Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2435 0 пікір 9 Қараша, 2010 сағат 07:50

Өміржан Әбдіхалық. Шығыстағы шырмауық

Өскемен өсер елдің қаласына ұқсамай тұр. Өзгенің елінде өзегін жалғап  жүрсе де, шовинистік санадан арыла алмаған кейбір өскемендік «ағайын» алтын Алтайдың бауырындағы қаланы қазақыландыруға басынан бастап бақайшығына дейін қарсы тұрып бағуда. Кез келген мемлекет өз территориясындағы аймақтар мен қалалардың және ондағы көшелер мен алаңдардың атын мемлекетті құрып отырған ұлттан шыққан тұлғалардың, батырлардың, елге ерен еңбегі сіңген азаматтарға береді. Және бұл қалыпты жағдай болып саналады. Бірақ, Өскеменде бұл өрескел жағдай болып есептеледі екен. Шығыс Қазақстан облысында елді-мекендердің атауын мемлекеттік тілге - қазақ тіліне көшіру ісі табаны күректей жиырма жыл бойына күреспен жүргізіліп келеді. Мұндай жағдай Павлодар және Петропавел облыстарында да кезедеседі.

Сонымен, Өскеменге келсек. Бұл қалада Ермактың атында көше болған. Ол көше таяу жылдары тұңғыш әскери ұшқыш Жақыпбек Малдыбаевтың атына беріледі. Ағайын туысы жиналып, Ж. Малдыбаевқа ескерткіш тақта орнатады. Сол тақтаны белгісіз біреулер бір емес екі рет талқандап кетіпті. Полицияға арыз түсіргенімен, ондағы «мырзалар» «бұл тақта мәдени ескерткіштер қорғауына жатпайтындықтан қылмыстық іс қозғай алмаймыз» деген жауап айтып шығарып салған. Мұны бір деңіз.

Айтпақшы, Ермакты «көсем» көретін шыққан тектері казак деген қауым жыл сайын әлгі «көсемсымақтарын» емірене еске алып, Ертіс өзеніне бауланған гүл ағызып атап өтуде. Ал, ендеше.

Ең сұмдығы және сорақысы қазақтың қыршын ұл-қызын Алматының қақ төрінде қызыл қанға бөктерген Колбиннің атында Өскеменде көше бар және ол   атау әлі мызғымай тұр. Сонда тәуелсіздіктің таңы шығыстан атпаған ба? Әлде азаттықтың таңын танығысы келмейтін кертартпа кеңестік мінездің иелері ме? Бұл аз десеңіз, жеті "Центральный", төрт "Хмельницкий", үш "Кутузов" көшесі бар. Мынаны оқып, қаныңыз басыңызға шауып, қазақтығыңыз қозбаса, намыстанбасаңыз,   «толеранттылығыңызды» сақтап төрт тағандап  отыра беріңіз!

Өскеменнің өрескелдігі мен қазақ атауларына деген өшпенділігі мұнымен тоқтамайды. Өткенде аймақаралық форумға Ресей президенті Дмитрий Медведев келген кезде «Әуежай» деген сөзді алып тастап, орнына «Аэропорт» деп жаздырып қойған Өскемендегі   отандастырымыз мемлекеттік тіл, ол туралы ата заңда көрсетілген арнайы баптарға пысқырып та қарамайтындықтарын танытты.

Тәуелсіз мемлекетіміздің ең негізгі әрі басты айшығы мен айғағының бірі мемлекеттік тудың  жергілікті жұрт «Абылай кит» деп атайтын төбеде желбіреп тұрған жерінен тағы да белгісіз біреулер осы шығыс аймақта құлатып кеткенін жазғанбыз. Қазаққа қарсылығын түн жамылып, түнек оранып келіп жасайтын белгісіз біреулердің әрекетіне тоқсауыл қояр бір қарагөз пенде табылмай тұр.

Ескерткіш тақтаны талқандап, көк туды құлатып тастап сайрандап жүрген Құдай-ау, бұл неғылған аш ішектей созылған «белгісіз біреулер»...

Ал, белгілісі Өскемендегі өлкетанушы Павел Жуков деген біреу шығыс аймақтағы елді-мекендердің орысша  атауын мемлекеттік тілге көшіру туралы облыстық мәслихат депуттарының шешімін естіп, «Бұл аймақта тұрақты елді-мекен болмаған, көшіп-қонып, мал бағып жүре берген», деп өзінің қарсылығын айтыпты. Павелдің пайымдауынша, қазаққа ауыл салып, оған атау берген тек қана орыстар екен. Не деген астам пиғыл! Алла-оу, тарихи отаны Өскеменнің іргесінде тиіп тұрған Павелдердің Өскеменде қай атасының құны қалды десеңізші... «Су ішкен құдығына түкіретін» бұл неғылған жандар?!... Бәлкім, Сіз білерсіз?

«Абай-ақпарат»

2010 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша  Қазақсатнның  қалаларындағы орыстардың сандық көрсеткіші

Облыс және қалалар

пайыз (%)

саны

Ақмола облысы

35,64

263052

Ақтөбе облысы

12,60

90569

Алматы облысы

17,33

293445

Атырау облысы

6,35

32602

Батыс Қазақстан облысы

22,44

140096

Жамбыл облысы

13,59

141829

Қарағанды облысы

39,17

529555

Қостанай облысы

40,73

360976

Қылыорда облысы

2,02

13952

Маңғыстау облысы

8,55

38160

Оңтүстік Қазақстан облысы

5,96

144889

Павлодар облысы

38,26

287247

Солтүстік Қазақстан

48,25

310371

Шығыс Қазақстан

40,51

574704

Астана қаласы

23,84

163050

Алматы қаласы

33,02

463749

Қазақстан

24,00

3848246

ТМД және Балтық елдеріндегі орыстардың саны

1989

1999 - 2002

Убыль, %

Украина

11 356

8334,0

-26,6%

Қазақстан

6228

4479,6

-28,1

Өзбекстан

1653

1362,0

-17,6

Беларусь

1342

1141,7

-14,9

Латвия

906

703,2

-22,4

Қырғызстан

917

603,2

-34,2

Эстония

475

351,2

-26,1

Литва

344

219,8

-36,1

Молдова

562

198,1

-64,8

Түркменстан

334

156,8

-53,1

Әзербайжан

392

141,7

-63,9

Тәжікстан

388

68,2

-82,4

Грузия

341

67,7

-80,1

Армения

52

15,0

-71,2

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5657