Астана билігі қоқысты таза қуатқа айналдыру жолдарын ойластырып жатыр
Астана қаласының әкімшілігі қоқыс өңдеуге арналған жаңа бағдарламаны қолға алды: қатты тұрмыс қалдықтарын таза қуат көзіне айналдыратын технология енгізу көзделген.
Қаланың табиғи ресурстар және табиғатты тұтынуды реттеу басқармасының хабарлауынша, Астанада қатты тұрмыс заттарын жинау және тасу жұмыстарымен "Clean City NC" компаниясы айналысады. "Қоқыс өңдеу зауытына барлық қалдықтың 8 пайызы ғана түседі, қалғаны полигонда көміледі", - дейді мекеме өкілдері.
Дегенмен, қалдықтарды көметін орын 95 пайызға толған. Қазір екінші полигон салынып жатыр.
Әкімшіліктің хабарлауынша, қаладан шығатын қоқыс көбейе береді. Шенеуніктер бұны Астана тұрғындарының көбеюімен байланыстырады.
Abai.kz