Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2840 0 пікір 7 Қараша, 2010 сағат 10:35

Интернет-конференция: Нұрлан Ерімбетов

Нұрлан мырзаға бірінші сұрағым: сіз кімсіз? Елбай

- Мен қазақпын, мен азаматпын.

 

Осындай қызметтерден неге кеттіңіз? Сіз жүктелген тапсырманы орындай алмадыңыз ба? Жай ұйымды басқару қалай екен? Жалпы Сізді сөзінде тұрмайтын сері деп бір жастар ұйымынан естіп едім, бұған не дейсіз?

- Қызылордада осы уақытқа дейін мені жұрт жылылықпен еске алады. Мақтанғаным емес, ол рас. Әкімшіліктен, «Отан» партиясынан кеткен себебім - сол ұжымның басшыларының саясатымен келіспегенім. Нақтылап алайық, мен азаматтық позициясыма берікпін. Ал серілік кімнің басында болмайды.  Серілік дала ұлдарының бір мінезі. Кейде олқылық жіберіп алатынымды жасырмаймын.

 

Нұреке! Әкімның орынбасары болдыңыз. Сол кезде сайлауға араластыңыз ба? Батырхан марқұм өзіңізге ренішті еді. Сол жайында не айта аласыз? Кете

- Сайлауға қатысым болған жоқ. Соның арқасында 2004 жылы «Ақжол» партиясының жеңіске жеткен бір аймағы болды. Ол Қызылорда - облысы. Батырхан Дәрімбетов ағамды қатты сыйлаймын және сайлау кезіндегі кейбір жергілікті әкімдердің әсіре «белдсенді» болғанын мойындаймын.

 

Нұрлан мырзаға бірінші сұрағым: сіз кімсіз? Елбай

- Мен қазақпын, мен азаматпын.

 

Осындай қызметтерден неге кеттіңіз? Сіз жүктелген тапсырманы орындай алмадыңыз ба? Жай ұйымды басқару қалай екен? Жалпы Сізді сөзінде тұрмайтын сері деп бір жастар ұйымынан естіп едім, бұған не дейсіз?

- Қызылордада осы уақытқа дейін мені жұрт жылылықпен еске алады. Мақтанғаным емес, ол рас. Әкімшіліктен, «Отан» партиясынан кеткен себебім - сол ұжымның басшыларының саясатымен келіспегенім. Нақтылап алайық, мен азаматтық позициясыма берікпін. Ал серілік кімнің басында болмайды.  Серілік дала ұлдарының бір мінезі. Кейде олқылық жіберіп алатынымды жасырмаймын.

 

Нұреке! Әкімның орынбасары болдыңыз. Сол кезде сайлауға араластыңыз ба? Батырхан марқұм өзіңізге ренішті еді. Сол жайында не айта аласыз? Кете

- Сайлауға қатысым болған жоқ. Соның арқасында 2004 жылы «Ақжол» партиясының жеңіске жеткен бір аймағы болды. Ол Қызылорда - облысы. Батырхан Дәрімбетов ағамды қатты сыйлаймын және сайлау кезіндегі кейбір жергілікті әкімдердің әсіре «белдсенді» болғанын мойындаймын.

 

- Нұрлан аға, елге барып тұрасыз ба? Елдегі тек қазақ тілінде ғана сөйлейтін жерлестеріңіздің жағдайы қалай? Олар Аралдың тағдырын кешіп жатқан жоқ па? Арал мен қазақты бүгінгі жасап-мас, жасап-мәз және жасампаз қазақстандық қоғамның деңгейіне қалай көтереміз?

- Елде болып тұрамын. Барлық ағайын-туысқан сонда. Өкінішке орай, қызылордалықтардың бәсекелестікке қабілеті төмендеп барады. Шынымды айтайын, көбісінің жағдайлары күнкөрістен әріге аспайды. Арал тағдыры, өкінішке орай, тек қана құрғақ ұрандарға айналды. Билік те, халық та оның тағдыры солай болу керек деп мойындаған сияқты. Ең болмағанда Аралды қазір ән-жырға да қоспайды. Аралдың мүшкіл халін көп адамдар өздерінің саяси мақсатына пайдаланып, мәселе көтергендей болады. Бірақ, ол сол дөңгелек үстелдер мен конференциялар өткен залдан әріге шықпайды. Өз дегеніне жеткен соң бәрі Аралды ұмытады.

 

- Abai.kz порталының жігіттерімен сізді өте жақын дос дегенді бір жерден оқып қалып едім. Осы рас па?

- Рас. Бұл достықты мен өте қатты бағалаймын.

 

Нұреке, Петропавловск, Павлодар, Усть-Каменогорск қалаларын қазақша атауға көшіру үшін тағы қанша уақыт күтуіміз керек деп ойлайсыз?

- Бұндай мәселелерді белден басып бір-ақ күнде шешуге болады. Болу керек те. Алаңдаушылықты қою керек. Дегенмен, сол жаңа атаулар енді қазақтың өз ішіндегі дауға айналмауы тиіс. Себебі әр рудың, әр жүздің өз белсенділері, өз «ғалымдары» табылып сондай бір дауға алып келуі мүмкін. Бір мысал айтайын. Қызылордаға барған кезде біз қаланың барлық көшелерін дерлік қазақыландыруға күш салдық. Алайда, әкім ауысқан сайын көшелердің аты да өзгере беретін болды. Бір батырды бір батыр алмастырады. Қазір сенатор болып отырған бір азамат қалада әкім болған кезде бір көшенің атын тағы өзгертпек болды. Мұның қалай деген сұраққа сабазың «менің өз батырым бар» деп жауап қайтарды.

 

1. Сіздің балаңызды көрген едім. Өзіңіз таныстырған едіңіз. Балаңыз қазақша сөйлей алмайды. Неге? Сонда Сіз де өтірік патриот болғаныңыз ба?
2. Сіздің барлық шаруаларыңыздан ҚАЗАҚҚА қарсы екендігіңіз көрініп тұрады. Орыстілділерді жақтап өліп тұрасыз. Оның сыры неде? Мәскеуде оқығандығыңыздан ба, әлде..?

Құрметпен,
бір ҚАЗАҚТЫҢ баласы

-  Балам орыс мектебінде оқып, Мәскеудегі Бауман атындағы университетті бітіріп жақсы маман болды. Қазақ тіліне шорқақ екенін жасырмаймын. Дегенмен, бір екі жылда қазақшасы жақсы болады деп уәде бере аламын. Осындайда, неге біз тілді нашар білетін ағайындарымызға, бауырларымызға түсіністікпен қарамаймыз деген сауал туындайды? Әркімнің өз жеке себебі бар. Бірақ мақсат біреу - тілді білу, меңгеру. Ерте ме, кеш пе бәріміз қазақ тілінде сөйлейтін боламыз.

 

Нұреке! Сіздің өміріңіз бен қызметіңіз туралы талай ақпарат алып жатамыз. Алайда, отбасыңыз туралы ақпарат жоқтың қасы. Сол жағын да айтып берсеңіз. Назым

-  Құдайға шүкір, отбасым бар. Балалы-шағалымын. Мен бақытты адаммын.

 

Өзіңізді ұлтшылмын деп есептейсіз бе?

- Мен ұлтшылмын. Менің ұлтшылдығым - менің басқа ұлттармен бәсекедегі мықтылығым. Мен үшін ұлтшыл болу кеудесін қағып ұрандатып жүру емес, мен үшін нағыз ұлтшыл адам өз ісінің шебері болып, бәсекелестікке қабілетін өзгелерге таныта білген адам. Мен үшін ұлтшыл адам ұлт мәселесінде бұғып қалмайтын жан. Мысалы, маған неге М.Шахановқа тиісе бересің деп біреу сұрақ қойыпты. Мен ағамыздың азаматтығын сыйлаймын. Бірақ мәдениетті, шынайы сын айтуым да керек. Мәселен, В.Козлов 2012 жылы президент сайлауына түсемін деп жар салғанда ағаларымыз неге аяқ-астынан демократияшыл болып, «бұл әркімнің конституциялық құқы» деп сайрап қалды? Сонда В.Козлов секілді қазақ халқына менсінбей қарайтындар Ата заңда ап-анық жазылған мемлекеттік тілді қорлағанда ұлтшыл адам үндемей қала ма? В.Козлов президент болу үшін ғана тілді үйренбекші. Ол сіз бен бізді, елімізді, өзі қит етсе көлденең тартатын конституция баптарын неге сыйлап тіл үйренбейді?

 

- Нұреке! Сізбен қызметтес болған інілеріңіздің бірімін. Әкімдік жүйесіндегі еркіндеу шенеуніктің бірі болдыңыз. Сенатқа сайлауға түскеніңізде сол кездегі облыс әкімі қарсы болды. Шымкентке барып 1-2 күн зам.акима болып қайттыңыз. Сапарбаевқа, Нұрғисаевқа, Адырбековке орынбасар болдыңыз. Жалпы Өзіңізді кімнің командасындамын деп есептедіңіз?

- Менің ерекшелігім, мен өзімді ешқашан біреудің командасындамын деп есептемедім. Әйтепесе, көп әріптестерім секілді басшының артынан «тоқал қызмтекер» болып еріп жүрер едім. Бұлай істеу менің арыма жат. Аталған басшылардың барлығы менің жеке пікірім бар екеніне көнді, мені ерекше бағалады. Келіспеушілік туындап бес-алты рет кетуге арыз жазыпппын. Қабылдамады. Олар менің еркін көзқарасымды сыйлағаны үшін рахмет айтуым керек.

 

- Нұреке, Сіз әкімнің орынбасары болған кезде пара алу деген болып па еді? Сосын хабар жүргізіп отырып қазіргі "откат" 30-40 пайыз болды деп айтқансыз. Сіздердің кезіңізде қанша еді? Қыйын болса жауап бермеуіңізге болады түсінеміз, шындықты айту оңай емес.

- Парақорлық қашан да болған. Бірақ мен өзімді парақормын деп санамаймын, сондықтан кеудемді тік ұстап жүремін. Маған бұл жөнінде ешкім кінә қоя алмайды. Сенаторлыққа сайлауға түскенде барлық құқық қорғау органдары менің үстімнен жабық тергеу өткізіп, түк таба алмағанын айтайын. «Откатқа» байланысты сұрағыңызды түсіндім. Ол кезде 10 пайыз болатын, қазір тіпті 50 пайызға дейін жетіп отыр.

 

- Олжас Сулейменов пен Мұрат Әуезовты жақсы көресіз бе? Сіз де сондайсыз бе?

- 80-жылдардың басында Мәскеуде оқып жүргенде бізді Олжас Сүлейменовтың бауырлары деп құрметтейтін. Сол кездері қазақты әлемге танытқан Олжас еді. Кеңес үкіметінің қылышынан қан тамып тұрғанда орыс лексикасының үлкен бөлігі түркілік сөздер болғанын дәлелдеді. Бұны қазір орыстың ғалымдары да мойындап, зерттеп жатыр. Ол кезде бұл үлкен ерлік болатын. Бірақ, қазір ағамыз шет елде көп тұрып, елдің жағдайынан мақрұм қалып, кейбір кезде тіпті қай елге келгенін де білмей сезбейтіндей. Кеңестік Қазақстанға келдім деп шатасатын секілді. Ал, Мұрат Әуезов ең болмағанда билікке өзінің сынын ашық айтып жүреді. Биліктің туфлиін жалап жүрген көп ағаларымызбен салыстырғанда ол мен үшін өте құрметті азамат.

 

Қарағым! маған сенің телеарна бағдарламасында 5-6 қазақты жиып алып оларға орысша сұрақ қойып, оларды орысша сайратып қоғаның өте ұятты нәрсе. Сендер ойлайсыңдар ма, орыстар сендерді қарайды деп? Олар керісінше сендерге күледі, мамбеты деп. Өздерінің тауары болмаса да, тілі жоқ халықты ешкім силамайды. 20 жылда ана тіліне ден қоймаған қазақты қазақ санатынан сызып тастау керек. Сырттарыңнан қарап сендер үшін мен жерге кіріп кете жаздаймын. Тіпті, артынан лентаны қайта қарамайсыңдар ма? Қарақтарым-ау, президентке өкпелейсіңдер, қазақ тілін неге көтермейді деп. Өздерің бір біріңмен ана тілдеріңде сөйлессеңдерші.Тілдік намысы жоқ, қазақ адам, ел болмайды. Жүректі айнытып, телдидардан орысша сөйлеулеріңді қойыңдар!

-  Біріншіден, менің бағдарламам Қазақстан телеарналарындағы жалғыз тәуелсіз бағдарлама. Сіз неге менің бағдарламамда оппозицияның барлық өкілдері шыққанын айтпайсыз? Айталық, қоғамда жасырын айтылатын әңгімені мен миллиондаған көременнің алдына шығарудамын. Соны неге айтпайсыз? Мен билік өкілдеріне сіздердің аттарыңыздан ыңғайсыз сұрақтар қойып, жерге қаратамын. Соны неге айтпайсыз? Көп жағдайларда биліктің саясатын қатты сынап жатамыз. Онан кейін маған ашық наразылық білдіретін де болады. Әр бағдарламаны мен соңғы бағдарламам деп санаймын. Соны неге айтпайсыз? Соңғы кезде мен бағдарламаны екі тілде жүргізетін болдым. Бұл да жетістік қой. Ең басты себеп маған эфир ұсынып отырған компанияның өзі бағдарламаны бір-ақ тілде, орыс тілінде жүргізуді сұрайды. Бірақ олар да, біз де осы бағдарламаны қазақша жүргізуге дайынбыз. Өкінішке орай, өзінің ойын билікке қорықпай айта алатын мамандар, депутаттар, тағы басқалары әзірше орыс тілді болып тұр. Қазақша жақсы сөйлейтіндер тек мақтау, ода айтуға ғана бейім. Оны сіз де жақсы білесіз ғой.

 

Нұреке, Сапарбаевпен бірге қызметтес болыпсыз. Жалпы Бердібек Мәшбекұлы туралы не айта аласыз? Ол қандай адам? Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстанда атқарып отырған қызметіне бағаңыз және осы қызметтегі жеткен жетістіктері мен кеткен кемшіліктері қандай? Бердібек Сапарбаев кімнің командасында және оның өз командасына кімдерді жатқызасыз? Сапарбаевтың командасы қандай дәрежеде білікті? Сапарбаев Ислам Әбішевті Шығысқа неге әкелді? Ислам Әбішев пен Сапарбаевтың арасы қандай? Ислам Алмаханұлы Өмірзақ Шүкеевтің командасында екені белгілі, демек Сапарбаев та соның командасында ма, әлде не? Әбішев пен Сапарбаев арасындағы "қырғи-қабақ соғысты" немен түсіндірер едіңіз? Аталған сұрақтардың барлығына шамаңыз келгенше жауап берсеңіз деймін. Көп рахмет!
Жауап күтуші: шығыс тұрғындары

- Б.Сапарбаевпен қызметтес болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қызылордада оның беделі өте жоғары болды. Өте іскер азамат, еңбекқор. Кабинетті, қағазбастылықты жек көреді. Халықтың арасында болғанды ұнатады. Бірақ, ол билік жүйесінің адамы. Ол жалпы ережеге бағынады. Біздің билік ерекшелікті қолдамайды. Жарқырап шыққанды көре алмайды. Сондықтан Сапарбаев та сол жүйенің барлық ережесін қабылдады деп ойлаймын. Ислам Әбішовті жақсы білмеймін және кім кімнің командасында деген мәселеге бас ауыртқым келмейді.

 

- Қараорыстан сары орысым жақсы дейтіндерге не айтар едіңіз?

- Өзге ұлтты өз ұлтыңнан жоғары қою абсурд. «Қара қазақ», «шала қазақ» деп бөліп жүргендеріңіздің бәрінің бойында қазақтың қаны тулап жатыр.

 

- Елдегі қоғамдық-саяси алаңнан бас көтеретін барлық күштер ығыстырылып, орнын "нұротан" басты. Бірақ ол елдегі мәселені шешумен емес, қопсытумен, жалған жарнамамен басты қатырып жүр. "Нұротанға" кіріп, нақты жасапаздықпен айналысу сіз секілділер үшін мүмкін емес пе?! Оппозиция неге тек қана билікке өпелеу ұстанымымен шектеледі? Олар мысалы, оралмандарды елге келтретін тиімді программа жасап жария етпейді? Неге Сіз секілді отаншылдар қазақ тілін енгізудің балама программасын жасауға күш біріктірмейді? Орыстілді қазақтардың "нағыздануы" үшін не істеуге болады? Қазақтілді қазақтардың қоғамдағы ықпалын күшейту үшін не істеу керек? Жасампаз қазақтілді азаматтар бірігіп, нақты істі қолға алып жатса, қосыласыз ба? Ұлттық демократиялық бағыттағы партия құру идеясына қалай қарайсыз? СЕРГЕК

- Мен «Отанның» идеолгия жөніндегі хатшысы болдым. Бірақ көп ойымды, иедямды басшылар қабылдаған жоқ. Партиядан кетуге мәжбүр болдым. Бірақ соңғы кездегі «Нұр Отанның» кейбір іс-әрекеттеріне мен ризашылықпен қараймын. Сондықтан, үміттенуге болады. Бірақ, тек қана көппартиялық парламент барлығының бет пердесін ашады. Сонда ғана ашық алаң ашылады. Оған дейінгінің бәрі жасырын саясат, коньюнктура.

 

- Сіз өзіңізді қай ҚАРАОРЫСҚА жатқызасыз?

1. ана тілін қазақ тілі деп санайтын, бірақ оны тек қана "керек кезде, керек үшін" қолданатын?

2. ана тілін біле тұра оны менсінбейтін қараорыс?

3. ана тілім - орыс тілі деп санайтын мәңгүрт-қараорыс?


- Сіздің мені «қара  орыс» деп отырғаныңызбен келіспеймін. Осындай терминдерден арылмай бірлік болмайды. Мен нағыз қазақпын. Қазақтың бәрі мендей болса жаман болмас едік.

 

Нұрлан Ерімбетов алған білімі бойынша "мәдениеттанушы" екен. "Қайақтан" ол саясаттанушы болып жүр? Бұл не, ит жоқта шошқа үредінің кері ме? Әлде мәдениет пен саясаттың арасында айырмашылық жоқ деп біле ме?

- Саясаттану өте көлемді сала. Оның ішіне өміріміздің барлық тұстары қамтылады. Мен саясат ғылымдарының кандидатымын.

 

Абай. кз-ның оқырмандарынан кешірім сұрай отырып, Ерімбетовке оның өзіне жақынырақ тілде бір сауал қойсам деп едім.
Нуреке, не так давно вы выразились в том смысле, что пользователи казахоязычных сайтов люди отсталые и не соответствуют уровню "составляющего интернет-общества" /я дословно не помню, помню только, что стилистически было весьма неграмотное предложение. Тогда я был удивлен, что так пишет выпускник московского вуза, теперь, узнав, что вы к тому же выпускник гуманитарного вуза, удивлен еще больше. Но не это главное. Главное то, что вы дали понять, что довольно пренебрежительно, если не сказать презрительно относитесь к тем, кто пользуется казахским языком в интернете./ Так вот, вопрос.
Вы появились на казахском сайте Абай. kz /и не первый раз/, то есть, хоть на время, но стали казахоязычным пользователем интернета. Что сие означает?
а/ Возвращение блудного сына.
б/ Короткий марш-бросок в тыл врага.
в/ Вы признаете себя недалеким и не соответствующим "требованиям современного интернет общества" ... или как там у вас было/.
г/ Или все-таки это признание своей неправоты?
Если первое, то добро пожаловать.
Если второе, но пасаран.
Если третье, то вы ошиблись адресом.
Если четвертое, то культурный человек / тем более культуролог/ должен извиниться.
Жду ответа, "как соловей лета".

 

- Сол сұхбатымда айтқан сөзіме өкпелегендер болса мен арнайы кешірім сұраймын. Қолдай отырып, әлі де жақсы бола түссін деп түрткілегенді ұнатамын. Ол менің әдісім. Қазақ баласын жақсы болсын деп сынап отыратынын білесіз ғой. Ал қазақ тілді ақпарат құралдарына жиі шығамын. Оларды көремесеңіз өз кемшілігіңіз.

 

- Осы Абай.кз порталында "Біз кімбіз? Қандай Ұлтпыз?" деген тақырыпта талқы форум өткен еді. Сауалға орай жауаптар өте көп әрі сан түрлі болды. Нүрке, "Біз бүгін кімбіз? Қандай ұлтпыз?" деген сұраққа сіз де бір ой толғап көріңізші. Ғазиз Қасен

-  Өкінішке орай, қазақ халқының бірінші дерті - бізде бірлік жоқ. Қала мен ауыл болып, исламның өз ішіндегі түрлі ағымдар болып, әлеуметтік сатыларға байланысты, оралмандар мен жергіліктілер болып, бір қаланың ішіндегі аудандар болып дегендей ыдырап жүрміз. Бұл биліктің кінәсі. Негізі халықты біріктіретін соғыс, ия болмаса үлкен бір апат. Одан құдай сақтасын! Сондықтан біріктіретін басқа жолдарды табу билікке сын.

 

Нұрлан көке! Астана телеарнасындағы бағдарламаңызды қазақша жасауға шамаңыз келе ме? Егер қолыңыздан келсе қазақша жүргізіңізші, өтініш. Оның қазақша да болғанын миллиондаған қазақ қалап отырғаны анық

-  Бұл сұраққа жоғарыда жауап бердім.

 

- Нұрлан мырза, сіз шамкөс сіз бе? Өз басыңызға айтылған сынға қалай қарайсыз? Еркөбек

- Сынды жүрегіммен қабылдаймын, көп ойланып, уайымдап, нәтиже шығаруға тырысамын.

 

- Нұреке, қазір билікте жиырма алты мыңдай маман қысқартылмақшы.
Осы қысқарылатын тізімге қызметі бойынша халықпен тығыз жұмыс істейтін, бірақ-та ана тілін білмейтін тек қана қазақтарды кіргізуге қалай қарайсыз? Себебі, 20 жылда ана тілін үйренбеген қазақтар енді жақын уақытта үйреніп кетеді дегенге сену қиындау.....

- Мемлекеттік қызметте халықтың проблемасын шешетін азаматтар отыру керек. Іскерлер керек. Жауапкершілікті өз мойнына алатын адамдар керек. Тіл мәселесін науқаншылдыққа айналдырмайық.

 

- Бугинги куни улттык маселеде озык ой, тын пикримен алда турган бес ултшылдын аты-жонин айтып, олардын аркайсысы туралы оз ойынызды айтынызшы?

- Олардың ішінде өзім бағалайтын, құлақ түріп тыңдайтындарым баршылық. Атап айтсам, Айдос Сарым, Амангелді Кеңшілікұлы, Дәурен Қуат, Герольд Бельгер, Темірхан Медетбек және Иран-Ғайып ағаларым. Бұлардың сөздеріне сенемін, қатар тұруға дайынмын.

 

- Қазақ елінде жемқорлықты қалай жоюға болады? Медицина, білім саласы, тамақ, ауызсу, мәдениет, тіл, спорт, әлеуметтік сала, тұрғын үй мәселесі т.б. шешілмеген мәселе жетеді, әзір бұл мәселелер шешілмейтін сияқты. Тек бізде жеке байығандар бар, бюджет есебінен. Осыларды шешу жолдары бар ма?

- Жалпы, жемқорлыққа қарсы мен бірінші кезекте ату жазасын қолданар едім. Жаза қатал болмай жемқорлық жойылмайды.

 

- Нұреке, қолыңызға билік берілсе не істер едіңіз. Өзіңізді не оппозицияға жатқыза алмай не биліктегілерге жатқыза алмай мен осы кімменмін деп сұрақ қойдыңыз ба. Мен халықпенмін деп айтарсыз. Бірақ халық Нұрлан бізбен деген ұранды естімейміз. Кімнің тарысын жесеңіз соның сойылын соғып жүрген жоқсыз ба. Жұмағұловпен неге ұрысып қалдыңыз Отанда жүргенде.

- Мен өзімді еш тарапқа жатқызбаймын. Мен центриспін. Сондықтан мақтанғаным емес, мені екі жақ та бағалайды. Ал «Отанға» байланысты мәселені жоғарыда айттым.

 

- Ассалаумағалейкүм Нұреке жақында интернеттен 2012 жылы Қазақстанда бірден уш сайлау өткізілетіні туралы оқыдым.Бұған дейін біздің билік сайлауларды мерзімінен бұрын өткізуге дағдыланған еді. Осы жолғы қадамы тағы бір лас саяси технология ма, әлде шынымен демократияға бет бұру ма? Тағы бір сұрағым орыс тілді Козловты ұсынып уміткер ретінде ұсынып отырған саяси топтың мұнысы саяси сауатсыздығы ма, жоқ мұнда Ресейдің ықпалы бар ма? Саясаттанушы ретіндегі пікіріңіз?

- В. Козловтың, Ғ.Алдамжаровтың және С.Әбділдиннің мұндай мәселемен жұрт алдына шығуы қазақ халқының мінезін, ойын жете білмегендіктен болды. Олардың халықтан алшақтап кеткенінің себебі бұл. Мен әсіресе біздің екі шалға қатты ренжідім. Бұл саяси жауапкершілігі жоқ адамдардың іс-әрекеті ғой. Ал, сайлау жөнінде мәлімдеген адам, өкінішке орай, шешім қабылдамайтын адам. Ол тек қана биліктің айташысы.

 

- Қылышынан қан тамып тұрған қызыл империяның астанасында, "жас тұлпар" сиақты ұлтшылдық идея емес, жәй ғана осыған жақын идеямен құрылған небір ұйымдар әшкереленіп, сотталып, қамалып, жер аударылып, шетелге қуылып жатқан тұста "қазақ студенттерінің "жас тұлпар" атты астыртын ұйымы бірнеше жыл жұмыс істеді" дегеніне сену қиын. Өтірік болуы әбден мүмкін. Егер расымен де "жас тұлпар" құрылып, біраз жұмыс атқарса, ол - КГБ-ның ҮЛКЕН ЖОБАСЫ.
біріншіден, сол "ұйымды құру" арқылы, өздері таңдап, жалдап істеткен "кроттары" арқылы ҚАЗАҚ ҰЛТШЫЛДАРЫН тұзаққа түсіріп, көздерін құрту;
екіншіден, "кроттарын" Мәскеуден кейін Қазақстанға жіберіп, Қазақстандағы ҰЛТЫ үшін жанын беретін адамдарды алдап, арбап, осы "кроттар" арқылы арандатып, көзін құрту;
үшіншіден, бұл өте ұзақ мерзімге есептелген жоба болғандықтан, 20-30-40-50 жылдардан кейін де осы "кроттары" арқылы ОРЫСТЫҚ ИМПЕРИЯЛЫҚ саясат жүргізу;
төртіншіден, "кроттарды" түрлі жолдармен қолдап-қолпаштау арқылы Қазақстанның билігіне кіргізіп, ҚАЗАҚ ЕЛІН орыс ықпалынан ешқашан шығармау;
бесіншіден, түрлі жағдайлармен кеңестік жүйе күйрегеннің өзінде, билікке келген осы "кроттар" арқылы Қазақстанды орыс құрсауынан шығармау
сиақты мақсатты жоспар үшін әдейі құрылған ұйым болуы әбден мүмкін, мырзалар.

- Бұ да сол "орыстың қорасынан ғо... осы сиақты Мәскеудің "кадрларын" басымызға шығарып алып, көрерімізді көріп жүрміз ғой.

- Ол кезде қазақша Мәскеуде ән айту да, жалпы Қазақстан жөнінде әңгіме айту да үлкен қылмыс еді. Тек сол үшін ғана оларды сыйлауға болады.

 

- Нұрлан шырақ, жетесін білмеген жетесіз деген, руың кім?

- Жетірудың Табынымын.

 

- Нұрлан қарақ, өзінің ұлттық болмысынан айрылған әлемдік Олжас, Мұраттарға қалай қарайсың? Сен өзіңді жаһандық адамға жатқызасың ба?

- Жоғарыда жауап бердім.

 

- Қалмақтар тілін жоғалытыпты дейді тіпті жандары да орыстана бастаған, сол қалмақтың кебін кимес үшін не істеу керек, сіздің ойыңыз? Н.М.М.

- Бірлік керек. Тағы бір айтатын мәселе, интернет-конференция басталғалы түрлі сұрақтар түсті. Мені тіпті балағаттағандар да болды. Мен қазақ интернет қауымына сын айтсам осындайларға айтамын. Тығылып алып отырады да тәй-тәй басып келе жатқан қазақ интернет кеңістігіне нұқсан келтіріп отырады. Осындайлардан абай болайық. Порталдарыңызға үлкен рахмет айтамын.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5627