Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2589 0 пікір 19 Қараша, 2010 сағат 10:24

Құбаш Меңдіғалиев. Далалық ислам һәм Қазақ руханияты

Ислам дінінің адамзат дамуындағы жасампаздық рөлі орасан зор. Өйткені күллі адам баласын азып-тозудан, адами қасиетінен айырылуынан құтқарып қалған соңғы кәміл дін - ислам діні екені даусыз. Бұрынғы христиан, буддизм діндерінің киелі кітаптары, тарихи миссиялары жұмыр басты пенделер тарапынан бұрмалауға ұшырағаны мұқым елге мәлім. Жалпы діннің шынайы миссиясына бөгет болғысы келетіндер арамызда жетерлік. Бұл діннің шынайы-жалғандығын ажыратуға көп қиындық келтіреді. Ал адам баласына пайғамбарлар арқылы жіберілген діндерсіз әлемдік дамуды, саясатты, қоғамдық-мәдени өмірімізді елестету мүмкін емес.
Ислам діні - түркілердің тарихи таңдауы

Ислам дінінің адамзат дамуындағы жасампаздық рөлі орасан зор. Өйткені күллі адам баласын азып-тозудан, адами қасиетінен айырылуынан құтқарып қалған соңғы кәміл дін - ислам діні екені даусыз. Бұрынғы христиан, буддизм діндерінің киелі кітаптары, тарихи миссиялары жұмыр басты пенделер тарапынан бұрмалауға ұшырағаны мұқым елге мәлім. Жалпы діннің шынайы миссиясына бөгет болғысы келетіндер арамызда жетерлік. Бұл діннің шынайы-жалғандығын ажыратуға көп қиындық келтіреді. Ал адам баласына пайғамбарлар арқылы жіберілген діндерсіз әлемдік дамуды, саясатты, қоғамдық-мәдени өмірімізді елестету мүмкін емес.
Ислам діні - түркілердің тарихи таңдауы
VII ғасырда ислам діні қазақ даласына күштеп емес, мәдени үндестік негізінде үйлесім тауып енгізілді. Қазақ даласына ислам жая келген «Сайрамда сансыз баб, Түркістанда түмен баб» дегендей, әулие-бабтар түркілік дәстүр мен Ислам дінінің рухани өзегін бір арнаға тоғыстыра білді. Қазақтың дәстүрлі әдет-ғұрпы мен шариғат заңдары, екі дүниетаным бір-бірімен біте қайнасып қатар өмір сүріп қоймай, әл-Бируни, Ибн-Сина, әл-Фараби, әл-Хорезми, А.Иүгүнікилер соқпақ салған мұсылман ренессансына ұласты. Қожа Ахмет Ясауи салған сара жол түркі баласын біріктірді. Бір қызығы, араб халифаты орнаған елдер араб мәдениетінің ықпалына ұшыраса, қазақ даласы өзінің төл мәдениеті мен дәстүрін сақтап қалды. Яғни қазақ даласы ислам дінін түбегейлі қабылдағанымен, басы бүтін арабтанған жоқ. Ханафилік мазхаб, матуридилік мектептерді ұстанған қазақ жұрты көшпенді болмысына сай далалық үлгідегі исламды қабылдады.
Орталық Азияда Қараханидтер қағанатында Сатұқ Боғра хан ислам дінін мемлекеттік дін етіп жарияласа, моңғол дәуірі кезінде Алтын Ордада Қожа Ахмет Ясауидің шәкірттері Баба Түкті Шашты Әзиз (Баба Туклас), Садр ата, Бадр ата, Ұзын аталардың ықпалымен Өзбек хан ислам дініне мемлекеттік мәртебе берді. Шыңғыс әулеті қарахандықтар дәуірінен басталған исламдану үрдісінің аяқталуына себепкер болды деуге негіз бар. Әмір Темір бабамыз Қожа Ахмет Ясауиге кесене тұрғызып, оның қасына қазақтың хан-сұлтандары, игі жақсылары жерленді. Батыстық ғалым Дж. Тримингэмнің «орта ғасырларда түркілер мен моңғолдар үшін мешіттен гөрі исламның символы ретінде Ясауи кесенесі болды» деген сөзі шындықтан алыс болмаса керек. Қысқасы, түркі баласы Ислам дініне тарихи таңдау жасады. «Шаманизмде қалып қойған Сібірдегі кейбір түркі халықтарының өз потенциалына кең өріс ашылмай қалған жоқ па» деген ой да жоқ емес. Ноғайлы дәуіріндегі ақын-жыраулардың сунниттік исламның насихатшысы болғаны тарихтан мәлім.

Ислам неге саясиланды?
Исламның өзіндік спецификалық ерекшелігі, алғашқы кезде діни-рухани діңгек пен саяси билік қабыса бірікті. Мәселен, бірқатар араб елдері мен Иран мемлекеті тұтастай шариғатқа құрылған. Ал христиан, буддизм секілді өзге әлемдік діндер мемлекеттен ажыратылып, зайырлы қоғамға қарай бет бұрды. Қазір Еуропада діни-авторитарлық, державалық ел жоқтың қасы.
Ислам діні кең қанат жайып, өркендеген орта ғасырларда Осман империясында, сефевидтік Иранда, Үндістандағы Ұлы Моғолдар империясында мұсылмандық өз алдына саяси күш, идеологиялық діңгек ретінде қолданылды. VІІІ-ХІХ ғасырларда ислам дінін қайта реформалау, тазарту ұранымен уахаббизм идеологиясы бел ала бастады. Мұсылман елдері саналатын Осман империясы мен уахаббизм идеологиясын хош көрген Сауд Арабиясы неліктен өліспей-беріспей соғысты? Сауд Арабиясында Рашидилер династиясымен текетірескен Саудилер әулеті неге алпауыт Британиядан көмек сұрауға мәжбүр болды? Осман империясымен саяси себептермен, тәуелсіздік үшін күресті дегеннің өзінде оның қат-қабат діни астары менмұндалап тұрған жоқ па? Қазіргі Түркия Осман дәуірі кезіндегі асыл қазынаны, жәдігерлерді неге өгейсітіп отыр? Осындай Ислам ішіндегі қайшылықтарды өзге ықпалды күштерге арқа сүйемей-ақ шешуге болмас па еді? Ғажайып Үндістан елінің неге Пәкістан, Бангладеш елдеріне бөлшектеніп, Кашмир мәселесімен басы ауырып, қан жұтып отырғанының түйінін кім тарқатып бере алады? Шииттік Иранның сунниттік исламға әу бастан оппозициялық ұстанымда болғанын немен түсіндіруге болады? Ислам атын жамылған әртүрлі ағымдардың «идеологиялық соғысы» әлі аяқталған жоқ. Теріс ағымдардың арасынан өзін пайғамбар, Махди деп жариялағандар да табылды. Әлі күнге дейін кейбір ислам елдеріндегі дарға асу, қол-аяғын кесу, таспен өлтіру сияқты ортағасырлық шариғат заңдарына неге тосқауыл қойылмай келеді? Пайғамбарлар мекені қасиетті Құдыс - Йерусалим аймағы, дін өркендеген Бағдад, талай әулиелер шыққан Ауғанстан жеріндегі соғыс, қантөгістер қияметке жалғаса бере ме? Айдың-күннің аманында жихадшыл жанкештілер қайдан шықты?
Ресейдегі стратегиялық қауіпсіздікке жәрдемшілік аймақаралық қоғамдық қорының мәліметіне қарағанда, олардың тізіміндегі 104 лаңкестік ұйымдардың барлығы дерлігі ислам атын жамылған топтар болып отыр. Қаптаған лаңкестік ұйымдар ислам дінін жамылуға неге әуес? Осындай келеңсіз құбылысқа тосқауыл қоя аламыз ба? Бұлардың бәрі пәк ислам дініне қара күйе жағуға жетерлік мысалдар. Қалай дегенмен, айрандай ұйыған саф ислам әлемін ыдыратуға батыстық агенттердің аз жұмыс істемегені анық.
Ой-тұжырым

Жаһандану заманында Тәуелсіз Қазақстан көптеген рухани қауіп-қатерлермен күресу үшін тарихи таңдауына қайта оралуы тиіс. Бұл үшін ислам дінінің сансыз рухани потенциалын Қазақстанның гүлденуіне жұмсай білуіміз қажет.
«Алаш айнасы» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5666