Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2160 0 пікір 11 Қараша, 2010 сағат 05:39

Қазақстанда ветеринарияны дамытуға алдағы 3 жылға Т61 млрд қажет – Күрішбаев

Астана. 11 қараша. ҚазТАГ - Елена Преображенская. Қазақстанға ветеринария жүйесін дамытуға алдағы үш жылға Т61 млрд қажет, деп ҚР ауыл шаруашылығы министрі (АШМ) Ақылбек Күрішбаев мәлім етті.

«Барлық шараларға (ветеринария жүйесін дамытуға – ҚазТАГ) алдағы 3 жылға 61 млрд теңге қажет. Оның ішінде 28 млрд тенге жергілікті бюджеттен, 33 млрд тенге – республикалық бюджеттен», - деді А. Күрішбаев үкіметтің бейсенбі күнгі селекторлық кеңесі барысында.

Ол әрбір ауданда ветеринарлық станция салуға Т35 млрд қажет дейді. Аталған ветеринарлық станциялардың аса қауіпті эпизоотикалық аурулардың алдын алуға қажет профилактикалық шараларға қызметін сатып алу үшін Т8,5 млрд қажет. Т2,5 млрд аталған станцияларға автокөліктер сатып алуға керек.

«Малдардың қанын аса қауіпті ауруларға тексеруге 1,9 млрд теңге қажет. Ветеринарлық зертханаларды жабдықтауға 10 млрд теңге қажет. Эпизоотикалық ауруға қарсы мемлекеттік бөлімшені материалдық-техникалық жабдықтауға 160 млн теңге қажет. Ветвакцина мен ветпрепараттардың сапасын тексеруге 225 млн теңге қажет», - деді АШМ басшысы.

Одан басқа ауданда кем дегенде бір мал моласын салуға Т1,2 млрд қажет те, ал жыл сайын сол мал қорымдарын күтуге Т800 млн қажет, дейді министр.

Ауру малдарды халықтан алғанда өтемақы төлеу үшін жыл сайын Т300 млн қажет. Ветеринар мамандарды ауылға келуін ынталандыру үшін жыл сайын Т200 млн қажет.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2068
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4939
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4145