Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2332 0 пікір 19 Қараша, 2010 сағат 08:58

Шығыс Қазақстанның Риддер қаласында қар көшкіні салдарынан сумен қамту жүйесі бұзылды

Өскемен. 19 қараша. ҚазТАГ – Громотуха өзенінің арнасындағы қардың өздігінен көшуі салдарынан Риддер қаласын суық сумен қамту бұзылды, деп хабарлайды ШҚО ТЖ жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі.

«Қар көшкіні Риддер тұрғындарының негізгі ауыз су көзі – Громотуханың арнасын бөгеп тастады. 18 қарашада сағат 17-де су жинақтағыштың арнасында және ағыс бассейніндегі судың деңгейі 78 см-ге дейін төмендеді», - дейді департаменттегілер.

Өзен суы қар массасын бұзып өткенше, өнеркәсіп кәсіпорындарын, соның ішінде Риддердің тау-кен-байыту кешенін, қалалық ЖЭО-ны сумен қамту Быструшинское су қоймасынан жүргізілуде. Ал тұрғылықты аудандарға су автоцистерналармен жеткізілуде.

Риддер қаласы үшін ауыз судың негізгі резервуары таудағы Кіші Үлбі жасанды су қоймасы болып табылады, ол жерден су Громотуха өзенінің арнасымен беріледі. Ондаған жылдар бойы жыл сайын қысқы және көктемгі қар көшкіндеріне байланысты су ағыны бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін тоқтап қалады. Сумен қамтудың балама көзін табу мақсатында Риддерде жер асты көлінен су жинау және су тарту жобасы әзірленді. Алайда жұмыстардың қымбатқа түсуіне байланысты нысанның құрылысы тоқтап қалды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1500
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5673