Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2490 0 пікір 5 Қараша, 2010 сағат 06:27

Тұрғанқұлов тұрысатын жерді айтты

Қазан мен қарашаның өліарасында парламенттің тарайтыны айтылып, президенттік сайлауға түскісі келетінін бірнеше адам мәлімдеп үлгерген еді. Сөйтсек, жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайтыны рас болып шықты. Күні кеше Еуропалық парламенттің социал-демократтар делегациясымен кездескен орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов 2012 жылы елімізде бір емес, үш сайлау қатар өтетін айтып салыпты. Тұрғанқұловтың топшылауша, қатарынан бірнеше сайлау өткізу Қазақстан үшін сөз емес екен. Тіпті, үйреншікті нәрсе көрінеді. Бұған мысал ретінде Қуандық Тұрғанқұлов мырза 1999 жылы өткен президент және парламент сайлауларын келтіріп және 2012 жылғы өтетін сайлауларда ешқандай құқықтық кедергі болмайды, себебі, олардың өтетін уақыты әртүрлі деп бүге-шігесіне дейін ақтарып беріпті.

Дегенмен, жұрттың бір білер анығы бар. Ол - сарай бұлбұлы атанған Ермұханбет Ертісбаев пен Қуандық Тұрғанқұловтың сайлау туралы айтатындары керісінше шығатыны. Осыны ойласақ, ЕҚЫҰ ға төрағалық етіп, оның саммитін Астанада өтікзбек болып екі өкпесін қолына алып ойға, қырға шапқылап жүрген қазақ билігі Қуандық Тұрғанқұловтың аузымен Еуро парламенттен келген депутаттары алдарқатып отырған сияқты. Бұл да баяғы еуропалық ұйымның алдындағы кезекті бір есеп пен тағы бір бетперде. Өз  билігінің мінезін бес саусағындай білетін ел бұл жайға мырс етіп бір күлер де қояр...

Айтпақшы, Қызылжар атауын қалпына келтіру туралы мәселе  көтерген мәжілістегі  ұлтжанды депутат Жарасбай Сүлейменовтың әрекетінен «әсіре белсенділік» көре қалған сенатор Тасбай  Симамбаев  «Жуық арада Мәжіліс тарап, сайлау болады. Жарасбайдікі соның қамы» деп сәугейсіген еді ғой. Тұрғанқұловтың әңгімесін естіген Тасбайдың талағы тарс айрылмаса да, тауаны қайтып қалған болар.

Сонымен, Тұрғанқұлов сайлау уақытымен өтеді дегенді меңзеп президенттіктен үміткерлерге тұрысатын жерді айтты. Көреміз...

Не десек те, сайлаудың сыбысы шықты. Дауысыңызға абай болыңыз!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3265
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5602