Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3008 0 пікір 19 Қараша, 2010 сағат 08:26

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА. «Біз Оңтүстіктің қазақтары бөлініп жатыр деген жоқпыз»

Абай. кз-нің жігіттері, Ассалаумағалейкум! Өткен жолы сайттарыңызда «Құрылтай мен сұрқылтай» атты «Дат» жобасы бойынша жарық көріп жатқан «Общественная позиция» газетінен көшіріліп басылған мақала жарияланды. Батыста болғалы жатқан Құрылтайды кіші жүздердің Құрылтайы деген әңгіме тарапты. Соған жауап ретінде төмендегі сұхбатты жолдап отырмын.

- Қажеке, қайсыбір бейпіл ауыз басылымсымақтар батыс құрылтайын тағы да саяси, арзан ойындарға  айналдырып, іргелі қазақтың арасына іріткі салмаққа тырысып бағуда...

- Қазақтың тарихынан аз да болса хабары бар адам кемеңгер хандарымыздың жалпыны құрайтын жалқы екендігін  біледі. Еркіндік алған жылдарымызда ұлтжанды азаматтарымыздың өзі бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара алмай келеді. Өйткені, біздің дұшпандарымыз қазақтың айрандай ұюына, бірлігінің берік болуына мүдделі емес. Керек десеңіз, бір дастарханнан дәм татып, бата қайырып жүрген кейбір қандастарымыздың өзі лезде табаны тайып, тасадан тас атып жатады.

Абай. кз-нің жігіттері, Ассалаумағалейкум! Өткен жолы сайттарыңызда «Құрылтай мен сұрқылтай» атты «Дат» жобасы бойынша жарық көріп жатқан «Общественная позиция» газетінен көшіріліп басылған мақала жарияланды. Батыста болғалы жатқан Құрылтайды кіші жүздердің Құрылтайы деген әңгіме тарапты. Соған жауап ретінде төмендегі сұхбатты жолдап отырмын.

- Қажеке, қайсыбір бейпіл ауыз басылымсымақтар батыс құрылтайын тағы да саяси, арзан ойындарға  айналдырып, іргелі қазақтың арасына іріткі салмаққа тырысып бағуда...

- Қазақтың тарихынан аз да болса хабары бар адам кемеңгер хандарымыздың жалпыны құрайтын жалқы екендігін  біледі. Еркіндік алған жылдарымызда ұлтжанды азаматтарымыздың өзі бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара алмай келеді. Өйткені, біздің дұшпандарымыз қазақтың айрандай ұюына, бірлігінің берік болуына мүдделі емес. Керек десеңіз, бір дастарханнан дәм татып, бата қайырып жүрген кейбір қандастарымыздың өзі лезде табаны тайып, тасадан тас атып жатады.

Биылғы жылдың  жазында Алматы қаласында құрылтай өтті. Бірақ, біз: «Оңтүстіктің қазақтары бөлініп жатыр!» деп, атойлаған жоқпыз. Бір қазақтың мүддесі деп түсініп, жусаннан аласа, бетегеден биік күйімізде құрылтай жұмысына қатысып қайттық. Сондықтан, батыс қазақтарының бастамасы ел мүддесіне, қазақтың бірігуіне қызмет етуге тиіс. Ал, «иттің үріп, керуеннің көше беретіні» бағзыдан белгілі ғой...

- Қажеке, сіздің осындай ойран ойларыңыз бен өткір сөздеріңіз бірнеше газеттеріңіздің мүлдем жабылып қалуына және үздіксіз қысым көруіне алып келген жоқ па? Мәселен, өткен жылы  «Жұмадағы жүздесу» газетін Алматыдан шығаруға мәжбүр болдыңыз?

- Оныңыз рас. «Жұмадағы Жүздесу» газетін әлі күнге дейін жергілікті баспаханалар баспай отыр. Биыл шыққанына 10 жыл толатын басылымымыз өңірдегі қалың қазақ іздеп жүріп оқитын №1 газет. Мұндай халықтың сүйіспеншілігі мен ықыласын ешқандай билік бізден тартып ала алмайды...

Осы жылдарда көрген құқайымыз аз болмады. Мысалы, 2005 жылы соттың шешімімен жабылған газетімізді "Солай" деген атаумен қайта шығардық. Оқырманымызды шатастырып алмау мақсатында «Жүздесу» қал қалай?» деген сауал тастап, астына «Солай» деп жазып қойдық. Бұл басылым да соттың шешімімен жабылды. Кейінірек «Ақтөбедегі Жүздесу» деген атаумен қайта тіркеттік. Мұнымыздың ғұмыры да ұзаққа бармады. Қазір «Жұмадағы Жүздесу» деген атпен шығып жатырмыз. Біздің мақсатымыз - көрінгенді сынап-мінеу емес, тек еліміздің гүлденуі үшін еңбек ету. Біз әрқашан шындық үшін күрескенбіз, алдағы уақытта да солай етеміз.

- БАҚ туралы заңда тілшілерге еркін сөйлеп, ақпарат алуына толық мүмкіндік берілген. Қалай ойлайсыз, шын мәнісінде, ойыңды  ашық айтып, ақаусыз ақпарат алу мүмкін бе қазір?

- Жылына әлемде қаншама журналист әділдік пен ақиқат үшін құрбан болып жатады. Ұры-қарылар да, қылмыскерлер де, шенеуніктер де шындықтың жария болғанына жан-тәнімен қарсы. Журналистің өмірінің қауіптілігі - шахтердің немесе космонавтың өмірінің қауіптілігінен кем емес.

Сондықтан, ақпаратты қазірдің өзінде қан майданда қаңғып ұшқан оқ пен оттың ортасында жүргендей жағдайда жинайсың, ал, ақиқатты айту - өзіңе қол жұмсаумен пара-пар. Егер бір газет жабылса, екіншісі тіркеледі, қазақ: «Қорқа-қорқа батыр болдым» демей ме?!.

- Қазақ баспасөзін дамыту жолында әділ бәсекелестік орнаған ба?

- Қазақ баспасөзіне бәсекелесу өте қиын. Мемлекеттік орындардағы құжаттардың түпнұсқасы орысша әзірленеді. Яғни, орыс тілділер ақпаратты әрі дайын, әрі алғашқы болып алады. Қазақ тілділер екінші орынға шегеріліп қалады. Сол себепті, қазақ баспасөзіне жарнама мүлдем берілмейді. Осынау қысастықты биліктің өзі жасап отыр. Үкімет қазақ тілді басылымдарға мол қаржылай көмек көрсетіп, жарнама туралы заңда барлық жарнама көлемінің жетпіс пайызын қазақ тілінде бергізу туралы тәртіп енгізбесе, қазақ тілі де, қазақ баспасөзі де өгей күйінде қала береді...

- Бізде мемлекеттік сатып алу тендерлерінде әділетсіздікке кеңінен жол беріліп жатады...

- Қоғамдық ой мен тұжырымның қалыптасуына бұқаралық ақпарат құралдары тікелей әсер етеді. Өкініштісі сол, мемлекеттен тендерлерге қолы жеткен ақпарат құралдарының бәрі бұқара халықтың арман-мүддесін ашық көрсетпейді. Жаңалықтардың өзін боямалап көрсетуден танар емес.

Әкім-шенеуніктермен дастархандас БАҚ-тарға сүйенсек, елімізде жұмыссыздар мен кедейлер мүлдем жоқ, тек бақуатты һәм бақытты жандар ғұмыр кешіп жатқандай көрінеді. Шын мәнінде солай ма?.. Біздің елде парақорлықтың етек алғаны соншалық, сәбиіңді балабақшаға да тегін орналастыра алмайсың...

- Соңғы кезде «Қазақ журналистерінің Орталығын құру керек» деген  ұсыныстар айтыла бастады?

- Шынын айтсам, қашанда елдің, ұлттың қамын ойлап, шырылдап жүрген тек қазақ журналистері ғана. Орыс тілді журналистер, тіпті, мемлекеттік тіл мәселесіне келгенде де әрдайым аяқтан шалады...

Сондықтан, бұл пікірді толық қолдаймын. Барлық қазақ журналистерінің пікірлесу алаңы ауадай қажет. Мен өз тарапымнан жақын күндерде www.dat.kz деген өзімнің жеке веб-сайтымды ашпақпын. Қазақ тіліндегі "Жүздесу" интернет-радиосын тыңдағыңыз келсе, виртуалды "Жүздесу" шайханасында саясаткерлермен пікірталастырып, мәселен: «Ел басқаруға кім лайық?» тақырыбына атсалыспақ болсаңыз, онда dat.kz сайтына жиі кіріп тұрыңыз...

Сұхбаттасқан: Есен-Жомарт НҰРМАНОВ

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1500
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5671