Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2268 0 пікір 17 Қараша, 2010 сағат 19:34

Шәріпхан Қайсар. Қазақстанды Халифатқа айналдырмақ екен...

Күллі мұсылман жамағаты қасиетті Құрбан айт мерекесін атап өтіп, айтшылап, мәз-мәйрам болып жатқанда  Kazakhstan Today  агенттігі «Экспресс К» газетіне сілтеме жасай отырып тосындау бір хабар таратты. Аталған агенттік таратып отырған хабарға құлақ түрсек, астанамыз Астананы Алла бір қатерден сақтап қалғанға ұқсайды. Неге десеңіз, зайырлы қоғамда өмір сүріп жатқан Қазақстанды әлдебір харам ниетті жандар Халифатқа айналдырмақ болып жасырын ұйым құрып жүріпті. Астана прокурорының бірінші орынбасары Есенжан Досановтың «Экспресс К»  газетіндегі сөзіне сенсек, ислам дінін бет перде еткен экстермистік топ дастархан басында мәслихат құруды, қатар тұрып намаз оқуды сылтау етіп жалдап алған пәтерлерде бас қоса берген көрінеді. Әр бас қосуда топ басшылары исламды мадақтап, христиан дінін жамандап, әйел біткен хиджаб кисін, ерлер басынан тақиясын тастамасын деп талап қойып отырыпты. Ұйымның жас, жаңа мүшелеріне Ресей федеральдық қызметі ұстап өлтірген қапқаздық терроршылардың бейнекөрсетілімдері мен өсиет сөздері насихатталып, «ислам дініне бас имегендердің басын алу керек», «күштеп сәждеге жығу керек» деген сияқты бесіктегі бала шошып оянатындай қорқынышты сөздер айтылып келіпті.

Әлгіндей өрлі-қырлы ойларын іске асыру үшін жасырын топ Астанадағы полияция қызметін басып алып, қаржы минситрлігі мен Елорданың рәмізі іспеттес «Бәйтеректі» жарып жіберуді жоспарлап қойыпты. Сөйтіп Астанадан аласапыран жасамақ болған халықаралық экстермистік топтың мүшелері көзге ілініп, тұтқындалды. Олардың алды жеті жылға, соңы төрт жылға бас бостандықтарынан айрылды.

Құдай сақтасын дейміз де... Бірақ, оңай оспақтан ұстала кетіп, харам ниеттері жария бола қалған ол қандай халықаралық экстермистік топ деген ой кәллаңды  шыр айналып өтеді екен. Өйткені, Kazakhstan Today  агенттігі таратқан хабарда экстермистік топтың аты аталмайды. Топ басшыларының аты жөндері де назардан тыс қалыпты. Неге? Әлде бұл ЕҚЫҰ-ның Астанада өтпек болып жатқан саммитінің қарасыңындағы қырағылық па, әлде, жұртты Осама Бен Ладен көлеңкесімен үрейлендірудің амалы ма? Әйткенменде, Жаркенттегі Әулие ағашты өртемек болып қаймана қазақ ортасын қарадай шулатқан әсіре діншілдердің әрекетін ойға алсаң  жаманаттан жаның түршігеді. Қазір жұрт Жаратқанның хақ діні - исламның ішіне түскен жегі құрттардың әлемді дүрліктірген әрқилы әрекеттерінен түңіліп бітті. Тығырықтан шығар жол қайсы? Осыдан бірер жыл бұрын Шымкентте Хизбут Тахрир тобының мүшелері темір торға тоғытылғанда Назарбаев «елімізді Халифатқа айналдырғысы келетін күштер бар» деген еді.  Сол күштер күш алып енді Астананы төңіректеп жүрсе оған таң қалмаймыз...

«masa.kz» сайты

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1502
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3273
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5703