Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2109 0 пікір 11 Қараша, 2010 сағат 05:40

Әділет министрлігінің сот-медицина сарапшылары Досқалиевті тергеу оқшаулағышында қарады – газет

Алматы. 11 қараша. ҚазТАГ – Тергеу оқшаулағышының медициналық блогында жатқан бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевті ҚР әділет министрлігінің сот-медицина сарапшылары қарады, деп хабарлайды бейсенбі күні «Время» газеті.

«8 қарашада өтініш (Ж. Доскалиевтің адвокаттары тәуелсіз сараптама жүргізу туралы берген өтініш – ҚазТАГ) қанағаттандырылды, Досқалиевке мамандар келіп, өздері тексеру жасады», - деп мәлім еткен бұрынғы министрдің адвокаты Эдуард Шомпиевтің сөздерін газет келтіріп отыр.

Оның айтуынша, ресейлік дәрігерлер жүргізген тексерудің қорытындысын «назарға алуға болмайды, өйткені бұл дәрігерлерге қасақана түрде жалған мәлімет бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертілмейді, бұл үшін тек қазақстандық сот-медицина сарапшылары ғана жауапты».

Э Шомпиев инсульттан кейін 12 күн өткен соң келген ресейлік дәрігерлер «оның (инсульттың – ҚазТАГ) болғанын қуаттады» деп мәлім етті.

Журналистердің қылмыстық істі тергеу қалай жүргізіліп жатыр деген сұрағына Э. Шомпиев «дәлелдер базасы әлі қаралған жоқ, Досқалиевті қамауға алғанға дейін болған жауап алудан басқа, жауап алу шарасы жүргізілген жоқ» деп жауап берді.

Оның пікірінше, Ж. Досқалиев «денсаулық жағдайына байланысты жауап бере алмайды».

«Тергеушілер оған сұрақ қойғанда, ол әңгіме не туралы болып жатқаны туралы түсінбеген», - деді адвокат.

Сондай-ақ, ол өзінің қорғауындағы Ж. Досқалиев жатқан ТО-ның медблогында «бір медбике мен бір дәрігер бар, олар пациенттерге анда-санда кіреді» деді. Оның айтуынша, «олар азаматтық дәрігерлерді шақыртады, бірақ кімді шақыртатынын білмейміз». «Бұл дәрігерлер керек дәрілерді жазып береді, кейін оларды туыстары сатып алады», - деді Э.Шомпиев.

Бұрын хабарланғандай, қаржы полициясы Ж.Досқалиевтің адвокаттарының сот-медициналық сараптама өткізу туралы өтінішін қанағаттандырды. Адвокаттар өздерінің қорғауындағы азаматтың денсаулық жағдайын тексерместен, оны қамауға алынуына қатысты наразылық білдірген болатын.

Экс-министрдің адвокаты Эдуард Шапиев өздерінің «бұлтартпау шарасын үйдегі қамау сияқты адамгершілік жазаға өзгерту үшін соттың шешіміне қарсылық білдірмек» ойы бар екенін мәдімдеген.

12 қазанда Астананың №2 Сарыарқа аудандық сотының судьясы Галина Былқилова экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевті қамауда ұстау мерзімін 2 айға ұзарту туралы өтінішін қанағаттандырып, экс-министр Астананың тергеу оқшаулағышына ауыстырылған болатын.

Бұрын хабарланғандай, қаржы полициясы бұрынғы денсаулық сақтау министрін 21 қырқүйекте ұстап, сол күні оған қатысты қызмет бабын асыра пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1500
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5681