ БӨ бас директоры Кенжебек Ибрашевтің айтқан сөзі келтіріледі.

ҚМГ БӨ («ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ компаниясының еншілесі) мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай») компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2009 жылы 11,5 млн. тоннаны (тәулігіне 232 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ-нің мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2008 жылдың соңындағы жағдай бойынша 241 млн. тоннаны (1,8 млрд. баррелді), ал еншілес компаниялардағы үлесті есептегенде 2,1 млрд. баррельден астамды құрайды. Компанияның акциялары Қазақстан қор биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары (GDR) – Лондонның қор биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде компания 2 миллиардтан астам АҚШ долларын тартты. 2009 жылдың қыркүйегінде халықаралық Standard & Poor’s агенттігі ҚМГ БӨ-ге «GAMMA-6» корпоративтік басқару рейтингін берді, ал 2010 жылдың шілдесінде несиелік рейтингін «ВВ+» деңгейінде растады.