Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2216 0 пікір 8 Қараша, 2010 сағат 04:46

Жалған құнды қағаздарды пайдаланғаны үшін интерпол төрт жылдан бері іздеп жүрген Оңтүстік Кореялық алаяқ Алматыда қолға түсті

Алматы. 8 қараша. ҚазТАГ – Жалған құнды қағаздарды пайдаланғаны үшін Оңтүстік Корея құқық қорғау органдарымен интерпол арқылы іздеу жарияланған Оңтүстік Кореяның азаматы өткен демалыс күндері Алматыда қолға түсті. Бұл туралы агенттікке құқық қорғау органдарындағы дереккөз хабарлады.

Сұхбатшылардың мәліметтерінше, халықаралық іздеуде жүрген фигурантқа қалалық ІІД қылмыстық және көші-қон полициялары шыққан. Оның айтуынша, интерпол арқылы «қызыл бюллеттень» деп аталатын санаттағы іздеуде жүрген Оңтүстік Кореялық азамат Алматының Алмалы ауданында Мұратбаева көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде пәтер жалдап тұрып жатқан.

40 жасар Сеул тұрғынын отанында жалған құнды қағаздарды пайдаланғаны үшін айыптап отыр. Корея астанасының прокуроры оған 2006-шы жылы қарашада қамауға санкция берген екен.

Құқық қорғау органдарының айтуынша, ұсталған азамат қазір қамауда және ол оның Оңтүстік Кореяға экстрадициялау мәселесі шешілмейінше абақтыда отырады.

Ол кәрістің қыржылық алаяқтығынан кімге, қанша мөлшерде шығын келтіргені айтылмайды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5636