Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2199 0 пікір 11 Қараша, 2010 сағат 05:26

Депутат Алдан Смайыл. «Валеология» пәнін қайта қарау керек

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Алдан Смайыл Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловқа депутаттық сауал жолдады. Онда:

«Сіз басқарып отырған министрліктің ғылымды экономика мен қоғамға лайықтау, сұранысқа ие болуға бейімдеу, ғылымды инновациялық жобаларға байланыстыру бағыттарында қолға алған шараларын қолдай отырып, мына мәселеге назар аударуды жөн көрдік.

Медицина қызметкерлері 15-19 жастағы жеткіншектердің арасында жүкті болу көрсеткішінің өсіп бара жатқандығына алаңдауда. Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің деректері бойынша елімізде жыл сайын 15-19 жастағы 10 мыңға жуық қыз баланың аяғы ауыр болады екен. 2008 жылы осы жастағы әр мың қыз баланың 31-і перзент көрген. Түсік жасатқан 6000 әйелдің 84-і 15 жасқа дейінгілер, олардың жартысы мұндай қадамға екінші рет барған. Медициналық тексеруден өткен әр 100 мың жеткіншектің 1466-сының  гинекологиялық ауруға шылдыққаны анықталған.  Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері жөніндегі Ұлттық орталықтың мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда 14 жастағылардың жыныстық қатынасқа бару фактілері тіркеліпті.

Бүгінгі депутаттық сауалды жолдауға осы келеңсіз деректер себеп болды. «Біздің жеткіншектеріміз моральдық жағынан неге осылай құлдырауда? Оның негізі қайда жатыр? Бұлай жалғаса берсе, ертеңгі ахуал күрделене түспей ме?»- деген сауалдарға Білім және ғылым министрлігімен бірге жауап іздемек болдық.

Аталған мәселені зерттеп жүрген ғалымдар мен журналистердің пікірі бойынша жеткіншектердің жыныстық қатынасқа ерте баруына, басқа да себептермен бірге, мектеп бағдарламасына 2002 жылы жазылған «Валеология» пәнінің енгізілуі ықпал еткен. Осы пән бізден көп бұрын енгізілген Еуропа елдеріндегі көрсеткіштер жағаңды ұстатады. Ұлыбританияда 2006 жылы кәмелетке толмаған 39 мың қыз бала жүкті болған. Бұлардың 7 мыңының жасы 16-дан төмен. Басқа мемлекеттердегі жағдай осы деңгейлес. Содан кейін ойланасың: мектеп жасындағы балаларға жыныстық қатынас туралы арнаулы пән арқылы, қандай да болса білім-түсінік берудің қажеті бар ма?

Енді осы «Валеология» пәнінің оқулықтарын қысқаша талдап көрелік. Жалпы білім беретін мектептердің 7-9 сыныптарына арналған оқулықтың 19-тарауында жыныстық даму процестері ашық баяндалады. «Ондағы адамның мүшелерін сипаттаған сөйлемдерді мұғалім ер балалар мен қыз балалар аралас отырған класта қысылмай қалай оқып түсіндіреді?! Сол суреттеулерді 7-сынып оқушысына баяндаудың қажеті қанша?» деген ойға келдік. Сөйтсек сорақысы әлі алда екен. Авторлар психосексуалдық бейімделу туралы айта отырып: «Дәл осы кезеңде сексуалды бағыттарда ауытқулар байқалуы мүмкін... Мәселен, ер балалар (балалар үйі) арасында ғана өскен ер бала тек ер балалармен араласу тәжірибесін алады. Солармен алғашқы балалық жыныстық байланыстарда өседі» деп шошытады. Мұндай қылықты айыптамайды, болып жататын дағдылы әрекет түрінде жайбарақат әңгімелейді.

Мұны аз десеңіз: «10-12 жаста жыныстық гормондар өнуі басталады да, жыныстық әуестену нақтырақ білінеді. Осы уақытта қызға деген таңдамалы қызығушылық  байқалады» деп баланың басын айналдырады. Әрі қарай қыз баланы мүсіндеп суреттейді де, махаббатқа көшеді. Евгений Онегиннен үзінді келтіреді.

Көптеген жүрек ырғағы,

Жас кеудесін қозғады.

Тәні бейнені .... іздеді, - деп алады да: «Егер адам сомдалған «бейнеге» сай серік кездестірсе, онда жыныстық әуестік бірнеше мәрте күшейеді» деп әбден шатыстырады. Шабыттанып алып: «Пайда болған биологиялық және әлеуметтік әуен өз шешімін табады: махаббат объектісі табылады. Эмоция  оң түріне ауысады, ол сексуалды байланыста өте күшті» - деп еліктіреді. Мұндай сексуалды байланыстың денсаулықты сақтаудағы тиімділігі де күшті деп желіктіреді. «Сексуалды өмір маңызды биологиялық регулятор болып табылады» деп тағы да қамшылайды. Содан кейін түсік туралы баяндауға көшеді.

Біз айтуға аузымыз бармай «Валеология» оқулығындағы ашық жыныстық әңгімелердің жадағай дегендерін ғана келтірдік. Оның өзі оңып тұрған жоқ. Осының бәрі баланы түзеудің орынына күзейтінін, оғаш әрекеттерге итермелейтінін аңғару қиын емес. Сондықтан да болар, Ресейдің көптеген қалаларында ұстаздар мен ата-аналар Білім министрлігінің оқушыларға жыныстық тәрбие беру жөніндегі нұсқауларын орындаудан үзілді-кесілді бас тартқан. Егер біздегі ата-аналар мына оқулықты талдап қарап шықса, дәл осылай жасар еді.

Қорыта айтқанда «Валеология» жоғары оқу орындарына ұсынылатын пән. Оны қажет деп жатсақ, жыныстық сипаттаулардан арылтып, «Адам мен адамзаттың негізгі құндылықтары», «Денсаулық дегеніміз не?», «Салауатты өмір салты дегеніміз не?», «Адамның биологиялық ритмі», «Ақыл-ой еңбегі», «Тамақтану идеологиясы», «Зиянды әрекеттер» секілді тарауларын қалдыру керек. Онда да оқушыға түсінікті тілде қайта жазған жөн. Өйткені авторлар бұрыннан бар академиялық еңбектерден кесек-кесек ала салған. Шәкірт түгілі, арнаулы әзірлігі бар адамдардың өзіне ауыр.

Тоқетеріне келсек, «Валеологияны» «Пәлеологияға» айналдырған, балаларды жыныстық әрекеттерге ерте баруға итермелейтін тараулардан арылту қажет. Талап-тілегіміз осы.»,- деген сауал соңына депутат Бекболат Тілеухан да қол қойған.

(Сәуле Досжанова, т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратып отыр.)

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1500
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5675