Жексенбі, 20 Сәуір 2025
4140 0 пікір 17 Шілде, 2017 сағат 10:14

Тәжікстан мектептерінде ата-аналардан ақша жинауға тыйым салынды

Тәжікстанның білім және ғылым министрлігі мектептегі жөндеу жұмысына ата-аналардан ақша жинауға тыйым салды. Министрдің қаулысы республикадағы барлық мектептерге таратылды, деді мекеме қызметкері Икромиддин Донахонов.

Қаулыға сәйкес, мектепте жөндеу жұмыстарына, жиһазға, еден жуушылар мен күзетшілердің айлығына, мұғалімдерге сыйлық алуға ақша жинауға тыйым салынған.

Бұған дейін Душанбе мэрі Рустам Эмомали ата-аналардан мектептер мен бала бақшалардағы жөндеу жұмыстарына ақша жинауға рұқсат бермеген еді.

Тәжікстанның кейбір мектептерінде оқу жылы аяқталуға жақын қалғанда жөндеу жұмыстарына деп ақша жинай бастаған. Қала басшысының хатынан соң, ол ашаларды иелеріне қайтарып берген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2047
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4909
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4108